Ақмола облысында Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді

Көкшетауда мерекелiк күн Абай орталық көшесiндегi «Менiң Қазақстаным!» атты сәулет композициясында ҚР Мемлекеттiк туымен жастардың шеруiнен басталды. 

Шара Бiржан сал атындағы музыкалық колледж оқушыларының хоры Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әнұранын орындаумен басталды.

Мерекелiк iс-шараны аша отырып, облыс әкiмi Ермек Маржықпаев барлық ақмолалықтарға құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстанның Мемлекеттiк рәмiздерiнiң рөлi мен маңыздылығын атап өттi: «Ту, Елтаңба және Әнұран — егемендiктiң атрибуттары ғана емес, бұл патриотизм, Отанға деген сүйiспеншiлiк сияқты рухани ұғымдардың жанды iске асырылуы. Бұл бiздiң абыройымыз, мақтанышымыз және рухани құндылықтарымыз. Сондықтан Мемлекеттiк рәмiздерге деген көзқарас — бұл адамдардың өз елiнiң азаматы ретiнде қаншалықты сезiнетiндiгiнiң, болашағына деген сенiмiнiң, патриоты болып таблатындығының көрсеткiшi», — деп атап өттi аймақ басшысы.

Облыс орталығында Мемлекеттiк рәмiздер күнiн мерекелеу өзiнiң жеке үлгiсiмен, әр саладағы табыстарымен және жетiстiктерiмен, Отанға деген сүйiспеншiлiк пен адалдықты жоғары ерлiкпен дәлелдегендердi атап өтуге тамаша себеп болды. Мемлекет пен қазақстандық патриотизмдi қалыптастыруға үлкен үлес қосқан он адам Ақмола облысы әкiмiнiң атынан алғыс хат алды.

Акцияны өткiзу орнынан Мемлекттiк туларды ұстап желмен жарысқан әсерлi автожарыс басталды.

Iс-шара облыстың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттiк бағдарламен аяқтады.

  

Құрылған күні: 04.06.2019
Қаралым саны: 538
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус