Ақмола облысы әкiмi аппараты басшысының орынбасары

                                             Николай Афанасьевич Политкин

 

 

 

 

1954 жылы туған. Омбы мемлекеттiк педагогикалық институтын (тарих және қоғамтану мұғалiмi), Алматы жоғарғы партия мектебiн (партия және кеңес құрылысы саласындағы маман, ғылыми коммунизм оқытушысы) бiтiрдi.

2011 жылдың тамыз айынан бастап осы лауазымда жұмыс iстейдi.

Мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен және Премьер-Министрiнiң Кеңсесiмен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. ҚР Президентi мен Премьер-Министрiнiң тапсырмаларын орындау бойынша ақпарат дайындау. Облыс әкiмi аппаратының iшкi мәселелер қызметiн үйлестiру, әкiмдiк мәжiлiстерiн, активтердi және облыс әкiмiнiң қатысуымен өтетiн кеңестердi ұйымдастыру және дайындау. Облыс әкiмi аппаратының iшкi мәселелерiн ұйымдастыру-иснпекторлық жұмыс бөлiмi мен құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң қызметтерiн қоса үйлестiру. Мемлекеттiк жоғары тұрған органдар актiлерiнiң, тапсырмаларының, облыс әкiмi мен оның орынбасарларының шешiмдерi мен өкiмдерiнiң, облыс әкiмi аппараты басшысы бұйрықтарының орындалуын бақылау және ұйымдастыру. Облыс әкiмi аппараты бөлiмдерiнiң, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерi аппараттарының жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын, бағдарламалық құжаттарын, сондай-ақ, облыс әкiмiнiң тапсырмаларын орындау жөнiндегi қызметтерiн үйлестiру. Облыс әкiмi мен аппарат басшысының қатысуымен өткiзiлетiн әкiмдiк отырыстарын, активтер мен кеңестердi ұйымдастыру мен дайындау. «Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру және қайта дайындау аумақтық орталығы» ШЖҚ МКК қызметiн үйлестiру.

телефоны: 8 (7162) 29-72-09

е-mail: politkin_na@akmo.kz

 

Құрылған күні: 15.05.2015 17:27
Жаңартылған күні: 11.04.2018 10:35
Қаралым саны: 2103

Қаз Рус Eng