Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін шолулар (түскен өтініштері және оларды қарау нәтижелері туралы кеңірек ақпараты)

2019 жылғы I жартыжылдықта
Ақмола облысы әкiмiнiң аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау туралы
ақпарат

2019 жылғы I жартыжылдықта облыс әкiмiнiң аппаратына 1509 жазбаша өтiнiш түстi (2018 жылғы I жартыжылдықта — 1371), соның iшiнде жеке тұлғалардан — 793 (2018 жылғы I жартыжылдықта — 604), заңды тұлғалардан — 716 (2018 жылғы I жартыжылдықта — 767).

2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда жазбаша өтiнiштердiң саны 138-ге өскенi байқалады.

Есептiк кезеңде түскен 1509 өтiнiштен 1506 өтiнiш, 1 сауал, 2 ұсыныс.

2 өтiнiш бойынша мәселе оң шешiлдi, 973 өтiнiш бойынша жазбаша түсiнiктемелер берiлдi, 8 өтiнiштi қарау Заңның 14-бабы 7-тармағына сәйкес (автордан өтiнiштi қарауды тоқтату туралы өтiнiш түскен жағдайда) тоқтатылды, 450 өтiнiш жоғары және төмен тұрған органдарға және ведомстволық бағыныстылығы бойынша қайта жолданды, 76 өтiнiш қарауда. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау мерзiмдерi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сақталады.

Өтiнiштердiң ең көп саны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (62), тұрғын үй бөлу (49), жер және жерге орналастыру (41), еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қамсыздандыру (23), ауыл шаруашылығы (13) және басқа (1267) да мәселелер бойынша түстi. Сонымен қатар, 2018 жылғы I жартыжылдықпен салыстырғанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (131-ге), жер және жерге орналастыру (58-ге) мәселелерi бойынша өтiнiштер саны төмендегенi байқалады.

«Электрондық үкiмет» порталы арқылы облыс әкiмiнiң аппаратына келiп түскен жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтiнiштерiнiң саны 2 есе өстi (2018 жылғы I жартыжылдықта — 132, 2019 жылғы

I жартыжылдықта — 266). Азаматтар электрондық цифрлық қолтаңба қойылған өтiнiштерiн жолдау үшiн қол жетiмдi ақпараттық жүйелердi жиi қолдана бастады.

Есептi кезеңде ҚР ПӘ-нен келiп түскен өтiнiштер саны 20% (2018 жылғы

I жартыжылдықта — 83, 2019 жылғы I жартыжылдықта — 103), ҚР ПМК-дан келiп түкен өтiнiштер саны 68% (2018 жылғы

I жартыжылдықта — 19, 2019 жылғы I жартыжылдықта — 59), министрлiктер мен ведомстволардан келiп түкен өтiнiштер саны 18% (2018 жылғы I жартыжылдықта — 69, 2019 жылғы I жартыжылдықта — 84) өскенi байқалады.

Өңiрлiк бөлуде облыс әкiмiнiң аппаратына келiп түскен өтiнiштердiң көбi Көкшетау қаласына — 24% (357 өтiнiш), Целиноград — 10% (147 өтiнiш), Бурабай — 4% (65 өтiнiш), Аршалы және Зерендi — 2,5%-дан (37-ден өтiнiш), Ерейментау — 2% (26 өтiнiш) аудандарына тиесiлi, басқа өңiрлерден — 46% (692 өтiнiш). 2018 жылғы I жартыжылдықпен салыстырған Целиноград — 108-ден 147-ге дейiн, Бурабай — 47-ден 65-ке дейiн, Сандықтау — 10-нан 22-ге дейiн, Есiл — 4-тен 14-ке дейiн аудандары бойынша өтiнiштер саны көп өскендегi байқалады.

Азаматтардың өтiнiштерiн талдау Көкшетау қаласының, Целиноград ауданының тұрғындары үшiн тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласының мәселелерi өзектi болып отырғанын көрсеттi (сумен, жылумен, электрмен жабдықтау, ортақ үй мүлкiн жөндеу, жолдардың жағдайы) — олардың үлестiк салмағы 4% немесе 62 өтiнiш (2018 жылғы I жартыжылдықта — 5% немесе 75 өтiнiш).

Қайталанған өтiнiштер саны 2018 жылғы I жартыжылдықдағы 45-тен 74-ке дейiн өскенi байқалады (14 — Көкшетау қ. бойынша, 11 — Сандықтау, 2 — Есiл, 8 — Целиноград, 5 — Аршалы, 2-ден — Ақкөл, Бұланды, Бурабай, 3 — Зерендi аудандарынан және басқа өңiрлерден — 24). Негiзiнен қайталанған өтiнiштердiң себебi алдыңғы өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге шағым болып табылады.

Мысалы, Көкшетау қ. тұрғыны Л.Ю.Погорова мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру бойынша облыс әкiмiнiң, оның орынбасарының жеке қабылдауларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi арқылы (26.06.2019г. №ЖТ-П-519,2) бiрнеше рет жазбаша өтiнiш бердi. Бүгiнгi таңда, мәселе шешiлдi — Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы тұрғын үй комиссиясының 24.06.2019 шешiмiмен Л.Ю.Погороваға Сарыарқа шағын ауданы, 14/2-үй, 25-пәтер мекенжайы бойынша екi бөлмелi пәтер берiлдi.

Целиноград ауданынан I топ мүгедегi А.Э. Хасенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi арқылы аудан әкiмi М.С.Тәткеевке жүргiзген жұмысы үшiн жылы алғысын бiлдiрдi, оның еңбегi облыс әкiмiнiң аппаратымен атап өтiлдi.

Интернет-конференциялар өткiзу, азаматтардың мемлекеттiк органдарға өтiнiш бiлдiру құқығын жүзеге асырудың маңызды құралы болып табылады.

Облыс әкiмiнiң ашық диалог порталында мемлекеттiк органның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкiмiнiң қатысуымен 2019 жылғы I жартыжылдықта «Ақмола облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуы» (18.04.2019), «Ақмола облысында туризмдi дамыту» (16.05.2019), «Ақмола облысында ауыл шаруашылығын дамыту» (06.06.2019) тақырыптары бойынша 3 интернет-конференция ұйымдастырылды. Интернет-конференция арқылы өтiнiш бiлдiрген азаматтарға тиiстi түсiнiктемелер берiлдi.

Облыс халқының мемлекеттiк органдардың қызметiмен қанағаттану деңгейiн анықтау мақсатында, порталда облыстық денсаулық сақтау жүйесi қызметiнiң, облыстың мемлекеттiк органдарының тарапынан қызмет көрсету кезiнде барлық ақпаратты беруi, халықтың облыста кәсiпкерлiктi дамытудың тиiмдi жолы бойынша қанағаттану деңгейiн анықтау, халыққа коммуналдық қызметтер ұсыну мәселелерi бойынша 4 сауалнама ұйымдастырылды.

2019 жылғы 1 жартыжылдықта облыс әкімінің аппаратына келіп түскен жазбаша өтініштердің саны туралы ақпарат    (RAR 30 Kb)     

Құрылған күні: 10.04.2015 13:02
Жаңартылған күні: 10.07.2019 16:17
Қаралым саны: 8239