Ақмола облысының әкімі ірі фин компанияларының өкілдерімен кездесті

Бүгiн, Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев шетелдiк «Onninen», «Koja», «Fenno Water» компанияларының өкiлдерiмен кездестi, онда Щучинск-Бурабай курорттық аймағының көлдерiн тазалау және санациялау мәселелерi талқыланды.

Қонақтарға көлдердiң түбiн механикалық тазалау нұсқасын қарастырып бекiтiлген жұмыс жобасы таныстырылды. Мамандардың сөзi бойынша, бұл технология фауна балансын бұзбайды, су көлемiн арттырады және қоршаған ортаға зиян келтiрмейдi. Тұнба шөгiндiлерiн жою және сорғыту үшiн земснарядтарды, сепативтi қондырғыны және центрафуганы қолдану жоспарлануда. Сөз кезегiнде айта кету қажет, Шортан және Бурабай көлдерi 1922 жылдан берi тазартылған жоқ.

Осы жобаны жүзеге асырумен айналысатын компанияны мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор анықтайды. Жұмыс сапасына мониторингтi жергiлiктi атқарушы орган жүзеге асыратын болады.

Тұтастай алғанда, фин тарапы осы жоба бойынша алдағы конкурсқа қатысуға қызығушылық танытты.

Құрылған күні: 05.06.2019
Қаралым саны: 590
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус