Аппараттық кеңесте абаттандыру мәселелері талқыланды

Бүгiн, аппараттық кеңесте Ақмола облысының әкiмi Ерлан Маржықпаевтың төрағалық етуiмен туризмдi дамыту және өңiрдiң елдi мекендерiн санитарлық тазалау мәселелерi қаралды.

Туризм басқармасының басшысы Ерлан Мұратов ақпараттандырғандай, Бурабай кентiнде жапырақты тұқым көшеттерi отырғызылуда, жағажай аймағының аумағында 10 модульдi және стационарлық дәретхана орнату жоспарлануда, Абылай хан алаңында «Шале» бiрыңғай үлгiде кәдесый дүңгiршектерi орнатылды, жаяу жүргiншi және велосипедшiлер жолдарының құрылысы аяқталды, «Жайлау» киiз үй қалашығының демалу базасы ұйымдастырылды.

Зерендi курорттық аймағында жағажай аймағын абаттандыру жүргiзiлдi, киелi жерлер бойынша туристiк маршруттар әзiрлендi, «Щучинск-Зерендi» трассасының бойында жол бойы сервисiн салу жоспарлануда. Өткен жылдан берi Қорғалжын ауданында Қазақстандағы жалғыз орнитологиялық орталық жұмысына кiрiстi.

Жазғы туристiк маусымға «2GIS-Kokshetau» картографиялық сервис Бурабай курортының аумағын толығымен қамтыды және Зерендi ауданының ақпараттық картасын әзiрлеудi бастады. Қазақстандық туроператорлармен және отельдермен тығыз байланыста туртоптамаларын қалыптастыру және сату бойынша «Visit Aqmola» Call-орталығы (+7 708 801 0000) жұмыс iстейдi. Облыстың тартымдылығын және жыл бойғы жүктелуiн қамтамасыз ету мақсатында, бизнестi тарту арқылы «Four seasons» тұжырымдамасы iске асырылуда.

Ақпаратты тыңдап, облыс әкiмi Ермек Маржықпаев Бурабай ауданының әкiмiне және салалық басқармалардың басшыларына бiрқатар сыни ескертулер айтты: «Өте әдемi баяндайсыз, ал шын мәнiсiнде ештеңе iстелген жоқ. Бурабай кентiнде абаттандыру бойынша жұмыс жүргiзiлмейдi. Жағдай сын көтермейдi. Шөп шабылған жоқ, гүл отырғызған жоқ, жолдар бұзылған. Ағаш отырғызумен кеш қалдыңыздар».

Өңiр басшысы жағажай дәретханаларының және қоқысқа арналған контейнерлердiң санын арттыру, тамақтану және сауда пункттерiнiң тиiстi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және тұтастай алғанда санитариялы тәртiпке келтiру бойынша нақтылы iс-тәжiрибелi шешiм табуды тапсырды. «Бұл өте маңызды мәселе. Жағажай — заманауи демалу орны. Бурабай мен Зерендiде демалушыларға барынша жайлы жағдай жасалуы қажет», — деп атап өттi Ермек Маржықпаев.

Абаттандыру бойынша көктемгi айлықтың қорытындысы туралы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Иван Юрченко баяндады. Жергiлiктi жерлерде аудандар мен қалалардың әкiмдiктерiмен 550 елдi мекенде сенбiлiктер өткiзiлдi, жалпы санынан қамту 89% құрады. Ағымдағы жылы 329 стихиялы қоқыс орны анықталды, оның iшiнде 278-i жойылды. 255 шағынгүлбағы мен саябақтар нормаға келтiрiлдi, 44 мыңнан астам ағаштар мен талдар отырғызылды.

Ермек Маржықпаев баяндамашыға қадағалайтын басшы ретiнде елдi мекендердiң абаттандырылуын өзi тексермейтiнiн есiне салды. «Өңiрлерге жұмыс сапарларының барысында жекелеген аудандарда көгалдандырумен, рұқсат етiлмеген қоқыс орындарын жоюмен мүлдем айналыспайтынын көрдiм, ғимараттар қасбеттерiнiң эстетикалық келбетiне көп наразылықтар айтылуда. Бақылайтын органдармен бiрлесiп, барып мәселенi шешiңiз», — деп облыс әкiмi Иван Юрченкоға тапсырма бердi.

   

Құрылған күні: 03.06.2019
Қаралым саны: 585
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус