Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Есептің біріңғай күніне Халықтың көші-қоны саласындағы ҚР заңнамасын сақтау аясында тексерістердің мәселесі бойынша ПД КҚҚБ бастығының м.у.а. полиция майоры А.Қ. Мадғұловтың баяндамасы

Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк кодексiнiң 140-бабының 3-тармағына сәйкес халықтың көшi-қоны саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша тексерiстер тексеру басталғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнi iшiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тiркелуге жатады.

Тексеру мерзiмдерi Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк кодексiнiң 148-бабының 1-тармағына сәйкес белгiленген болатын, бiрақ iс-жүзiнде барлық тексерiстер олардың басталған күнiнен соң келесi күнi аяқталып жүрген.

А.ж. басынан халықтың көшi-қоны саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша тексерiстер нәтижесiнде шетел жұмыс күшiн заңсыз пайдалану фактiсi бойынша ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша әкiмшiлiк жауапкершiлiкке 101 жұмыс берушi жауапқа тартылды, барлық тексерiстер тексеру субъектiлерi мен объектiлерiнiң бiрiңғай тiзiлiмiне енгiзiлдi (ТСОБТ).

ҚР IIМ, ПД басшылығының нұсқаулары, «Мигрант», «Заңсыз келушi» жедел профилактикалық iс-шараларды өткiзу туралы» бұйрықтар тексерiстердi тағайындауға негiздер болып таныладын.

Қазiргi таңда, халықтың көшi-қоны саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша тексерiстердi өткiзудiң тәртiбiн белгiлейтiн салалық нормативтiк актiнiң жоқтығын атап өткен жөн. Қолдансытағы Қазақстан Республикасының 2012ж.21.02 №148 қаулысымен бекiтiлген Көшi-қон бақылауын жүзеге асыру Қағидасы, көшi-қон бақылауын жүзеге асыру бойынша IIО қызметкерлерiнiң негiзгi мiндеттерiн белгiлейдi.

Анықтама:

Көшi-қон бақылауын жүзеге асыру Қағидасынан үзiндi.

5. Көшi-қон бақылауын жүзеге асыру барысында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi: 1) шетелдiкте ұлттық паспортының, визасының және iшкi iстер органдарында оның мекемелерiнде тiркелуiнiң, ал Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктерде және азаматтық жоқ адамдарда — тұруға ықтиярхаттарының, азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң болуын; 2) шетелдiктердiң шетелге уақтылы кетуiн немесе Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн ұзартуын; 3) шетелдiктер еркiн жүруiне жабық жерлерде болуға рұқсаттың болуын тексередi.

6. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi: 1) шетелдiктердiң тұрғылықты немесе уақытша болатын жерi бойынша; 2) шетелдiктердiң жұмыс немесе оқу орны бойынша; 3) әуе, темiр жол және көлiктiң басқа түрлерiнде; 4) көшелер мен қоғамдық жерлерде бақылауды жүзеге асырады.

7. Бақылау: 1) азаматтардың тұрғын үй-жайларын қарап шығу; 2) жатақханалар мен қонақ үйлердi және шетелдiктердiң болуы ықтимал жерлердi тексеру; 3) пойыздарда жүру; 4) автокөлiк құралдарын тексеру; 5) жедел-профилактикалық және арнайы iс-шаралар жүргiзу; 6) қолданыстағы заңнамада көзделген басқа нысандар мен әдiстердi пайдалану арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.

Сонымен қатар, тексерiстердi тағайындаумен байланысты Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк кодексiнiң талаптарын қолдану мәселесi бойынша сұрақтар туындауда.

Алыс елдi мекендерде жасалынған халықтың көшi-қоны саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы аясындағы әкiмшiлiк құқықбұзушылықтар, әдеттегiдей көшi-қон қызметi қызметкерлерiмен емес, учаскелiк полиция инспекторларымен анықталуда.

ҚАПББ ЖПҚ учаскелiк полиция инспекторлары ТСОБТ-не кiру құқытары жоқ және олар осы жүйеде тiркелмеген, алайда ол әкiмшiлiк құқықбұзушулықты анықтаған жағдайда, ол әкiмшiлiк ықпал ету шараларын қолдану қажет.

Осындай жағдайда, осы тексерiстiң ТСОБТ-нде қалайынша есепке қойылуы тиiстiгi түсiнiксiз. Көшi-қон қызметi қызметкерлерiнiң ЭСҚ арқылы енгiзу және оны осы тексерiсте көрсету қате болып табылады, себебi iс-жүзiнде көшi-қон қызметi қызметкерi осы тексерiсте қатыспаған.

ҚР Кәсiпкерлiк кодексiнiң талаптарына сәйкес кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылмайтын жеке тұлғалар тексерiсi құқықтық статистика органдарында ТСОБТ арқылы тiркелуi тиiс.

Алайда, ҚАПББ көшi-қон қызметi қызметкерлерi Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiкртер мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттiк қызметтердi көрсетумен (13 мемл.қызметтер), борышкерлердi, алимент төлемеушiлердi және туыстық қатынастарды жоғалтқан адамдарды iздестiрумен, заңсыз көшi-қонның жолын кесумен, әр түрлi ақпараттық жүйелердi толықтырумен байланысты анағұрлым мол қызметтiк жүктемеге ие.

Iс жүзiнде, осы тексерiстердi есепке қою көшi-қон қызметi қызметкерлерiне қосымша жүктеменi жүктейдi, ол алдағы уақытта қызмет алушылардың тарапынан кезектердiң және шағымдардың туындауына әкеп соқтыруы мүмкiн.

Соынмен қатар, халықтың көшi-қоны саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша тексерiстер тексеру басталғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнi iшiнде тiркелуге жатады, ол осы тексерiстердi есепке қою тек формалдық әрекет болып табылады.

Жоғарыда көрсетiлген барлық мән-жайларды, сондай-ақ тексерiстердi өткiзудiң тәртiбi туралы салалық нормативтiк актiнiң жоқтығын секер отырып, халықтың көшi-қоны саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша тексерiстердi тiркеу қажеттiгiн алып тастайтын ҚР Кәсiпкерлiк кодексiнiне түзетулердi енгiзу қажет деп санаймыз.

Құрылған күні: 09.10.2019 13:50
Жаңартылған күні: 09.10.2019 13:50
Қаралым саны: 128