Құрметті ақмолалықтар!

Сiздердi бүгiнгi айтулы мереке — елiмнiң елордасы — Нұр-Сұлтан қаласы күнiмен құттықтаймын!

Елiмiздiң Тұңғыш президентi, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен 30 жыл iшiнде Қазақстан құқықтық, әлеуметтiк, экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асырып, айтарлықтай жетiстiктерге қол жеткiздi және тәуелсiз ел ретiнде әлем қауымдастығынан лайықты орнын алды.

Қазақстан Республикасының астанасын көшiру жөнiндегi Елбасы шешiмi тарихымызда алтын әрiптермен жазылып, мәңгi сақталып қалды. Бүгiнгi күнi Нұр-Сұлтан елiмiздiң мақтанышы, жүрегi және басты рәмiзi болып отыр. Қазiр Елорда заман талабына сай қарқынды дамып келе жатқан тарихи-мәдени, ғылыми-ағарту және iскерлiк орталығы.

Бүгiнгi мерекелi күнi баршаңызға зор денсаулық, ашық аспан және Отанымыздың игiлiгi үшiн жасап жатқан еңбектерiңiздiң жемiстi болуын тiлеймiн!

Iзгi тiлекпен,
Ақмола облысының әкiмi
Ермек Маржықпаев

Құрылған күні: 06.07.2019
Қаралым саны: 3481
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус