Ермек Маржықпаевтың Есіл және Жарқайың аудандарына жұмыс сапары

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Есiл, Жарқайың аудандарына барып, "Есiл Ман" және "Мадияр К" ЖШС-нiң егiс алқаптарында өңiрлердiң диқандарымен кездестi. Шаруашылық басшылары егiстiк жұмыстарының 2-3 күн iшiнде аяқталатынын жеткiздi.

Есiл ауданында астық және бұршақ тұқымдастарының егiстiк алқабы 440 мың гектарды құраса, Жарқайың ауданында 635 мың гектар алқапқа тұқым себу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер төмендетiлген бағадағы жанар-жағар маймен толық қамтылған. Көктемгi науқанда жоғары сапалы тұқым қолданылуда, әсiресе жергiлiктi элиталық тұқым шаруашылықтарының өнiмi сұранысқа ие. Аграрлық шаруашылықтар заманауи техникалармен жабдықталған.

Әңгiме барысында мамандарды даярлау мәселесiн қозғаған Ермек Маржықпаев, диқандарды дуалды оқытуды жүзеге асыру шеңберiнде Есiл қаласының Агротехникалық колледжiмен әрiптестiк байланыс орнатуға шақырды. Бұл оқу орны 60 жылдан берi бiлiктi мамандар даярлап келе жатқан қара шаңырақ. Оқу орнының аумағында 14 ғимарат орналасқан: оқу корпусы, 5 зертхана, өндiрiстiк шеберханалар, 2 жатақхана, қоғамдық-тұрмыстық корпусы бар. Мұнда сұранысқа ие агротехникалық мамандықтар бойынша облыс жастары бiлiм алуда, аймақтағы Жарқайың, Жақсы, Есiл аудандарының жастарына кәсiптiк бiлiм беретiн бiрден-бiр оқу орнына айналған.

"Мен бүгiн колледжде болдым. Бұлар сiздердiң балаларыңыз-болашақ дәнекерлеушiлер, механизаторлар, тракторшылар. Оларды тәжiрибеге шақырыңыздар. Әлеуеттi жұмыс берушiлер ретiнде сiздер олардың бәсекеге қабiлеттiлiгiне мүдделi болуға тиiссiздер. Тәжiрибелi тәлiмгерлердiң қолдауымен сiздердiң озық техникаларыңызда жұмыс iстей отырып, балалар өз бiлiмдерiн қолдану үшiн лайықты жағдайларға ие болады деген сенiмдемiн. Аграрлық саланың бiлiктi мамандарын барлығымыз бiрлесе дайындауымыз керек", — деп аймақ басшысы атап өттi.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкiмi егiстiк науқанына оң баға берiп, диқандарға қолайлы ауа-райы жағдайлары мен толайым табыстар тiледi.

Есiл ауданында өңiр басшысы егiстiк алқабы 44 мың гектарды құрайтын iрi ауылшаруашылық кәсiпорыны"Заречное" ЖШС барды. Егiн шаруашылығына қоса кәiспорын мал шаруашылығын дамытуда. 1500 басқа арналған IҚМ бордақылау алаңы, мал сою цехы жұмыс iстейдi. Асыл тұқымды шошқаларды әкелу жоспарлануда.

Кәсiпорын ауыл тұрғындарының әлеуметтiк-мәдени өмiрiне белсене қатысады. Шаруашылық қаражаты есебiнен мәдениет үйiне жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп, музыкалық жабдықтар сатып алынған, ауыр атлетика мектебi және энерготиiмдi қазандық салынған. Соңғы нысанның бiр ғажабы, тәулiгiне 12 түктi сабанды жағу 5000 шаршы метрден астам жайды жылытуға мүмкiндiк бередi. Нәтижесiнде балабақша, мәдениет үйi, спорт мектебi және екi қабатты тұрғын үй жылумен қамтылған.

Ауылдың әлеуметтiк дамуына Жарқайың ауданының ауыл шаруашылығы кәсiпорындары да ерекше көңiл аударуда. Костычево ауылында Ермек Маржықпаев ангарлық үлгiдегi спорт залының құрылысын және жаңартылған Мәдениет үйiн аралап көрдi. "Жарқайың" ЖШС спорт залының құрылысына 28 миллион теңге қаржы жұмсаса, мәдениет үйi "Костычев" ЖШС 75 миллион теңге қаржысына қалпына келтiрiлген.

Осы күнi өңiр басшысы Есiл және Державинск қалаларындағы екi көп пәтерлi үй құрылысының барысын, сайлау учаскелерiнiң жұмысын тексердi және "Аминов" ЖК сүт цехiнде болды.

Аудан орталықтарындағы мектептер мен Жарқайың аудандық ауруханасына барған кезде облыс әкiмi жауапты тұлғаларға аумақты абаттандыру мен көгалдандырумен айналысуды тапсырды.

  

Құрылған күні: 01.06.2019
Қаралым саны: 578
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус