Ассамблея

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының
қызметi туралы ақпарат

Ақмола облысында 100-ден астам ұлт пен этнос топтарының өкiлдерi, оның iшiнде 51% қазақ, 33,1% орыс, 4,4% украин, 3,5% немiс, 1,8% татар, 1,4% белорус, 1,1% поляк, 3,7% өзге де ұлттар тұрып жатыр.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының саны — 106 адам, олардың қатарында этномәдени бiрлестiктердiң, мемлекеттiк органдардың, үкiметтiк емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, қоғамдық пiкiр көшбасшылары бар. Қазақстан халқы Ассамблеясына Ақмола облысынан 16 адам кiредi.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанында келесi құрылымдар құрылып қызмет атқарады:

-Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қызметiн ғылыми қамтамасыз ету үшiн — ғылыми-сараптамалық топ;

-Ақмола облысында тұрып жатқан этностар арасында төзiмдiлiк қарым-қатынас, қазақстандық патриотизм, ұлтаралық келiсiмдi насихаттау, ұлттық мемлекеттiк саясат мәселелерiн кеңiнен жариялау мақсатында — журналистер клубы;

-халық кәсiбiн, сәндiк қолданбалы өнер шеберлерiнiң шығармашылық әлеуетiн одан әрi дамыту мен оған қолдау көрсету мақсатында — сәндiк-қолданбалы өнер шеберлерiнiң одағы;

-неке және отбасы институтын, дәстүрлi отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында — Аналар кеңесi.

Ақмола облысы әдiлет департаментiнiң мәлiметтерiне сәйкес өңiрде 52 этномәдени бiрлестiк тiркелген. Ақмола облысы аумағында тұратын түрлi ұлт өкiлдерi облыстың қоғамдық-саяси, әлеуметтiк-экономикалық және мәдени дамуына бағытталған шараларға белсендi атсалысады.

Бұл ретте, өздерiнiң төл мәдениетiн, салт-дәстүрлерi мен тiлiн сақтау, түрлi ұлт өкiлдерiн бiрiктiрушi негiзгi фактор болып саналады.

2010 жылдан бастап Көкшетау қаласында жексенбiлiк «Шаңырақ» тiлдердi оқыту мектебi жұмыс iстейдi. Онда Қазақстан халқының тоғыз тiлi оқытылады. Сондай-ақ, ана тiлiн оқу облыстың 4 ауданында жүргiзiледi (Астрахан мен Шортанды аудандарында — поляк тiлi, Бурабай ауданында — немiс тiлi, Сандықтау ауданында — ингуш тiлi оқытылады).

Облыстық ассамблея қызметiн сапалы атқару үшiн, Көкшетау қ. «Қоғамдық келiсiм» КММ, Степногорск қ. «Достық және шығармашылық үйi», Зерендi және Целиноград аудандарында «Достық» орталықтары жұмыс iстейдi.

Қоғамдық келiсiм мен жалпыұлттық бiрлiктi нығайту мақсатында, 2019 жылдың басынан облыста 100-ден астам қоғамдық маңызды iс-шара өттi. Оның iшiнде Алғыс айту күнiне, Наурыз мейрамына арналған бiрқатар мерекелiк iс-шаралар, «Сарқыт», «Сыбаға», «Шашу» қайырымдылық акциялар, жыл сайынғы «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығының қалалық байқауы бар. Этномәдени бiрлестiктермен бiрлесiп, «Масленица» халық серуенi, «Терендез» армян халық мерекесi, ингуш пен шешен халықтарын Орталық Азия мен Қазақстанға депортациялаудың 75 жылдығына арналған халықаралық конференция, тағамдар фестивалi және басқалары өткiзiлдi. Ақмола облыстық ассамблеясы өз жұмысына ардагерлер, жастар ұйымдарын, үкiметтiк емес қоғамдық бiрлестiктердi белсендi тартады.

Ақмола облысында 248 қоғамдық келiсiм кеңесi жұмыс iстейдi, олардың арасында: 1 — облыстық, 2 — қалалық, 17 — аудандық және 228 ауылдық деңгейде, жалпы саны 2 987 адамды қамтиды.

Қоғамдық келiсiм кеңестерi келесi бағыттар бойынша жұмыс жүргiзедi, атап айтқанда: ақпараттық-түсiндiру жұмыстары (дөңгелек үстелдер, диалог алаңдары, кездесулер, әңгiмелесу, дәрiстер өткiзу), медиация кабинеттерiмен өзара әрекет ету, қайырымдылықты дамыту, өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына негiзделген бағдарламалар мен жоспарлардың орындалуын қадағалау. 2019 жылдың басынан Қоғамдық келiсiм кеңестерiмен 3000 адамды жалпы қамту арқылы 60 түрлi iс-шара (дөңгелек үстел, кездесулер, отырыстар, мәдени iс-шаралар) өткiзiлдi.

Облыста 101 аналар кеңесi қызмет етедi, олардың iшiнде: облыстық — 1, қалалық — 1, аудандық — 12, ауылдық деңгейде — 87, олардың құрамына 60-тан астам орталық, үйiрме мен клубтар кiредi. Аналар кеңестерi қайырымдылық акциялар ұйымдастырады, халықтың рухани құндылықтарының негiзiнде қыздардың тәрбиесiмен айналысады. 2019 жылдың басынан аналар кеңестерiмен 1500 адамды қамтыған 40 iс-шара өткiзiлдi.

Облыстық ассамблея жанындағы аналар кеңесiмен науқас балалар, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету үшiн 4 қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. 2019 жылдың бiрiншi тоқсанында облыстық аналар кеңесiмен Көкшетау қ. Ақан Серi атындағы жоғары колледж жанындағы «Балқадиша» клубы ашылды.

Облыстық ассамблея қызметiн ғылыми-сараптамалық сүйемелдеудi ғылыми-сараптамалық топ iске асырады, оның жұмысына Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi мен А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiнiң Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының оқытушы құрамы тартылған. Ғылыми-сараптамалық топ құрамына 3 ғылым докторы, 9 ғылым кандидаты, 7 магистр, гуманитарлық саясаттану, әлеуметтану, тарих, психология, тiл бiлiмi, заң ғылымының бағытындағы мамандар кiредi. ҚХАА жанындағы ҒСТ төрағасы — Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетi ҚХА кафедрасы меңгерушiсiнiң орынбасары, халықаралық қатынастар және әлеуметтiк жұмыс кафедрасының жетекшiсi Ардақ Қапышев. ҚХАА жанындағы ғылыми-сараптамалық топ отырыстары Ережеге сәйкес жарты жылда бiр рет өткiзiледi, сонымен қатар, топ мүшелерi қажет болған жағдайда, өзектi мәселелердi шешу үшiн жинала алады. Отырыстарда этносаясаттың негiзгi мәселелерi талқыланып, өңiрдiң ғылыми, әдiстемелiк, талдамалы-сараптамалық қызметiн жетiлдiру бойынша идеялар мен тұжырымдамалар ұсынылады.

Ақмола облысында құрамына 845 меценат, 69 ұйым кiрген қайырымдылық жасаушылар базасы құрылды. Аталмыш база жүйелi түрде жаңартылып, толықтырылып отырады, өңiрдегi қайырымдылық қызметiне тоқсан сайынғы мониторинг жүргiзiледi.

Қайырымдылық iс-шараларды ұйымдастыру iсiне Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы этномәдени бiрлестiктер мен құрылымдар белсендi қатысады. 2019 жылдың басынан берi облыста «Қайырымдылық керуенi» республикалық қайырымдылық акциясының аясында 32 iс-шара өткiзiлдi, оның барысында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға шамамен 35 млн. теңге жалпы сомасына көмек көрсетiлдi.

Құрылған күні: 21.01.2019 16:32
Жаңартылған күні: 23.05.2019 11:06
Қаралым саны: 8337
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус