Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Мемлекеттiк рәмiздерi күнiмен құттықтауы

Құрметтi ақмолалықтар!

Сiздердi шын жүректен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi күнiмен құттықтаймын!

Ту, Елтаңба және Әнұран — бiздiң ұлттық құндылығымыз, елiмiздiң тарихына терең құрмет көзi, жоғары азаматтық ұстанымды бiлдiру белгiсi. 1992 жылдың 4 маусымы — халықтың жадында тәуелсiз Қазақстанның мемлекеттiк рәмiздерi өмiрге келген күн ретiнде мәңгi қалатын дата.

Осы жылдар iшiнде мемлекеттiк символдар Қазақстанның айрықша бiр брендiне, саяси, әлеуметтiк-экономикалық табыстарымыздың айғағына айналды. Бүгiнгi таңда бiздiң Отанымыз дамудың жаңа кезеңiне қадам басты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялай отырып, елiмiздiң жаңа бейнесiн қалыптастыруда ең алдымен қазақстандық жастарға айрықша үмiт артады.

Мемлекеттiк рәмiздердi қастер тұту және оған құрметпен қарау — әр азаматтың қасиеттi борышы мен мiндетi. Отанға деген сүйiспеншiлiк, адалдық, ар-ұят, елiмiздiң болашағы үшiн жауапкершiлiк сияқты рухани құндылықтар рәмiздерiмiз арқылы қалыптасады.

Осы мереке күнi сiздерге зор денсаулық, бақыт және жақсылық, бiздiң Отанымыз — тәуелсiз Қазақстанның игiлiгi жолындағы еңбекте табыс тiлеймiн!

Құрылған күні: 04.06.2019
Қаралым саны: 570
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус