2019 жылғы 1-тоқсандағы жағдай бойынша гендерлік теңдік (саясат, заңнама) және мемлекеттік секторда жұмыс орындарының гендерлік бөлінуі туралы ақпарат

Ақмола облысында әйелдер экономиканың барлық бағытында, оның iшiнде өкiлеттi, атқарушы, сот билiгi деңгейiнде бар.

Барлық деңгейдегi мәслихаттың 276 депутатының iшiнде 70-i әйел (25,4%). 532 жергiлiктi атқарушы орган арасында 147 әйел бiрiншi басшы лауазымын атқарады (27,9%). Облыс әкiмiнiң 5 орынбасарының 1-уi әйел, 19 аудан мен қала iшiнен 1 әйел Шортанды ауданын басқарады.

22 облыстық басқарма iшiнен 4 әйел басшы, 48 әйелдiң iшiндегi 11-i аудан және қала әкiмiнiң орынбасарлары, 56-сы ауылдық округ әкiмдерi болып жұмыс iстейдi.

Билiктiң сот органдарында 112 судьяның iшiнен 50-i (44,6%) әйел. Құқық қорғау органдарындағы әйел саны — 11,4%.

Күш құрылымдарындағы әйелдер: прокуратура (206 қызметкер iшiнен 44 әйел шендi, 34 — мемлекеттiк қызметшi); ҰҚК (263 қызметкер iшiнен 37 офицер әйел, 38 — қызметшi); қорғаныс (278 қызметкер iшiнен 3 офицер әйел, 9 — келiсiм-шарт бойынша әскери, 146 әйел — азаматтық персонал); полиция департаментi (2857 қызметкер iшiнен 303 офицер әйел, 318 — өз еркiмен жалданған); Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi Ұлттық бюро (70 қызметкер iшiнен 7 офицер әйел, 2 — әкiмшiлiк қызметшi); әдiлет (300 адвокат iшiнен 108 әйел, 127 нотариус iшiнен 97 әйел).

Облыстың бiлiм беру ұйымдарында 21 мыңнан астам педагог қызметкерi жұмыс iстейдi, олардың басым бөлiгi — 81% аса әйел. Олардың арасында 60-тан астамы «Ыбырай Алтынсарин», «Бiлiм бердiң құрметтi қызметкерi» және «Ғылымды дамытудағы еңбегi үшiн» төсбелгiлерiнiң иегерлерi.

Облыста 7955 медицина қызметкерi жұмыс iстейтiн 42 медициналық мекеме бар. 1294 әйел дәрiгер, 6116 әйел орта медициналық персонал.

Мәдениет саласында 3271 адам жемiстi шығармашылық жұмыс iстейдi. Оның 1 895-i әйел. 44 әйел «Мәдениет қайраткерi» және «Мәдениет үздiгi» құрмет белгiлерiнiң иегерi, 7 әйел Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мәдениет қайраткерi, 3 әйел «Құрмет» және «Парасат» ордендерiнiң иегерi.

Кәсiби спортпен 4650 адам айналысады, 15 спортшы халықаралық дәрежедегi спорт шеберi атағына ие, 43 Қазақстан Республикасының Спорт шеберi. Олардың арасында Қысқы олимпиада ойындары-2018 қатысушылары, ҚР еңбек сiңiрген спорт шеберлерi Алина Райкова, Валерия Тюленева, бокстан әлем чемпионы, 2017 ж. «Қазақстанның 100 жаңа есiмi» жобасының жеңiмпазы Дина Жоламан және жазғы Олимпиада ойындары — 2012 ж. күмiс жүлдегерi Анна Нұрмұхамбетова, Одесса қ. киокушинкай каратэдан 2018 жылғы Әлем чемпиондары Әлемгүл Сабырхан және Ұзақбаева Нарқыз, ересектер арасында бокстан 2018 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегерi Мөлдiр Базарбаева, жастар арасында бокстан 2018 жылғы Азия чемпионатының күмiс жүлдегерi, жастар арасында бокстан 2018 жылғы Әлем чемпионатының күмiс жүлдегерi Еслямғали Айзада, ересектер арасында бокстан Әлем чемпионатының қола жүлдегерi Карина Ибрагимова және т.б. бар.

Құрылған күні: 25.06.2019 16:02
Жаңартылған күні: 25.06.2019 16:02
Қаралым саны: 620
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус