Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы

«Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсiби бiлiммен және қысқа мерзiмде оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты аясында техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 3680 адам жоспарлануда, оның iшiнде:

- жоспар бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйгiнен бастап техникалық және кәсiптiк оқумен 1190 адамды қамтылады;

- қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 2490 адам қамтылады. 01.08.2019 ж. дейiн қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 1474 адам қамтылды.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағытының аясында жұмыспен қамту шараларымен 3369 адам, соның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 1270 адам қамтылады. 01.08.2019 жылдың қорытындысы бойынша 1478 адам оқудан өттi.

- ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында, 956 азаматқа 4 млрд. теңге сомасына несие берiлдi. 01.08.2019 ж. дейiн 1667,5 млн. теңгеге 398 микрокредит алынды.

- жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 463,6 млн. теңге сомасында 1143 грант беру. 2019 жылдың 01.08.2019 ж. дейiн 453 адам грант берiлдi.

«Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты аясында 2983 адамды белсендi жұмыспен қамту шараларымен қамтуға жоспарлануда. 01.08.2019 ж. дейiн 2971 қамтылды соның iшiнде:

- қоғамдық жұмыстарға 1775 адам (жоспар 1745);

- әлеуметтiк жұмыс орындарына 628 адам (жоспар 538);

- жастар тәжiрибесiне 568 адам (жоспар 700) жiберiлдi.

2019 жылдың 7 айы бойынша облыста 8463 жаңа жұмыс орындары ашылды немесе жылдық жоспардан 82,5 % (10 260), оның iшiнде 5213 тұрақты жұмыс орны ашылды. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында ашылды (1349).

Құрылған күні: 01.02.2019 14:39
Жаңартылған күні: 19.08.2019 16:36
Қаралым саны: 1856