Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Саласының жағдайы туралы ағымдағы ақпараты

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2019 жылдың
қаңтар — шiлде аралығындағы Ақмола облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуы

Экономика

2019 жылғы шiлде айына ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жалпы шығарылымы 100692,3 млн.теңгенi құрады, оның iшiнде: өсiмдiк шаруашылығы — 4 312,5 млн. теңге, мал шаруашылығы — 96241,8 млн. теңге. Нақты көлем индексi — 111,4%.

Өсiмдiк шаруашылығы

Ақмола облысында 2019 жылы 4,8 млн га алқапта жаздық егiс өткiзу жоспарлануда, оның iшiнде: дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар 4,3 млн га алқапта орналастырылатын болады.

Ағымдағы жылы майлы дақылдар алқабы 260,5 мың га құрайды, мал азықтық дақылдардың жалпы көлемi — 178,2 мың га құрайды. Жалпы облыс бойынша мал азығының жалпы ауданы (өткен жылдардағы көпжылдық шөптердi есепке алғанда) — 677,1 мыңга құрайды.

Жұртшылықты есепке алғанда картоп пен көкөнiстердi отырғызу алаңы — 17,4 мың га және 3,8 мың га құрайды.

Жалпы, 2019 жылы жоспарланған ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алқабы өткен жылдың көрсеткiштерi мен егiс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жөнiндегi Меморандум деңгейiнде болады.

Қазiргi уақытта облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерi арамшөптерге қарсы химиялық жұмыстарды 4,1 млн га алқапта немесе жоспарға 105,9% аяқтады. Сонымен қатар, бүгiнде аурулар мен зиянкестерден қорғау шаралары толығымен орындалды.

Ауыл шаруашылығы техникасын дайындау

Ағымдағы жылдың егiс науқанына 8,4 мыңнан астам астық тұқым сепкiштер және 3512 бiрлiк өнiмдiлiгi жоғары егiс кешендерi қатысатын болады ,сонымен қатар 2504 жатка бiрлiгi.

Шөп шабу науқанына — 1035 дана шөпшабқыш, тырма — 714 бiрлiк, жинаушылар — 493 бiрлiк, жинақтаушылар — 744 бiрлiк қатысады.

Техника дайындығы 100% құрайды.

Мал шаруашылығы

Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы IҚМ басының жалпы саны 2019 жылғы 1 тамызға жағдай бойынша 466,4 мың басты құрайды (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 104,5 %), оның iшiнде сиыр басы — 219,9 мың бас (106,5 %).

Жылқы басы 204,3 мың басты (108,9 %), құс — 8094,0 мың басты (122,8 %) құрады.

Қой мен ешкi басы 589,8 мың басты (101,1 %), шошқа 111,0 мың басты (94,1 %) құрады.

Облыста тiрi салмақтағысойылған етi 80,0 мың тонна (129,3 %), сауылған сүт — 237,6 мың тонна (103,2 %), жұмыртқа — 519,2 млн.дана (99,0 %) өндiрiлдi.

Бордақылау алаңдары

Кондициялық малдың қажеттi көлемiн қалыптастыру үшiн облыста бордақылау алаңдарының желiсi жұмыс iстейдi, оның 7-i бiр мезгiлде бордақылаудың жалпы қуаттылығы 21,5 мың бас (Аршалын ауданының «Renaissance compani» ЖШС, Ерейментау ауданының «Ерейментау Ақбас» ЖШС, Зерендi ауданының «Щучинский ГМЗ» ЖШС, Қорғалжын ауданының «Агро Экспорт ЛТД» ЖШС, Жақсы ауданының «Новокиенка» ЖШС, Шортанды ауданының «Новокубанское» ЖШС, Есiл ауданының «Заречное» ЖШС, Целиноград ауданының «Агропарк» ЖШС).

Iрi қара мал етiнiң экспорттық әлеуетiн дамыту бағдарламасы аясында арнайы бордақылау алаңдарына қойылған бұқашықтардың жалпы саны 2019 жылғы 23 тамызда жалпы облыс бойынша 10 437 басты құрады (45,9 %).

Тұқымдықтүрлендiру

Тұқымдық түрлендiрудi жүргiзу бойынша iс-шаралар орындалуда. Нәтижесiнде 2019 жылғы 13 тамызда жағдай бойынша бұл процесске 53,6 мың аналық бас немесебарлықаналық мал басының 25,8%-ы тартылған.

Азық-түлiк белдеуi шеңберiнде инвестициялық жобаларды iске асыру

Нұр-сұлтан қ.төңiрегiндегi азық-түлiк белдеуi бойынша 2019 жылы 10,3 млрд. теңгеге 10 инвест жобаны iске асыру жоспарлануда, оның iшiнде:

АҚК құрылысы бойынша 3 жоба:

- «Көкше Престиж Бидай» ЖШС, Көкшетау қ.;

- «Ново-Приречное» ЖШС, Есiл ауданы;

- «WESSAR» ЖШС, Целиноград ауданы.

Көкөнiс қоймасы мен жылыжай кешенiнiң құрылысы бойынша 2 жоба:

- «ABBAS GROUP» ЖШС, Ерейментау ауданы;

- «Наиль-Астана» ЖШС, Аршалы ауданы.

ұн өндiру бойынша 1жоба:

- «Урожай» ЖШС, Жақсы ауданы.

Ет өндiру бойынша 3 жоба:

- «Әрiп Агро» ЖШС, Атбасар ауданы;

- «Блиц Терминал» ЖШС, Зерендi ауданы (құс етi);

- «Асыл Тағамдар» ЖШС, Целиноград ауданы.

сүт өндiру бойынша 1 жоба:

- «FamilyFarm» ЖШС, Целиноград ауданы.

Сонымен қатар,2018 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елорда төңiрегiндегi Азық-түлiк белдеуiн дамыту жөнiндегi пилоттық режимде ҚР АШМ енгiзудiң жобалық офисiмен бiрге облыстың 9 ауданында 92 жоба белгiлендi. Оларды iске асырудағы негiзгi бағыттардыңбiрi сүт, ет өндiрiсiн арттыру және оларды елорданың азық-түлiк нарығына жеткiзу болып табылады.

Сонымен, қазiргi уақытта облыс бойынша:

- жалпы сомасы 3,8 млрд. теңгеге 37 жоба бойынша қаржы қаражаты берiлдi (оның iшiнде 29 жоба iске асырылды: Ақкөл — 3 (ет фермасы), Аршалы — 3 (ет фермасы), Бiржан сал — 2 (ет фермасы) Бұланды — 3 (1 сүт фермасы және 2 ет фермасы), Бурабай — 10 (1 СТФ және 9 ет фермасы), Зерендi — 3 (ет фермасы), Целиноград — 3 (1 ешкi шаруашылығы, 1 бордақылау алаңы, 1 ет фермасы), Шортанды — 2 (1 сүттi қайта өңдеу, 1 сүттi пакеттеу).

Жалпы, жобалық басқару стандарттарына сәйкес iрiктелген жобаларды iске асыру жобаны iске асырудың басынан бастап жобаны қолданысқа енгiзу кезеңiне дейiн толығымен сүйемелдеуге мүмкiндiк бередi.

Қайта өңдеу

Ақмола облысында өндiрiстiк қуаттылығы жылына 62,5 мың тонна ет өңдейтiн 15 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 146,8 мың тонна сүт өнiмдерiн өндiретiн 15 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 960,0 мың тоннаны құрайтын 47 ұн тарту кәсiпорны, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 49,3 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтiн 8 кәсiпорын бар.

2019 жылдың 7 айында 57,2 млрд.теңге сомаға азық-түлiк өнiмдерi өндiрiлдi (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 114,8%).

Ет өнiмдерi өндiрiсiнiң өсуi байқалды, ол 21,1 млрд.теңгенi (2018 жылдың ұқсас кезеңiне 159,7%), ұн — 9,5 млрд. теңгенi (2018 жылға 116,1%).

Тамақ өнiмдерiн өндiру құрылымында негiзгi үлестi ет өңдеу саласы — 36,9%, астық өңдеу — 16,6%, сүт — 16,1%, нан-өнiмдерi — 5,1%, өзге салалар — 25,3% алады.

Еттi қайта өңдеу

Осы кәсiпорындарымен және цехтар табиғи түрде 28,8 мың тонна ет өндiрдi, 2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 96,9 % — ға ұлғайды, шұжық өнiмдерi өндiрiсiнiң көлемi 1,3 мың тоннаны құрады, 2018 жылдың деңгейiнде.

Ет өңдеу кәсiпорындарының жүктелiмi орташа есеппен 74% — ды (2018 жылы — 72,1%) құрады.

Сүттi қайта өңдеу

Өңделген сүт өндiрiсiнiң көлемi 38,3 мың тоннаны құрады, 2018 жылдың сәйкес деңгейiнен 4,9% — ға өстi, ашымал сүт өнiмдерi 2,9 мың тонна, 2018 жылмен салыстырғанда 7% — ға өстi.

Өңделген сүт өндiру бойынша сүт өңдеу кәсiпорындарының жүктелiмi 61,4% (2018 жылы — 58,6%) құрады.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу

14,8 мың тонна өсiмдiк майы өндiрiлдi, 2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 17,3% төмендедi.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу кәсiпорындарының қуаттылықтар жүктелiмi орта есеппен 53,4% құрады (2018 жылы — 64,6%).

Ұн өндiру

Ұсақ тартылған ұн 201,2 мың тонна өндiрiлдi немесе 2018 жылға қарай 19,8% — ға ұлғайды.

Ұн өндiру бойынша кәсiпорындардың жүктелiмi 38,2% құрады (2018 жылы — 31,9%).

Ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiк туралы

Бүгiнгi таңда облыс аумағында жануарлардың аса қауiптi аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай бiр қалыпты, бұл мал шаруашылығы саласында бағдарламаларды сәттi жүзеге асыруға және облысымыздың аумағында өндiрiлетiн өнiм мен шикiзатты тыс жерлерге еркiн шығаруға мүмкiндiк бередi.

Ветеринариялық препараттармен қамтамасыз етiлуi жоспарлы көктемгi ветеринариялық профилактикалық iс-шараларды ақпан айының ортасынан бастауға мүмкiндiк бердi, бұл олардың жоспарға сәйкес толық аяқталуын қамтамасыз етедi.

Облыс бойынша қан сынамаларын алу мен зертханаларға жеткiзу және ауыл шаруашылығы жануарларының вакцинациясы бойынша бiрiншi жартыжылдықтың ветеринариялық iс-шаралары бекiтiлген жоспарларға сәйкес орындалды. Бруцеллезге IҚМ-нiң 311,5 мың басы тексерiлдi немесе бiрiншi жартыжылдықтың жоспарынан 107%, 783 IҚМ басы оң әрекет көрсеттi, ҰМ-ның 412,6 мың басы немесе 106%, 230 бас оң әрекет көрсеттi. Барлық оң әрекет көрсеткен жануарлар заңнамаға сәйкес санитариялық союға және қайта өңдеуге тапсырылады.

Құтыруға қарсы вакцинация, эхинококкозға қарсы дегельминтизация, қарасанға, сiбiр жарасына, нодулярлы дерматитке қарсы вакцинация, туберкулез және маңқаға қарсы диагностикалық зерттеулер өткiзiлдi.

172 объектiде 20,0 мың шаршы метр алаңда оң әрекет көрсеткен малдар ұсталған үй-жайларда мәжбүрлi дезинфекциялау жүргiзiлдi.

Басты мiндеттердiң бiрi АШЖБ дерекқорын порталды режимде жүргiзумен ауыл шаруашылығы жануарларының нақты мал басын есепке алу болып табылады.

Бүгiнгi таңда IҚМ 80%-ға (жылдық жоспар 157,665 мың бас кезiнде 126,1 мың бас бiрдейлендiрiлдi), ҰМ және шошқа 68%-ға (жылдық жоспар 220,840 мың кезiнде 151,3 мың бас, шошқалар жоспар 48,832 мың бас кезiнде 33,2 мың бас) және жылқы 16%-ға (жоспар 36,796 мың бас кезiнде 6,0 мың бас) бiрдейлендiрiлдi. Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру бойынша жұмыс Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейiн жалғастырылатын болады.

Облыс аумағында эпизоотиялық амандықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

2019 жылдың өткен мерзiмiнде мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерлермен жеке және заңды тұлғаларға орындау үшiн 584 ұйғарым берiлдi.

Ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды қамтамасыз ету бойынша iс-шараларды өткiзу нәтижесiнде 2,3 млн. теңге сомасына 70 жеке және заңды тұлғалар әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

Ветеринариялық қауiпсiздiк мәселелерi облыс әкiмдiгiнiң тұрақты бақылауында.

ҚР АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының Ақмола облысы бойынша
2019 жылғы қаңтар-наурыздағы iске асырылуының барысы туралы ақпарат

Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмi

2019 жылғы наурыз айында ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жалпы шығарылымы 33 444,0 млн.теңгенi құрады, оның iшiнде: өсiмдiк шаруашылығы — 462,0 млн. теңге, мал шаруашылығы — 32 981,0 млн. теңге. Нақты көлем индексi — 114,9%, оның iшiнде өсiмдiк шаруашылығының НКИ — 100,0%, мал шаруашылығының НКИ — 115,1% құрады.

АӨК еңбек өнiмдiлiгiнiң өсiмi 13,1%-ға (2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте, с.i. ауыл шаруашылығы 11,7%-ға, тамақ өнiмдерiн өндiру 9,0%-ға), ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң экспорты 13,8%-ға өстi (2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда — 1607,0 мың тонна 293,0 млн.долл. АҚШ).

Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны облыстың еңбекке қабiлеттi халқының арасынан 30,3%-дан астамы жұмыспен қамтылған (барлығы 407,6 мың адам, оның iшiнде ауыл шаруашылығында — 123,6 мың адам).

2018 жылғы ауыл шаруашылығы саласында орташа жалақы 2017 жылға қарай 8,9% ұлғаюымен 110 664,0 теңгенi құрайды (101,6 мың теңгеден 110,6 мың теңгеге дейiн). Бұл көрсеткiш республика бойынша облыстар арасында шығынды болып табылады.

Мемлекеттiк қолдау

2019 жылы қайтарылмайтын мемлекеттiк қолдау ретiнде 2018 жылғы деңгейден 1,2 есе жоғары 35,7 млрд. теңге бөлiндi (2018 жылы — 28,6 млрд. теңге), оның iшiнде:

- өсiмдiк шаруашылығына — 11,3 млрд. теңге (гербицидтердiң қолжетiмдiлiгiн арттыруға — 9,1 млрд. теңге, тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға — 1,7 млрд. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға — 0,6 млрд. теңге);

- мал шаруашылығына — 4,7 млрд.теңге (асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялау — 4,6 млрд. теңге, шағын несие бойынша iшiнара кепiлдiк беру — 0,05 млрд. теңге, микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау — 0,01 млрд. теңге, тексеру одақтарын субсидиялау — 0,05 млрд. теңге);

– инвестициялық салымдарға және қайта өңдеудi субсидиялауға шамамен 8,7 млрд. теңге (инвестициялық салымдарға — 8,4 млрд. теңге, қайта өңдеу кәсiпорындарының шығындарын субсидиялауға — 0,2 млрд. теңге, дайындаушы ұйымдарын субсидиялауға — 0,09 млрд. теңге, сақтандыруға — 0,05 млрд. теңге);

– қаржылық сауықтыруға және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң орнын толтыруға — 10,9 млрд. теңге (қаржылық сауықтыруға — 4,2 млрд.теңге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң орнын толтыруға — 6,7 млрд. теңге).

2019 жылға қосымша қажеттiлiк 8,3 млрд. теңгенi құрайды (оның iшiнде өсiмдiк шаруашылығы — 2,0 млрд. теңге, мал шаруашылығы — 5,5 млрд.теңге, қайта өңдеу — 0,8 млрд. теңге).

Ауыл шаруашылығының негiзгi капиталына салынған инвестициялар

Облыс ауыл шаруашылығының негiзгi капиталына салынған инвестициялар 2,8 млрд. теңгенi немесе 2018 жылғы деңгейге 69,1% құрады, оның iшiнде:

- меншiктi қаражат — 1,8 млрд. теңге;

- банк кредиттерi — 0,08 млн. теңге;

- басқа қарыз қаражаты — 0,8 млн. теңге.

Өсiмдiк шаруашылығы

Ақмола облысында 2019 жылы 4739,5 мың га алқапта жаздық егiс жүргiзу жоспарлануда, оның iшiнде дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар 4306,7 мың га алқапта (бұл өткен жылдың көрсеткiштерiнен 5,4 мың га төмен) орналастырылатын болады.

Бұл ретте негiзгi азық-түлiк дақылы жаздық бидай 3606,7 мың га алқапта егiледi (Меморандум көрсеткiштерiнен 8,0 мың га төмен).

(арпа — 593,3 мың га, сұлы — 48,4 мың га, тары — 0,5 мың га, қарақұмық — 0,3 мың га, нут — 4,3 мың га, бұршақ — 14,3 мың га және жасымық — 38,1 мың га).

Ағымдағы жылы майлы дақылдар алқабы 247,6 мың га құрайды (Меморандум көрсеткiштерiнен 356 га жоғары), бұл майлы дақылдарды өсiру технологиясын қатаң сақтай отырып, өңiрде майлы тұқымдарды өндiру көлемiн ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.

Мал азығы дақылдардың жаздық егiсiн 163,9 мың га алқапта жүргiзу жоспарлануда (Меморандум көрсеткiштерiнiң деңгейiнен 2,7 мың га жоғары). Жалпы облыс бойынша мал азығының жалпы ауданы (өткен жылдардағы көпжылдық шөптердi есепке алғанда) 662,8 мың га құрайды, бұл ретте мал азығы дақылдарының үлес салмағы егiстiкте (егiстiк 5708,8 мың га) 11,6% құрайды.

Жұртшылықты есепке алғанда картоп пен көкөнiстердi отырғызу алаңы 17,4 мың га және 3,9 мың га құрайды.

Жалпы 2019 жылы жоспарланған ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiк алқабы өткен жылдың көрсеткiштерi мен егiстiк алқаптарының құрылымын әртараптандыру жөнiндегi Меморандум деңгейiнде болады.

Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы

Ағымдағы жылдың егiс егу науқанына 16,1 мыңнан астам астық тұқым сепкiштер және өнiмдiлiгi жоғары 1243 егiс кешенi қатысатын болады, олармен ағымдағы жылы 65% астық танабын егу жоспарланып отыр, бұл ылғал сақтау технологиялары бойынша егiстiк алқабын 3,3 млн. га дейiн жеткiзуге мүмкiндiк бередi.

2019 жылғы 15 сәуiрдегi жағдай бойынша ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 100,0% құрайды.

Мал шаруашылығы

Статистикалық деректер бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы IҚМ басының жалпы саны 2019 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша 487,4 мың мал басын құрайды (2018 жылдың тиiстi кезеңiне 104,0 %), оның iшiнде сиыр — 216,5 мың мал басы (103,0 %).

Жылқы 189,5 мың (109,1 %), құс 7475,4 мың басты (122,9 %) құрады.

Қой мен ешкi саны 630,4 мың (103,3 %), шошқа 129,6 мың басты (96,2 %) құрады.

Облыста тiрi салмақта 33,4 мың тонна ет (129,4 %), 61 мың тонна сүт сауылды (104,1 %), 211,2 млн.дана жұмыртқа өндiрiлдi (102,2 %).

Бордақылау алаңдары

Кондициялық малдың қажеттi көлемiн қалыптастыру үшiн,олардың 7-i бiр мезгiлде бордақылаудың жалпы қуаттылығы 19,0 мың басты құрайтын, мал бордақылау алаңдарының iрi желiсi жұмыс iстейдi (Зерендi ауданының «Щучинск ГМЗ» ЖШС, Қорғалжын ауданының «Агро Экспорт ЛТД» ЖШС, Жақсы ауданының «Новокиенка» ЖШС, Астрахан ауданының «Колутон-04» ЖШС, Шортанды ауданының «Новокубанское» ЖШС, Есiл ауданының «Заречное» ЖШС).

Iрi қара мал етiнiң экспорттық әлеуетiн дамыту бағдарламасы аясында арнайы бордақылау алаңдарына қойылған бұқашықтардың жалпы саны облыс бойынша 2019 жылдың 11 сәуiрiне 1411 мал басын құрады (6,2%).

Тұқымдық түрлендiру

Тұқымдық түрлендiрудi жүргiзу бойынша iс-шаралар орындалуда. Нәтижесiнде 2019 жылғы 11 сәуiрдегi жағдай бойынша бұл процеске 9,4 мың аналық бас немесе барлық аналық мал басының 4,6%-ы тартылған.

Сүт сатып алу

2019 жылғы 11 сәуiрдегi жағдай бойынша барлығы 2,0 мың тонна сүт жиналды, оның iшiнде ауыл шаруашылығы кооперативтерiмен — 0,8 мың тонна.

Азық-түлiк белдеуi шеңберiнде инвестициялық жобаларды iске асыру

Нұр-Сұлтан қ. төңiрегiндегi азық-түлiк белдеуi бойынша 2019 жылы 10,3 млрд. теңгеге 10 инвест жобаны iске асыру жоспарлануда, оның iшiнде:

АҚК құрылысы бойынша 3 жоба:

- Көкшетау қ., «Көкше Престиж Бидай» ЖШС;

- Есiл ауданы, «Ново-Приречное» ЖШС;

- Целиноград ауданы, «WESSAR» ЖШС.

2 көкөнiс қоймасы мен жылыжай кешенiнiң құрылысы бойынша жоба:

- Ерейментау ауданы «ABBAS GROUP» ЖШС;

- Аршалы ауданы «Наиль-Астана» ЖШС.

1 ұн өндiру жобасы:

- Жақсы ауданы «Урожай» ЖШС.

Ет өндiру бойынша 3 жоба:

- Атбасар ауданы «Әрiп Агро» ЖШС;

- Зерендi ауданы «Блиц Терминал» ЖШС (құс етi);

- Целиноград ауданы «Асыл Тағамдар» ЖШС.

1 сүт өндiру жобасы:

- Целиноград ауданы «Family Farm» ЖШС.

Қайта өңдеу

Ақмола облысында өндiрiстiк қуаттылығы жылына 37,8 мың тоннаны құрайтын ет өңдейтiн 15 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 146,8 мың тоннаны құрайтын сүт өнiмдерiн өндiретiн 15 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 960,0 мың тоннаны құрайтын 47 ұн тарту кәсiпорындары, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 49,3 мың тоннаны құрайтын майлы дақылдарды өңдейтiн 8 кәсiпорын, өндiрiстiк қуаттылығы жылына 89 мың тоннаны құрайтын нан-тоқаш өнiмдерiн пiсiретiн 187 кәсiпорын бар.

2019 жылдың 2 айында 15,3 млрд.теңгеге азық-түлiк өнiмдерi өндiрiлдi (2018 жылдың тиiстi кезеңiне 116,9 %).

Ет өнiмдерi өндiрiсiнiң өсуi байқалды, ол 5,2 млрд.теңгенi (2018 жылдың ұқсас кезеңiне 164,9%), ұн 2,8 млрд. теңгенi (2018 жылға қарай 109,6%), сүт өнiмдерi 2,0 млрд. теңгенi (2018 жылдың ұқсас кезеңiне 111,7%), өсiмдiк майы 0,4 млрд. теңгенi (2018 жылға қарай 105,3%) құрады. Тамақ өнiмдерiн өндiру құрылымында негiзгi үлестi ет өңдеу саласы 33,9%, астық өңдеу 18,3%, сүт 13,1%, нан және нан-тоқаш 5,2%, өзге салалар 29,5% алады.

Құрылған күні: 16.04.2015 16:01
Жаңартылған күні: 16.09.2019 16:04
Қаралым саны: 10467