Ақпараттық технологиялар бөлiмiнiң басшысы

 Айтпергенов Азамат Аслымбекұлы

 

 

 

1986 жылы туған. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетiн (информатика бакалавры), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетiн бiтiрдi (экономика және бизнес бакалавры).

2018 жылдың шiлде айынан бастап осы лауазымда жұмыс iстейдi.

Қызметтiк мiндеттерi: Бөлiм жұмысын жалпы басқару. Облыс әкiмiнiң және облыс әкiмi аппаратының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметiн қамтамасыз ету. Облыс әкiмi аппаратының, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерi аппараттарының техникалық құралдарды, бағдарламалық қамтамасыз ету және жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгiзудi тиiмдi пайдалануға талдау жүргiзу. Ақпараттық технологияларды енгiзу бөлiгiне қатысты жоғары тұрған органдардың құжаттарын, облыс әкiмдiгiнiң қаулыларын, облыс әкiмiнiң және облыс әкiмi аппараты басшысының өкiмдерiн, шешiмдерi мен тапсырмаларын орындау және бақылау. «Сайлаушы» автоматтандырылған ақпараттық жүйенi жүргiзу. «Электрондық үкiмет», «электрондық әкiмдiк», Lotes Notes бағдарламаларының қызмет етулерiн және «Заң» ДБ, Е-қызмет ЫАЖ уақытында жаңартуды қамтамасыз ету. Облыс әкiмi аппаратының Web-ресурсының мемлекеттiк, орыс және ағылшын тiлдерiнде қызмет көрсетуiн қамтамасыз ету. Жергiлiктi атқарушы органдардың «электрондық үкiмет», «электрондық әкiмдiк», электрондық құжатайналымының қызмет етулерiн қамтамасыз ету, көрсетiлген мәселелерге қатысты тапсырмаларды орындау.

Бөлiмнiң мiндеттерi: Облыс әкiмiнiң және облыс әкiмi аппаратының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметiн қамтамасыз ету. Облыс әкiмi аппаратының, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерi аппараттарында техникалық құралдарды, бағдарламалық қамтамасыз ету мен жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгiзудi, олардың тиiмдi пайдалануына талдау жүргiзу.

телефоны: 8 (7162) 29-72-72

е-mail: aitpergenov_aa@akmo.kz

Бөлiмнiң қызметкерi:

Бас маман Аралбаева Жәннәт Сәлімбекқызы 297357
Бас маман Немешев Игорь Сергеевич 297214

 

Құрылған күні: 14.05.2015 10:38
Жаңартылған күні: 24.07.2018 11:19
Қаралым саны: 2529

Қаз Рус Eng