Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

Мүгедектердiң орталықтандырылған қорының мәлiметi бойынша облыста барлық топтағы 29 440 мүгедек тұрады (оның iшiнде 1,2 топтағы — 14 118 адам, 3-топтағы — 12 452 адам, мүгедек-балалар — 2 870 адам).

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында облыста 1 672 әлеуметтiк инфрақұрылымдық маңызы бар объектiлерге қолжеткiзу қамтамасыз етiлдi.

Облыс тұрғындарын нәтижелi жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөнiнде 2015-2017 жылдарға арналған меморандумның «Паспортталған объектiлердiң жалпы санынан бейiмдеуден өткен объектiлердiң санын ұлғайту» көрсеткiшi орындау 100 % құрады.

2019 жылы 1 672 паспортталған объектiнi толық бейiмдеу шаралары жалғасуда. Сонымен қатар, 335 нысанды қосымша паспорттау жұмыстары жүргiзiлдi.

2019 жылы 408 мың. теңге сомасына 17 жол белгiсi орнатылды және 1 жаяу жүргiншiлер өткелiн қайта жабдықталды.

Жыл сайын мүгедектердi құрылғылар және оңалту қызметтерiмен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен ақшалай қаражат бөлiнедi. 2019 жылы 467,1 млн.теңге сомасына мүгедектердi қамту жоспарланған:

- 136,4 млн. теңге сомасына санаториялық-курорттық емделумен 1 243 адам, соның iшiнде 26 мүгедек-балалар. Ағымдағы жылғы 1 тамызға дейiнгi жағдай бойынша 404 адам емделуге жiберiлдi;

- тифлотехникалық құралдармен 191,5 млн. теңге сомасына 589 құрал берiледi. Ағымдағы жылғы 1 тамызға дейiнгi жағдай бойынша 516 бiрлiк бұйым берiлдi;

- сурдотехникалық құралдар — 28,5 млн. теңге сомасына 368 құрал берiледi. Ағымдағы жылғы 1 тамызға дейiнгi жағдай бойынша 148 бiрл. бұйым берiлдi;

- кресло-арбалар 25,1 млн. теңге сомасына 432 құрал берiледi. Ағымдағы жылғы 1 тамызға дейiнгi жағдай бойынша 23 бiрл. бұйым берiлдi;

- протездiк-ортопедиялық құралдар 85,6 млн.теңге сомасына 1 373 құралмен қамтылады. Ағымдағы жылғы 1 тамызға дейiнгi жағдай бойынша 12 бiрл. бұйым берiлдi;

«Инватакси» қызметiне 11,7 млн.теңге.

Республикалық бюджет қаражаты есебiнен кохлеарлық импланттармен 2 мүгедек 8,6 млн.теңге сомасына қамтылады, қосымша 1 ересек адамды қамтамасыз ету жоспарлануда.

Мемлекеттiк сектор аясында облыста 26 бөлiм үйде әлеуметтiк көмек көрсетедi, 564 әлеуметтiк қызметкерлер 2 972 адамға қызмет көрсетедi (оның iшiнде, мүгедектер — 146, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек-балалар — 117, ҚҚК бұзушылығы бар — 124, 18 жастан асқан психоневрологиялық сырқаттары барлар — 134, қарттар — 2 451). 2019 жылғы 1 тамызға дейiнгi жағдай бойынша — 239 млн.теңге игерiлдi.

Ымдау тiлiнiң 20 мамандарымен есту бойынша 156 мүгедектер үшiн қызметтер көрсетiледi, 2019 жылғы 1 тамызға дейiнгi жағдай бойынша игеру сомасы 31,8 млн. теңгенi құрады. 646 жеке көмекшiлерiмен қозғалыста қиыншылық көретiн бiрiншi топтағы 649 мүгедекке қызметтер көрсетiледi, 2019 жылғы 1 тамызға дейiнгi жағдай бойынша игеру сомасы 52,3 млн. теңгенi құрады.

2019 жылғы 1 тамызға дейiнгi жағдай бойынша мiндеттi гигиеналық құралдарымен 200,3 млн. теңге сомасына 3 683 мүгедек қамтылды.

Құрылған күні: 01.02.2019 14:45
Жаңартылған күні: 19.08.2019 16:38
Қаралым саны: 1880
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус