Облыс әкімінің орынбасары

                              Мұратұлы Асқар 

                              телефон: 8 (7162) 29-72-80

                                               

 

 

 

Мұратұлы Асқар, 1976 жылы туған, бiлiмi жоғары, 1998 жылы Шығыс Қазақстан техникалық университетiн инженер-экономист мамандығы, 2003 жылы Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетiн инженер мамандығы бойынша бiтiрдi.

Еңбек жолын 1998 жылғы шiлдеде Шығыс Қазақстан облысы сауда және қызмет көрсету департаментiнiң инспекторы болып бастады.

Әр жылдары «Қазавтожол» РМК Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстық филиалдарының директоры болып қызмет атқарды.

2007-2012 жылдары Астана қ. жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы бастығы орынбасарының, ҚР Көлiк және коммуникация министрлiгiнде сарапшының, Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы бастығы орынбасарының лауазымдарын атқарды.

2012-2015 жылдары Ақмола облысы жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы басшысының лауазымында жұмыс iстедi.

2015-2017 жылдары — Зерендi ауданының әкiмi.

2017-2019 жылдары Ақмола облысы жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы басшысының лауазымында болды.

2019 жылғы сәуiрде Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды.

Облыс әкiмiнiң орынбасары
Мұратұлы Асқар 

• «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын, тұрғын үй құрылысының «Нұрлы жер» бағдарламасын, Астана қаласына iргелес елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2020 жылға дейiнгi кешендi жоспарын, Қазақстан Республикасы өндiрiстiк күштерiн орналастыру схемасын жүзеге асыру.

• Астана агромерациясын дамытудың 2020 жылға дейiнгi өңiраралық iс-шаралар жоспарының аясында инфрақұрылымды дамыту мәселелерi.

• Сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерi.

• «Мекенжай тiзiлiмi» МДБ жүргiзу мәселелерi.

• Транзит, логистика дамыту мәселелерi;

• Көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымды дамыту мәселелерi.

• Жол қозғалысының қауiпсiздiгi мәселелерi.

• Жолаушылар тасымалдауын ұйымдастыру мәселелерi;

• Байланыс мәселелерi.

• Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сондай-ақ оны жаңғырту мәселелерi;

• Жылу беру маусымына дайындалу және өткiзу мәселелерi;

• Энергетика, коммуналдық қызмет және энергия үнемдеу, ҚТҚ басқару және өңдеу мәселелерi.

• Тұрғын үй қатынастары, соның iшiнде өңiрлердiң тұрғын үй қоры мәселелерi.

• Елдi мекендердi абаттандыру мәселелерi;

• Сумен қамсыздандыру және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерi.

• Iрi, топтық су құбырларының қызмет ету мәселелерi.

• Елдi мекендер үшiн жер асты суларын iздестiру мен барлау жұмыстары мәселелерi.

• Щучинск-Бурабай курорттық аймағын инженерлiк инфрақұрылым салу бөлiгiнде дамыту мәселелерi.

• Тарифтiк саясат мәселелерi.

• Бәсекелестiктi дамыту және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мәселелерi.

• Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар мәселелерi.

• Жұмылдыру дайындығының, аумақтық қорғаныстың мәселелерi.

• Ғарыш қызметi саласының мәселелерi.

• Мерзiмдiк әскери қызметке шақыру мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында облыс әкiмiнiң алғыс хаттарымен, құттықтау хаттарымен марапаттау мәселелерi;

• Қадағалайтын салаларындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау;

• Қадағалайтын салаларындағы мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларына инвестициялар тарту мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларындағы мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында қаражаттың игерiлу мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында жобалық басқару мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында цифрландыру мәселелерi.

Құрылған күні: 16.11.2015 11:19
Жаңартылған күні: 05.07.2019 09:42
Қаралым саны: 31992
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус