Көкшетауда әлеуметтік қорғаусыз отбасыларға пәтер кілттері табысталды

Бүгiн Көкшетауда мемлекеттiк рәмiздер күнiнде Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың қатысуымен «Нұрлы жер» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша тұрғызылған тұрғын үй кешенiнiң салтанатты ашылу рәсiмi өттi. Алғашқы 70 жаңа пәтер иелерi — көп балалы отбасылар, ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар, мүмкiндiгi шектеулi азаматтар мен басқа да халықтың әлеуметтiк осал топтары.

«Елiмiзде әлеуметтiк мәселелердi шешу, сонымен қатар ана мен баланы қорғауға үлкен мән берiлуде. Бүгiн тағы бiр ерекше оқиға бастау алайын деп тұр, ол ауқымды кәсiпорынның көп балалы отбасылар мен басқа да әлеуметтiк осал топтағы азаматтарға пәтер кiлттерiн табыстауы», — деп хабарлады құттықтау сөзiнде өңiр басшысы Ермек Маржықпаев.

Көкшетау қаласында 2 мыңнан астам көп балалы ана тұрады, соның iшiнде тұрғын үй кезегiнде тұрғандар саны 400-ге жуық.

Айта кетейiк, соңғы жылдары Ақмола облысында тұрғын үй құрылысы аясында көптеген жұмыстар атқарылды. «Нұрлы жер» бағдарламасын 2 жыл iске асыруда 900 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi. 8350 отбасы тұрғын үй мәселелерiн шештi. Мемлекеттiк инвестиция есебiнен 11 жалға берiлетiн, 3 несиелi үй салынды.

Ағымдағы жылы Сарыарқа жаңа ықшам ауданында тағы 17 көп қабатты үйдiң құрылысы басталды және барлық топтағы азаматтарға 480 пәтердi, сонымен қатар тұрғын үй құрылысы қорының жүйесi арқылы пайдалануға беру жоспарланған.

 

   

Құрылған күні: 04.06.2019
Қаралым саны: 645
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус