Е. Біртанов денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту туралы: алдағы 3 жылда 5500-ден астам нысан салу жоспарланған

Бүгiн Елбасының «Әлеуметтiк қамқорлық» әлеуметтiк шараларын iске асыру мәселелерi бойынша өңiрлерге сапарлар қорытындысы туралы баспасөз конференциясында денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртанов жергiлiктi жерлердегi медициналық инфрақұрылымды дамыту туралы айтып бердi.

Е. Бiртановтың айтуынша, өңiрлердiң медициналық жабдықтармен жарақталу дәрежесi түрлiше. Алда 3 жыл iшiнде ауылдық аудандық ауруханалар мен емханаларды минимальдi жарақтандыру стандартына дейiн жеткiзу мiндетi тұр.

«Көптеген медициналық мекемелер күрделi жөндеудi, қайта салуды қажет етедi. Бiз өңiрлердiң әкiмдерiмен бiрлесiп қазiр 2026 жылға дейiн сегiз жылдық кезеңге денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың перспективалы жоспарларын келiстiк. Соның аясында алдағы 3 жылда 5500-ден астам денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған, тек 2019 жылы 238 нысан салынады — басым бөлiгi ауылдық жерлердегi амбулаторлық-емханалық сипатта», — дедi денсаулық сақтау министрi.

Өңiрлердiң тұрғындарының медициналық көмекке қолжетiмдiлiгiн 3 жыл iшiнде 100% қамтамасыз ету мiндетi тұр.

«Ауылдық жерлерде шағын денсаулық сақтау нысандарын салу үшiн жергiлiктi бюджеттiң түрлi механизмдерi мен қаражаты пайдаланылады, iрi ауылдық нысандарды салу үшiн бiз республикалық бюджеттен қаражат бағыттаймыз. Қалаларда бюджеттiк қаржыландырудан басқа, мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiктi дамытатын боламыз», — дедi Е. Бiртанов.

Бұдан басқа, Е. Бiртанов бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстар туралы айтып бердi.

«Кейбiр елдi мекендерде, әсiресе, ауылдарда учаскелiк дәрiгерлер артық жүктемемен жұмыс iстейдi, бұл медициналық көмек сапасының төмендеуiне әкеледi. Сондықтан келесi жылдан бастап 6300-ге жуық медициналық қызметкерлер нақты медициналық ұйымдар бойынша бағытталатын болады (ауылдық жерлерге). Бұл iс-тәжiрибе үш жылға созылады, бiрiншi кезекте бiз ауылдық деңгейдегi нысандарды толықтыратын боламыз», — деп түйiндедi Е. Бiртанов.

https://primeminister.kz/kz/news/all/18408

Құрылған күні: 06.05.2019
Қаралым саны: 6805
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус