Ақмола облысының әкiмi

                                          Боранбайұлы Маржықпаев

                                          телефон: 8 (7162) 29-72-00

                                          e-mail: akim@akmo.kz

 

 

Ермек Боранбайұлы Маржықпаев 1969 жылы 29 тамызда КСРО Целиноград қаласында дүниеге келдi. 1994 жылы С. Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын, 2001 жылы «Тұран» университетiн, 2009 жылы Көкшетау университетiн тәмамдаған. Тарих пәнiнiң мұғалiмi, заңгер, қаржы бакалавры.

Еңбек қызметiн 1991-1992 жылдары дене шынықтыру пәнiнiң мұғалiмi, бокс жаттықтырушысы, орта мектепте тарих пәнiнiң мұғалiмi ретiнде бастады. 1992-1995 жылдары «Шон» ШЖК директоры лауазымына тағайындалды. 1995-2008 жылдары «Береке-Бурабай» ШЖК (ЖШС) бас директоры қызметiн атқарды. 2007-2009 жылдары Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болды. 2008-2012 жылдары Аршалы ауданының әкiмi, 2012-2013 жылдары Ақмола облысы Зерендi ауданының әкiмi болып жұмыс атқарды. 2013-2014 жылдары Ақмола облысы әкiмiнiң құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен автомобиль жолдары мәселелерi жөнiндегi орынбасары қызметiне тағайындалды. 2015-2019 жылдары Көкшетау қаласының әкiмi ретiнде қызметiн атқарды. 2019 жылдың 19 наурыздан бастап Ақмола облысының әкiмi. «Құрмет» орденiмен (2011), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» (2001), «Ерен еңбегi үшiн» (2004), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталды. Қазақстан Республикасы туризмнiң құрметтi қызметкерi (2007), Қазақстан Республикасының үздiк кәсiпкерi (2002) атағына ие. Бокс бойынша спорт шеберi.

Құрылған күні: 16.11.2015 11:06
Жаңартылған күні: 04.07.2019 12:03
Қаралым саны: 31845
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус