Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Ақмола облысының елді мекендерін қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз ету туралы ақпарат

Елдi мекендердi бас жоспарлармен, егжей-тегжейлi жоспарлармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды белсендiру мақсатында сәулет және қала құрылысы басқармасы белгiлi бiр жұмыстарды жүргiзедi.

Бүгiнгi таңда облыстың 617 елдi мекенiнiң арасынан 483-i бас жоспарлармен қамтамасыз етiлдi, ол 78,2% құрайды, оның iшiнде 105 елдi мекен бойынша жаңа бас жоспарлар әзiрлендi.

Қазiргi уақытта барлық облыстық маңызы бар қалалар, сондай-ақ барлық 17 аудан орталығы, 8 аудандық маңызы бар шағын қаланы қоса алғанда, 100%-ға жаңа бас жоспарлармен қамтамасыз етiлдi.

Облыстың елдi мекендерiн қала құрылысы жобаларымен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкiмiнiң орынбасарымен «Жаңа және қолданыстағы бас жоспарларды түзету, даму және құрылыс салу схемаларын, 2020 жылға дейiн егжей-тегжейлi жоспарлау жобасын әзiрлеу бойынша жол картасы» әзiрленiп бекiтiлдi.

2019 жылы облыстық бюджет қаражаты есебiнен келесi елдi мекендердiң қала құрылысы жобаларын (бас жоспарлар, даму және құрылыс салу сызбалары, ЕЖЖ), схемаларын әзiрлеуге қаражат бөлiндi: Степногорск қ. Ақсу к., Заводской к., Қарабұлақ а., Ақкөл ауданының Кеңес а., Талқара а., Красный Горняк а., Алексеевка орман шаруашылығы, Аршалы ауданының Бұлақсай а., Сарыоба а., Сары-оба ст., Целиноград ауданының Жайнақ ст. және Атбасар ауданының Атбасар қ.

Бұдан басқа, аудандар мен қалалардың бюджеттерi есебiнен келесi елдi мекендердi дамыту және құрылыс салу схемасын әзiрлеу жоспарлануда: Бурабай ауданының Златополье ауылы, Жарқайың ауданының Львов ауылы, Зерендi ауданының Қоғам, Қаратал, Макинка, Қарағай, Бұланды, Үлгi, Сәуле ауылдары, Бiржан сал, Серафимовка, М. Ғабдуллин а., Бурабай ауданының Щучинск қаласы мен Көкшетау қаласының жекелеген учаскелерiнiң ЕЖЖ әзiрлеу.

Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

Құрылған күні: 16.04.2015 16:21
Жаңартылған күні: 10.07.2019 15:36
Қаралым саны: 9764