Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Тілдерді дамыту бойынша

Ақмола облысында «Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын» iске асыру жөнiндегi 2017-2019 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

Мемлекеттiк бағдарламаның 3-кезеңiне, яғни 2017-2019 жылдарға арналған облыстық iс-шаралар жоспары облыс әкiмдiгiнiң 10.03.2017 жылғы №А-3/78 қаулысымен бекiтiлдi. Аталмыш жоспарда белгiленген

4 негiзгi бағыт бойынша 2019 жылдың I тоқсанында төмендегiдей iстер атқарылды:

I бағыт. Мемлекеттiк тiлдi меңгеру

Нысаналы индикатор:

Облыстағы мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2017 жылы — 70%, 2018 жылы — 74%, 2019 жылы — 76%.

Ақмола облысының аумақтарын дамыту бағдарламасына сәйкес, 2018 жылдың соңында бұл көрсеткiш 75,7%-ды құрады, жоспарға қол жеткiзiлдi.

Бiлiм саласы

Мектепке дейiнгi мекемелер. Бүгiнде облыста 614 мектепке дейiнгi мекемебар. Оларда жалпы саны 37675 бүлдiршiн оқиды, оның 23835-i (63,3%) қазақ тiлiнде тәрбиеленедi.

Орта мектептер. Биыл облыс бойынша 560 орта мектеп бар, оның iшiнде қазақ мектептерi — 159, аралас мектептер — 217, орыс мектептерi — 184. Оқушылардың жалпы саны — 121521, оның 58393-i, яғни 48%-ы қазақ сыныптарында оқиды. Соңғы үш жылда қазақ сыныптарында оқитын балалар санының динамикасы: 2015 жылы — 47%, 2016 жылы — 47,6%, 2017-2018 жылдары — 48%;

Колледждер. Қазiр облыста 33 колледж бар (қазақ тiлдi — 2, аралас тiлдi — 26, орыс тiлдi — 5). Оларда оқитын 21351 студенттiң 6232-i, яғни 29,1%-ы қазақ тiлiнде бiлiм алуда.

Тiлдердi оқыту орталықтары. Қазiр облыс бойынша 20 орталық жұмыс iстейдi (17 аудандық, 2 қалалық және облыстық орталық). Олардың барлығында мемлекеттiк тiл үйретiледi, 18-де қазақ тiлiмен қатар ағылшын тiлi үйретiледi. 2017-2018 оқу жылында мемлекеттiк және ағылшын тiлдерiн оқитындар саны –5320 тыңдаушы, соның iшiнде мемлекеттiк тiлдi 4761 тыңдаушы оқуда.

II бағыт. Мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзу және оның пайдаланылу аясын кеңейту

Нысаналы индикатор:

мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тiлiндегi контенттiң үлесiн жоспар бойынша 2017 жылы — 70%, 2018 жылы — 75%, 2019 жылы — 80%;

БАҚ мониторингi.

Облыста 92 бұқаралық ақпарат құралдары бар. Оның 11-i таза қазақ тiлдi, 25-i орыс тiлдi, қалғандары аралас тiлде. Тұрақты түрде ашылған 35 айдар мемлекеттiк тiлдi насихаттауға бағытталған. 2019 жылдың

I тоқсанында тiл саясатына қатысты 69 мақала жарияланды. Оның 47-сi қазақ тiлiнде, 22-сi орыс тiлiнде. Облыстық телеарнада берiлетiн барлық хабарлардың 65%-ы мемлекеттiк тiлде.

Iс-шаралар.

Жастар жылы аясында «Қазақ тiлiн меңгерген жастар — елiмiздiң жарқын болашағы» тақырыбында Көкшетау жастарымен кездесу өттi. Ұлыстың ұлы күнi қарсаңында«Мемлекеттiк тiл — рухани жаңғырудың өзегi» атты дөңгелек үстел өттi.

Облыстық, аудандық және қалалық тiл оқыту орталықтарында 2018-2019 оқу жылының II жартыжылдығы бойынша сабақтар жалғасып жатыр.

Ақмола облысы бойынша латын әлiпбиiне көшу бойынша түсiндiру жұмыстары жүйелi жүргiзiлуде.Ақмола облыстық оқыту-әдiстемелiк орталығы «Жаңа әлiпби–дәуiрдiң жаңа тарихы» тақырыбындаақпараттық танымдық-дәрiстер өткiзiп жатыр. Бұл дәрiстер Көкшетау техникалық институтында, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында» және ҚР мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiндеөткiзiлдi. Ағымдағы жылдың сәуiр, мамыр айларында белгiленген кестеге сәйкес танымдық дәрiстер барлық облыстық басқармаларда өтетiн болады.

Сандықтау ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Армысың, әз Наурыз» ұлттық салт-дәстүрлердi насихаттау шарасы болып өттi. Наурыз мерекесi қарсаңында орталық оқытушылары «Армысың, әз Наурыз», «Ұлыстың ұлы күнi-Наурыз!», «Наурыз-мерекем, Наурыз-берекем!», «Наурыз-жарқын жыл басы» тақырыбында ашық сабақтар өткiздi.

Наурыз айында «Арқа ажары» газетiнде мемлекеттiк тiлдi оқыту тәжiрибелерiмен бөлiсу және тiлдi насихаттау мақсатында мақалалар жарияланды.

2019 жылдың I тосанында облыс бойынша мемлекеттiк тiлдi насихаттайтын 35 баннер орнатылды.

Үш ай аралығында әлеуметтiк желiлерде «Қазақ тiлi әлiпбиiн латын графикасына көшiру», «Атадан қалған асыл сөз», «Тюркизмдер», «Ұлттық құндылықтарды тану» атты айдарларымен, Көкшетау қаласының көрнекi ақпараттарын зерделеу барысы жайында және жалпы мемлекет саясатына қатысты 500-ге жуық посттар (Латын графикасын үйрететiн бейнесабақтар, латын графикасын насихаттайтын бейнероликтар, Ұлы ғұлымалардың тiл туралы афоризмдерi, қазақтың би-жырауларының афоризмдерi, қазақ халқының Ұлы перзенттерiнiң тiл туралы айтқан ойлары, тiл саясаты саласындағы жаңа жобалар туралы бейнероликтер, Википедия сайтынан алынған тюркизмдер, Тұңғыш Президентiмiздiң «Ұлы даланың жетi қыры» мақаласына сәйкес жастарды отансүйгiштiкке тәрбиелеу мақсатында қазақ халқының ұмыт қалған құндылықтары насихатталып, дәрiптелдi) жарияланды. Фейсбук желiсiндегi оқырмандар саны 3500 ден 5000 дейiн көбейдi.

III бағыт. Қазақстандықтардың тiлдiк мәдениетiн көтеру.

Нысаналыиндикаторлар:

Тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесi жоспар бойынша 2017 жылы — 83%, 2018 жылы — 85%, 2019 жылы — 87%.

Көрнекi ақпараттың пайдаланылуын бақылаудың өңiрлердi қамту дәрежесi жоспар бойынша 2017 жылы — 60%, 2018 жылы — 75%, 2019 жылы — 90%.

Ономастика және көрнекi ақпарат құралдары

Ақмола облысындағы ономастикалық жұмыстар Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң берген тапсырмасына сәйкес идеологиялық тұрғыдан ескiрген, қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлi атаулармен өзгертiп, кiсi есiмдерiмен атау мәселесiне мейлiнше шектеу қойылуда.

Ақмола облысында әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер, олардың құрамдас бөлiктерiнiң атауларына мониторинг жүргiздi.

Қазiргi уақытта Ақмола облысындағы 195 ауылдық округтiң 106-i (54%) мемлекеттiк тiлде, 609 елдi мекен атауының 351-i (57,6%) мемлекеттiк тiлде болып табылады. 5993 көше атауының 3221-i (53,7%) қазақ тiлiнде аталады.

Мониторинг жүргiзу барысында 77 ауылдық округ, 228 елдi мекен және 491 көшенiң идеологиялық тұрғыдан ескiрген атаулар екендiгi анықталды.

Ақмола облысы iшкi саясат басқармасы облыс аумағындағы идеологиялық тұрғыдан ескiрген елдi мекен, көше атауларын ұлттық танымға жақын дәстүрлi атаулармен өзгерту бойынша жүйелi жұмыс жүргiзуде. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Ұлттық музейiмен бiрлесiп жұмыс iстеп жатыр. Сонымен қатар ақпан айында Астана қаласының архивiнен Ақмола облысы елдi мекендерiне қатысты қорларда сақталған құжаттардың көшiрмелерi алынды. Аталған құжаттар тиiстi аудандарға таратып, алдағы уақытта елдi мекендердiң қайта аталуына ықпал ететiн боламыз.

Кәсiпкерлiк қызметтi реттеудi жетiлдiру мәселелерi бойынша 2018 жылғы 24 мамырдағы (№ 156-VI) Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға байланысты, облыстық атқарушы органдардың құзыретiнен деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру мәселесi алынып тасталды.

Дегенмен, Ақмола облысындағы «Тiл туралы» Заңның талаптарын бұзған және мемлекеттiк тiлде сауатсыз жазылған жарнамаларды түзетiп, алдын алу мақсатында қажеттi жұмыстар жүргiзiлiп жатыр.

Ақмола облысының iшкi саясат басқармасында«Қауырт желi»арқылы тегiн консультациялық көмек беру жұмыстары тұрақты жүргiзiледi.

2019 жылдың I тоқсанында жеке кәсiпкерлер тарапынан 150-ден астам қоңырау шалынып, жарнама мен латын графикасы негiзiндегi қазақ әлiпбиiне қатысты мәселелерiне жауап берiлдi.

Сонымен қатар, 11 наурыздан бастап «Қазақ тiлi мен мәдениетi» қоғамдық бiрлестiгi, «Ел бiрлiгi» қоғамдық бiрлестiгi және Ақмола облысы жастар ресурстық орталығы Ақмола облысының iшкi саясат басқармасының Тiлдердi дамыту және ономастика бөлiмiмен бiрлесiп Көкшетау қ. сауда (қызмет көрсету) орындарындағы жарнамалар мен сыртқы көрнекi ақпараттардың ҚР «Тiл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарына сәйкестiгiн зерделеп, сауатты жазылуына мониторинг жүргiзiлуде. Қазiргi уақытта, 70-тен астам жарнама объектiсi қамтылып, жарнама берушi жеке кәсiпкерлерге Тiл заңнамаларына қатысты түсiндiру жұмыстары жүргiзiлiп, буклеттер таратылды. Жұмыс барысында Заңнама талаптары бұзылған 16 жарнама өнiмi алынып тасталса, қалған жарнамаларды түзетуге уақыт берiлдi.

Iс жүргiзу.

Мемлекеттiк органдардан қазақ тiлiнде шығатын iс қағаздардың үлесi: 2019 жылдың 1 тоқсаны бойынша97,2%-ды құрады;

Тексерiс мәселесi.

Қазiргi уақытта «Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 20 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2016 жылғы 9 ақпандағы

№ 65 бiрлескен бұйрығына өзгерiстер енгiзiлiп, 2019 жылдың

2 жартыжылдығынан бастап Ақмола облысына қарасты бiрқатар мемлекеттiк мекемелерге профилактикалық бақылау жұмыстарын жүргiзу жоспарланып отыр.

IV бағыт. Қазақстандағы лингвистикалық капиталды дамыту

Нысаналыиндикаторлар:

Облыстағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 83,6%, 2020 жылы — 84,3%.

Облыстағы үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 5%, 2019 жылы — 5,5%.

Облыстағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 8%, 2019 жылы — 9%.

Этно-мәдени бiрлестiктер жанындағы қазақ және ана тiлдерiн оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесi жоспар бойынша 2018 жылы — 26%, 2019 жылы — 27%.

Ақмола облысының аумақтарын дамыту бағдарламасына сәйкес облыстағы үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесi 2018 жылдың желтоқсан айы бойынша 5,1% құрады, ал облыстағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесi8,2% құрады, яғни жоспарға қол жеткiзiлдi.

Ана тiлдерiн оқыту. «Шаңырақ» тiлдердi оқыту мектебiнде 9 тiл, яғни қазақ, орыс, поляк, немiс, кәрiс, татар, армян, чуваш, ингуш тiлдерiнен мектеп оқушыларына дәрiс берiледi. Әрбiр топқа ана тiлi, қазақ тiлi және елтану пәндерiнен сабақ берiледi. 2018-2019 оқу жылына 9 топқа 200 оқушы қабылданды. Сондай-ақ, Бурабай ауданында немiс тiлi, Сандықтау ауданында немiс және шешен тiлдерi үйретiлсе, Степногорск қаласы, Жарқайың ауданданында этнос өкiлдерiне қазақ тiлiнен дәрiс берiледi.

Құрылған күні: 19.10.2015 12:59
Жаңартылған күні: 20.04.2019 13:08
Қаралым саны: 11605