Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысы прокуратурасының Басқарма бастығы Мұрат Есімбекұлы Әбішевтің Бірыңғай есеп күніне арналған тезис баяндамасы

ҚАЙЫРЛЫ КҮН ҚҰРМЕТТI КӘСIПКЕРЛЕР!
ЖИНАЛЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР!

Қазақстан Республикасы Президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастығының алдында бүгiн бүкiл республика бойынша Бiрыңғай есеп күнiдеп белгiленгенi Сiздерге мәлiм. Аталған iс-шара алғаш рет өткiзiлiп, кейiннен жыл сайын тұрақты негiзде өткiзiлетiн болады.

Прокуратура органдары жұмысының негiзгi бағыттарының бiрi кәсiпкерлiктi қорғауға бағытталған заңдардың қолданылуын қадағалау болып табылады.

Осы мақсатта прокуратура және «Атамекен» кәсiпкерлiк палатасы арасында бизнес субъектiлерiнiң жүйелiк мәселелерiн анықтау және шешу бойынша ынтымақтастық Жол картасы iске асырылуды.

Ағымдағы жылдың шiлде-тамыз айларында Мен бекiткен кесте бойынша бiз Палатамен бiрлесiп облыстың 14 ауданы мен 1 қаласында кәсiпкерлермен «Ашық диалог» форматында кездесу өткiздiк. Кездесудiң мақсаты-бизнестiң жүйелi мәселелерiн, әкiмшiлiк кедергiлерiнанықтау болып табылады.Iс-шараға 700-ден астам кәсiпкер қатысты.

Айтылған мәселелер шеңберi өте кең болды. Бiздiң өңiр аграрлық болып табылады. Сондықтан кәсiпкерлердi жер, ауыл шаруашылығы, субсидиялау, салық, тарифтер мәселелерi қызықтырды.

Мысалы, аудандардың бiрiнде өткен кездесуде кәсiпкер мұрагерлiк бойынша алынған жер телiмiн ресiмдей алмайтындығына шағымданды. Прокуратура органдарының араласуы нәтижесiнде бүгiнгi күнi жер комиссиясы жер телiмiн беру туралы оң шешiм шығарды.

Кездесулерде айтылған барлық мәселелер бойынша бiз тиiстi түсiнiктеме бердiк, ал жекелеген өтiнiштер бойынша оларды шешу жөнiндегi iс-шаралар жоспары жасалды.

Бiз тұрақты негiзде бизнес мәселелерiн талқылау үшiн «Атамекен» палатасы кеңесiнiң бiрлескен отырыс — алаңдарына қатысамыз.

Сонымен қатар, бiр жарым жыл iшiнде прокуратура органдары 54 заңсыз тексерудiң алдын алды.

Ағымдағы жылы бiз кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексеру жүргiзген жоқпыз, сонымен қатар прокуратураның талабы бойынша уәкiлеттi органдар бизнес субъектiлерiне 15 тексеру жүргiздi немесе өткен жылға қарағанда 57% — ға аз (әдетте бұл салық және жер заңнамасының сақталуына қатысты тексерулер).

Экономикалық қылмыстық iстер бойынша қадағалауды жүзеге асыруға қатысты осы саладағы қылмыстардың төмендегенiн атап өткен жөн.

Ағымдағы жылдың 8 айында экономикалық қызмет саласында 19 қылмыстық құқық бұзушылық тiркелдi, ал өткен жылдың осы кезеңiнде бұл көрсеткiш 54-тi құрады немесе 54% — ға төмендедi. Әдетте, қазiргi уақытта кәсiпкерлердi тұтқындау (айқын көлеңке үшiн 6 баптан басқа), алғаш рет қылмыс жасаған адамдарды босату алынып тасталды, «Жалған кәсiпкерлiк»бабы қылмыстық сипаттан арылтылды.

Прокуратура органдарына бизнес субъектiлерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау туралы көптеген өтiнiштер келiп түсетiнiн атап өткен жөн, олар өз кезегiнде мәнi бойынша қарау үшiн уәкiлеттi органдарға жiберiледi.

Сiздердiң назарларыңызды, 2017 жылғы 30 маусымда Прокуратура туралы жаңа заң қабылданғанына, соған сәйкес прокуратура органдары өтiнiштердi тек 3 жағдайда қарастыратынына аударғым келедi:

-физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өзi дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың;

-шектелмеген адамдар қатарының;

-егер бұл адамдардың өмiрi, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi үшiн орны толмас зардаптың алдын алуға қажет болса, адамдардың, қоғамның және мемлекеттiң.

Осыған байланысты тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң сапасын көтеру үшiн кәсiпкерлерге «бiр сала — бiр одақ» қағидаты бойынша одақтарға бiрiгудi ұсынғым келедi.

Баяндама аяқталды. Назарларыңызға рахмет.

Құрылған күні: 09.10.2019 13:50
Жаңартылған күні: 09.10.2019 13:50
Қаралым саны: 145