Облыс әкімінің орынбасары

                                    Ғалымжан Кенжешұлы Әбдiхалықов

                                    телефон: 8 (7162) 29-72-78

                                                                                               

 

 

Ғалымжан Кенжешұлы Әбдiхалықов, 1964 жылы туған, Ақмола облысы Бiржан сал ауданының тумасы. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын және Д.А. Қонаев атындағы университеттi бiтiрген.

Еңбек жолын 1985 жылы Көкшетау облысы, Еңбекшiлдер ауданы Мамай кеңшарында бас ветеринарлық дәрiгер лауазымынан бастады.

1988-1999 жылдары Щучинск ауданының Мәдениет кеңшарында директор, Юрьевск кеңшарында директор болып жұмыс iстедi.

1999-2008 жылы салық, қаржы полициясы, ҚР IIМ органдарында қызмет атқарды.

2008-2018 жылдары ҚР Президентi Iс Басқармасының ведомстволарында түрлi жауапты лауазымдарда iстедi.

2018-2019 жылдары «Бурабай» мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiнiң директоры болды.

2019 жылғы шiлдеде Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын, Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын (екiншi бағыты), Астана қаласының төңiрегiнде азық-түлiк белдiгiн дамытудың 2015-2018 жылдарға арналған кешендi бағдарламаны жүзеге асыру.

Ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсiп кешенiнiң, ветеринария, су қатынастарының, табиғи ресурстарды пайдаланудың, қоршаған ортаны қорғаудың мәселелерi.

Көктемгi-егiстiк және егiн жинау жұмыстарын қаржыландыру мәселелерi.

Жер қатынастары мәселелерi.

Бағбаншылықты, бақшашылықты және саяжай шаруашылығын дамыту мәселелерi.

Астана қ. айналасында жасыл желектi дамыту мәселелерi.

Қадағалайтын салаларында облыс әкiмiнiң алғыс хаттарымен, құттықтау хаттарымен марапаттау мәселелерi.

Қадағалайтын салаларында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстердi қарау.

Қадағаланатын салаларда мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiктiң мәселелерi.

Қадағаланатын салаларда инвестицияларды тарту мәселелерi.

Қадағаланатын салаларда мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi.

Қадағалайтын салаларында шағын кредиттеу мәселелерi.

Қадағалайтын салаларында қаражаттың игерiлу мәселелерi.

Қадағалайтын салаларында жобалық басқару мәселелерi.

Қадағалайтын салаларында цифрландыру мәселелерi.

Қадағалайтын салалары бойынша:

ҚР Елбасы, ҚР Президентi Әкiмшiлiгi, ҚР Үкiметi, ҚР Премьер-Министрi Кеңсесi, облыс әкiмi және әкiмдiгi тапсырмаларының орындалуын;

республикалық және облыстық деңгейде жүргiзiлiп жатқан мемлекеттiк органдар қызметтерiнiң тиiмдiлiгiн бағалауды;

Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау.

Өзара әрекет етедi:

республикалық деңгейде: ҚР Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен, ҚР Премьер-Министрiнiң Кеңсесiмен, министрлiктермен, өзге де орталық мемлекеттiк органдармен;

өңiрлiк деңгейде: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Ақмола облыстық аумақтық инспекциясымен, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi Экологиялық реттеу және бақылау комитетiнiң Ақмола облысының экология департаментiмен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ақмола аумақтық агроөнеркәсiп кешенiндегi инспекциясымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң Ақмола облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң «Республикалық ветеринариялық зертханасы» РМҚК облыстық филиалымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөнiндегi Есiл бассейiндiк инспекциясымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлiгi Су ресурстары комитетiнiң су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөнiндегi Нұра-Сарысу бассейндiк инспекциясымен, “Қазагромаркетинг” АҚ, “Азық-түлiк корпорациясы” ҰК” АҚ, “Қазагроқаржы” АҚ, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ, “Аграрлық кредиттiк корпорация” АҚ филиалдарымен, Көкшетау аңшылар және балықшылар ауданаралық қоғамымен, Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының «Бурабай» МҰТП, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман шаруашылығы және жануарлар әлемi комитетiнiң «Бұйратау» МҰТП, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман шаруашылығы және жануарлар әлемi комитетiнiң «Көкшетау» МҰТП, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман шаруашылығы және жануарлар әлемi комитетiнiң «Қорғалжын мемлекеттiк ұлттық табиғи қорығы» РММ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман шаруашылығы және жануарлар әлемi комитетiнiң «Сандықтау оқу-өндiрiстiк кәсiпорны» МҰТП, «Жасыл аймақ» РМК, «Есiл» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы — «Жер кадастрының ғылыми-өндiрiстiк орталығы» департаментiмен.

Үйлестiредi: Ақмола облысы ветеринария басқармасының, Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының, Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, Ақмола облысы жер қатынастары басқармасының, Ақмола облысы жерлердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының, облыс әкiмi аппараты ауыл шаруашылығы салаларын талдау бөлiмiн.

Басқарады: жер учаскелерiн беру мәселелерi жөнiндегi комиссияны, ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға орман ресурстарын беру жөнiндегi тендерлiк комиссияны, аңшылық шаруашылықтарды бекiтiп беру жөнiндегi комиссияны, балық шаруашылығы су қоймаларын бекiтiп беру жөнiндегi комиссияны, терең өңделуiмен өнiмдердi өндiру үшiн ауыл шаруашылығы өнiмiн салып алуға қайта өңдеу кәсiпорындарының шығындарын субсидиялау жөнiндегi комиссияны, инвестициялық салымдар кезiнде агроөнеркәсiп кешенi субъектiлерi шығындарының бөлiгiн өтеудi жүзеге асыруға өтiнiмдердi қарау жөнiндегi комиссияны, кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтардың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша ынталандыру ставкаларын субсидиялауға өтiнiмдердi қарау жөнiндегi комиссияны, агроөнеркәсiп кешенi субъектiлерiн қаржылық сауықтыру бағытының аясында кредиттiк және лизингiлiк мiндеттемелер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау жөнiндегi комиссияны.

Құрылған күні: 16.11.2015 11:23
Жаңартылған күні: 05.07.2019 09:39
Қаралым саны: 31997
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус