Ақмола облысының әкімі Аршалы және Целиноград аудандарының ауылдық округтеріне тексеріс жүргізді

Аршалы және Целиноград аудандарына iс-сапар барысында Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың ауылдарды дамыту сұрағына ерекше назар аударды. Өңiр басшысы әлеуметтiк инфрақұрылым нысандарымен, көше-жол жүйесiмен, электр- және сумен қамту жүйелерiнiң жағдайымен танысты.

Аршалы ауданының Қостомар ауылында Ермек Маржықпаев жалпы ұзындығы 19 км құрайтын суқұбыры жүйесiнiң құрылыс барысын тексердi. Жобаның құны — 425 млн теңге. Жұмыстар 1 тамызға орай аяқталатын болады. Сонымен қатар, осы жерде 374 млн теңге соммасына аулдар iшiндегi жолдардың 6,5 км күрделi жұмысын жүргiзу жоспарланған. Целиноград ауданының Талапкер ауылында жол жұмыстары жүргiзiлiп жатқан екi нысанды облыс әкiмi жеке тексердi. Аталған елдi мекенде 2017 жылдан бастап көше-жол жүйелерiнiң құрылысы бойынша жоба жүзеге асырылуда. Бүгiнгi таңда ұзындығы 10 км жол асфальтталған және 4 көшеде асфальт астына негiздердi әзiрлеу жұмысы жүргiзiлуде. Өңiр басшысы мердiгер ұйымдармен өз әңгiмесiнде құрылыс жұмыстарының жоғары сапасын қамтамасыз етудi талап еттi.

Сапасыз құрылыстың салдары облыс әкiмiнiң барған келесi екi нысанында егжей-тегжелi талқылаудың тақырыбы болды. Бұл — Қостомар ауылының фельдшер-акушерлiк пунктiнде шатырдың ағуы және Талапкер ауылының №3 орта мектебiнiң суға кеткен жертөлесi. Медициналық нысан эксплуатацияға 2015 жылы берiлген, бiлiм мекемесi — 2012 жылы. «Жаңа шатырдан қалай су ағуы мүмкiн? Нелiктен қабырғада жарықтар бар? Бұл құрылысшылардың немқұрайлығы. Ғимарат осындай жағдайда болған, өте жаман» — дедi облыс әкiмi. Өз кезегiнде Аршалы аудандық ауруханасының бас дәрiгерi Альбина Анюхина ФАП-те ағымдағы жылға жөндеудiң жоспарланғаны туралы ақпарат бердi.

Мектеп тексерiсiнiң қортындылары бойынша Ермек Маржықпаев мәселенi шешудiң өз көз-қарасын айтты: «Сiз мектептi жоғалтасыз. Осында төтенше жағдай. Бiрге ойлайық. Техникалық жертөле үшiн орын қалдыру қажет, қалғанын жергiлiктi карьерден инерттi материалмен жабып үсiтне бетон төгу қажет. Жер асты суларын шығару ұшiн шұңқырларды жасау қажет, — деп атап өттi облыс әкiмi және де жұмыстардың аяқталу мерзiмiн — оқу жылы басталғанша дейiн белгiледi.

Өңiр басшысы Қостомар а. орта мектебiне және Целиноград ауданының екi жаңа мектептiң құрылыс алаңдарына барып қайтты. Жобалық қуаттылығы 900 оқу орнына арналған Қоянды а. орта мектебiнде өткен оқу жылында 3000-ға жуық бала оқыды. Бүгiнгi таңда осында 1200 орынға заманауи 4-этажды мектеп салынуда. Атқарылған жұмыстың көлемi мен сапасына баға берiп, облыс әкiмi мердiгерге өзiнiң ресурстарын жұмылдырып нысанды жаңа оқу жылына табыстауды ұсынды.

Сондай-ақ, 67 оқушыға арналған Қажымұқан ауылының негiзгi мектебiнiң жүктемесiн азайту мақсатында 300 орынға арналған жаңа мектептiң құрылысы жүргiзiлуде. Оны iске қосу 2019 жылдың желтоқсанына жоспарланған.

Әрбiр елдi мекенде сәйкесiнше келетiн аудан әкiмдерi Талғат Мұханбеджанов пен Малғаждар Тәткеев алдағы екi жылға ауылдардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамыту бойынша жоспарларын ұсынды. «Ауылдықтардың өмiр сүру сапасын арттыру мемлекеттiк саясаттың басым бағыты болып табылады. Су-, электр қуатымен қамту, жол мәселелерiмен егжей-тегжейлi айналысу керек және оларды шешуге кешендi түрде қарау қажет», — деп аяқтады Ермек Маржықпаев.

 

Құрылған күні: 08.06.2019
Қаралым саны: 522
Қонақтарға арналған ақпарат

Қаз Рус