Ақмола облысының әкімі брифинг өткізді

Бүгiн, Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев брифинг өткiздi, оның барысында өңiрде Арыс қаласының тұрғындарын қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып бердi және журналистердiң сұрақтарына жауап бердi.

Облыста орталықтандырылған арнайы есепшот ашылды және «Бастау Ақмола» қоғамдық қоры арқылы зардап шеккендерге көмек көрсетуге қаражат жинау ұйымдастырылды. Өңiрдiң бизнес-қауымдастығы да белсендi қатысуда, зардап шеккендерге көмек көрсету қорына облыстың 70 кәсiпорнының ұжымдары қаражат аударды.

Көкшетауда «Арыс. Бiз бiргемiз!» жалпы республикалық акция аясында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының және басқа да партиялардың, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының, «Iскери әйелдер қауымдастығы» жанында гуманитарлық көмек жинау жөнiндегi штабтар құрылды. Сондай-ақ, гуманитарлық көмек жинау «Жаңа толық» ЖҚБ ерiктiлерiмен де жүзеге асырылуда.

Арыс қаласынан 500-ден астам балалардың демалуы және сауығуы үшiн, балалардың 5 сауықтыру орталығы, бiр демалу аймағы және бiр республикалық оқу-сауықтыру орталығы айқындалды. Балаларға психологиялық көмек көрсетiлетiн болады, облыстық балалар шығармашылық ұжымдарының концерттерi, киелi және туристiк орындарға экскурсиялар ұйымдастырылады.

ТЖ салдарын жою жұмысын жүргiзу мақсатында, ҚР Үкiметiмен елдiң барлық өңiрлерiне қалпына келтiру жұмыстарына қатысу тапсырылды. Арыс қаласы 17 учаскеге бөлiндi, оның iшiнде 470 объектiсiмен бiреуi Ақмола облысына бекiтiлiп берiлдi.

Ғимараттар мен имараттардың берiктiлiгiн, тұрақтылығын техникалық тексеру мақсатында, қаланың әлеуметтiк, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымына келтiрiлген шығынды бағалау бойынша жедел шаралар қолдану және қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн, Ақмола облысының әкiмдiгiмен жұмыс тобы құрылды, оны облыс әкiмiнiң орынбасары Асқар Мұратұлы басқарады.

27 маусымнан бастап, жұмыс тобы Арыс қаласында. 205 тұрғын үй, 3 әлеуметтiк және 10 коммерциялық объект жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын қажет етедi. Қазiргi уақытта, учаскеде 5 компания, атап айтқанда — сметалық, сараптамалық және 3 мердiгер ұйым жұмыс iстейдi. Өңiр басшысы Ермек Маржықпаев қатысушыларға тұрғын үйлердiң нобайлы жобаларын таныстыра отырып, «Бiз үйлердi бiрыңғай сәулет үлгiсiнде салуға тырысамыз», — деп хабарлады.

Сондай-ақ, облыста Түркiстан облысына жiберу үшiн ерiктiлер десанты құрылды. Оның құрамына психологтар мен ерiктiлер кiрдi, барлығы 20 адам.

Брифинг соңында облыс әкiмi Арыс қаласының тұрғындарына қиын кезде көмек қолын созған ақмолалықтарға алғысын бiлдiрдi.

 

Құрылған күні: 02.07.2019
Қаралым саны: 3783
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус