Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Музей қызметі

Заманауи әлемде әлеуметтiк мекеме ретiнде музей мәдени мұраны сақтау және тарату орталығы ғана емес, сонымен қатар қоғамдық өмiрдiң белсендi элементi бiлiм беру қызметтерi нарығындағы жетекшi орындардың бiрiне айналды.

2019 жылдың бiрiншi жартысында 1660 экскурсия, 229 дәрiс өткiзiлдi, 206 көрме ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асыру және Елбасының «Ұлы даланың жетi қыры» мақалалары аясында 6 инновациялық мұражай жобасы жүзеге асырылуда.

Облыстық музейлердi жаңғырту қызу жүрiп жатыр, материалдық-техникалық базасы күшейтiлуде, көрме аумақтары жаңартылуда.

2019 жылы облыстық бюджеттен Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залдарын ашу үшiн 270 млн. теңге көлемiнде қаражат бөлiндi. Облыстық Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң ағымдағы жөндеу жұмыстарына 23 миллион 11 мың тенге бөлiнсе, қайта экспозициялауға 69 миллион 700 мың тенге бөлiндi.

Облыстық музейге реэкспозиция жұмыстарының жүргiзiлуiне байланысты жылжымалы экспозиция жұмыстары жандана бастады. Ақмола облысының аудандарына арнайы сапармен «Ғасырлар аманаты» жобасы қызу жұмысқа кiрiстi. Қазiргi уақытта облыстың жетi ауданында 5000 адам қамтылды.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс музейлерiнде ҚР музей қорының мемлекеттiк каталогына ақпарат беру жұмыстарына дайындық өтуде. Облыстық музей электрондық базаға 15 558 дана музей затын дайындады.

Жас ұрпақтың санасындағы ұлттық генетикалық кодты қалыптастыру үшiн музей қызметкерлерi жемiстi еңбек етуде. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: әлемдiк бесекеге қабiлеттiлiк» мақаласында берiлген тапсырмаларды орындауда музей ұжымы алдыңғы қатарда келедi.

2016 жылы Республика бойынша М.Ғабдуллин атындағы мектептерде құрылған «Жас ғабдуллиншiлдер» клубының жұмысы 2017 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Рухани қазына» кiшi бағдарламасының «Асыл ұрпақ» жобасын жүзеге асыру барысында Республикалық «Жас ғабдуллиншiлдер» акциясына ұласты.

Көкшетау қаласының тарихи музейi «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы бойынша Ақмола облысының және Көкшетау қаласының мектеп оқушылары мен тұрғындарын Көкшетау қаласының облыс орталығының тарихымен, оның көрiктi жерлерiмен және киелi объектiлерiмен таныстыру мақсатында «Туған қалам — қазынам», «Туған қала бойынша серуен» музейлiк жобасын iске асырып келедi.

Мәдени туризмдi дамыту шеңберiнде 2 маусымда Бурабай саяхат аймағындағы Абылай хан алаңында халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасып келе жатқан көп ғасырлық тарихын, оның материалдық, рухани мәдениетiн сақтауға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Ұлы даланың жетi қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында Көкшетау қаласының тарихи музейi «Ұлттық мұра: өткеннен — келешекке» атты көрме ұйымдастырды.

Құрылған күні: 25.07.2019 14:56
Жаңартылған күні: 25.07.2019 14:56
Қаралым саны: 452