Әкiмнiң аппараты
Мәлiк Кеңесбайұлы Мырзалин

Ақмола облысының әкiмi

Мәлiк Кеңесбайұлы Мырзалин

телефон: 8 (7162) 29-72-00

e-mail: akim@akmo.kz

Мәлiк Кеңесбайұлы Мырзалин, 1971 жылы туған, бiлiмi жоғары, Москва мемлекеттiк халықаралық қатынастар институтын бiтiрген. Саяси ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолын 1989 жылы бастады. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда жұмыс iстеу тәжiрибесi бар. 1995 жылдың қазанынан 2004 жылдың қаңтарына дейiн ҚР СIМ жүйесiнде, 2004 жылдың қаңтары мен 2006 жылдың сәуiрi аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы болып iстедi. 2006 жылдың сәуiрнен бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары, 2007 жылдың наурызынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары лауазымдарын атқарды. 2008 жылдың қарашасынан 2009 жылдың желтоқсанына дейiн «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысы орынбасарының лауазымын атқарды. 2010 жылдың сәуiр-мамыр айларында — «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ президентiнiң кеңесшiсi болып iстедi. 2010 жылдың мамырынан 2011 жылдың тамызына дейiн Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасы аппараты басшысының лауазымын атқарды. 2011 жылдың тамызынан бастап 2013 жылдың шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң жауапты хатшысы болды. 2013 жылғы шiлдеде Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқарушысының орынбасары, кейiн 2017 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқарушысының бiрiншi орынбасары болып тағайындалды.

2017 жылғы наурыздан бастап Ақмола облысы әкiмiнiң лауазымын атқарады.

«Құрмет» орденiмен, «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен наградталған.

Облыс әкiмi

Мәлiк Кеңесбайұлы Мырзалин

• Облыс әкiмдiгi мен облыс әкiмi аппаратының қызметiн басқару.

• Облыс әкiмi орынбасарының, облыс әкiмi аппараты басшысының, облыстық атқарушы органдардың, аудандар, Көкшетау және Степногорск қалалары әкiмдерiнiң жұмыстарын үйлестiру, аумақтық органдардың келiсiп жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.

• Экономикалық, қаржылық, фискалдық саясаттың, жергiлiктi бюджеттiң стратегиялық мәселелерi.

• Кадрлық саясат мәселелерi.

• Қорғаныс және құқықтық тәртiп мәселелерi.

• Нормашығармашылық қызметiн үйлестiру.


Қанат Мұратұлы Ыдырысов

Облыс әкiмiнiң орынбасары

Қанат Мұратұлы Ыдырысов

телефон: 8 (7162) 29-72-50

e-mail: idrisov_km@akmo.kz

Қанат Мұратұлы Ыдырысов, 1967 жылы туған, жоғары бiлiмдi, ғалым-агроном бiлiктiлiгi бойынша Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау филиалын, 1997 жылы бухгалтер-экономимст бiлiктiлiгi бойынша Республикалық салааралық есеп және статистика институтын бiтiрген.

Еңбек жолын 1991 жылы Көкшетау облысы «Садовый» кеңшарында агроном болып бастады. 1992-1999 жылдар аралығында Көкшетау және Ақмола облысы бойынша салық басқармасында түрлi лауазымдарда жұмыс iстедi. 2000-2006 жылдары Атбасар ауданы бойынша салық комитетi төрағасының, 2006-2008 жылдары «Бурабай» МҰТП» директоры орынбасарының лауазымдарын атқарды. 2008-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасында жауапты лауазымдарды атқарды.

2018 жылғы қаңтарда Ақмола облысы әкiмi орынбасарының лауазымына тағайындалды.

«Ерен еңбегi үшiн» медалiмен наградталған.

Облыс әкiмiнiң орынбасары

Қанат Мұратұлы Ыдырысов

• Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарын, Елiмiздi аумақтық-кеңiстiктiк дамытудың 2020 жылға дейiнгi болжау схемасын, Өңiрлердi дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасын, Нәтижелi жмұыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, Әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған болжамын, Қазақстан Республикасында жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамытудың тұжырымдамасын, Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру.

• Экономикалық жоспарлауды қамтамасыз ету, қаржылық және салық жүйелерiн дамыту мәселелерi.

• «Жасыл экономиканы» дамыту мәселелерi.

• «Көлеңкелi» экономиканың мәселелерi.

• Облыстағы әлеуметтiк-экономикалық ахуалды болжау және талдау, бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру.

• Жергiлiктi атқарушы органдар штат саны лимитiнiң мәселелерi.

• Облыс аумағын дамыту мәселелерi.

• Мемлекеттiк сатып алу мәселелерi.

• Бюджеттiң атқарылуы мен игерiлуiнiң мәселелерi (жинақтау және талдау).

• Жобалық басқару мәселелерi.

• Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiк мәселелерi.

• Мемлекеттiк органдар қызметтерiнiң тиiмдiлiгiн бағалау мәселелерi (жинақтау және талдау).

• Мемлекеттiк қызмет көрсету және автоматтандыру, соның iшiнде рұхсат беру қызметiнiң мәселелерi.

• «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң қызметiн үйлестiру.

• Әкiмшiлiк реформаларды жүзеге асыру мәселелерi.

• Жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыру мәселелерi.

• Өңiраралық сәйкессiздiк мәселелерi.

• Мемлекеттiк мүлiктi және коммуналдық меншiктi басқару және жекешелендiру мәселелерi.

• Квазимемлекеттiк саланы дамыту мәселелерi.

• Облыстық бюджеттiк комиссияның жұмысын ұйымдастыру.

• Жұмыспен қамту, халықты әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi.

• Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру, сондай-ақ тиiстi аударымдар бөлiгiнде мемлекеттiк қолдауды талап ететiн халықты персоналды есепке алуға байланысты болатын жұмысты ұйымдастыру мәселелерi.

• Адам құқықтарын қорғау мәселелерi.

• Сотталған және қылмыстық жазасын өтеп шыққан тұлғалардың құқықтарын қорғау мәселелерi.

• Халықтың көшi-қон саласындағы мәселелерi.

• Еңбек қатынастары мәселелерi.

• Жалақыны уақытында төлеу және жалақы бойынша берешектi өтеу мәселелерi.

• Мүгедектердiң құқықтарын қорғау мәселелерi.

• Азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi қызметi үйлестiру мәселелерi.

• Астана агломерациясын дамытудың 2020 жылға дейiнгi өңiраралық жоспары бойынша жинақтау және талдау.

• Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк мәселелерiн жинақтау және талдау.

• Инвестицияларды тартуды жинақтау және талдау.

• Қоғамдық тәртiптi және қауiпсiздiктi қорғау мәселелерi.

• Құқық бұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар құқық бұзушылықтар субъектiлерiнiң өзара әрекет етуiн ұйымдастыру жөнiндегi жедел жұмыстың мәселелерi.

• Стратегиялық объектiлердi қорғау мәселелерi.

• Адам саудасының мәселелерi.

• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелерi.

• Сотқа дейiнгi медиация мәселелерi.

• Еңбек медиациясының мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларда облыс әкiмiнiң алғыс хаттарымен, құттықтау хаттарымен марапаттау мәселелерi.

• Қадағалайтын салалардағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстердi қарау.

• Қадағалайтын салаларында цифрландыру мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында шағын кредиттеу мәселелерi.


Облыс әкiмiнiң орынбасары

Асқарбек Съезбекұлы Үйсiмбаев

телефон: 8 (7162) 29-72-78

e-mail: uisimbaev_as@akmo.kz

Асқарбек Съезбекұлы Үйсiмбаев, 1961 жылы туған, бiлiмi жоғары, инженер-механик бiлiктiлiгi бойынша Целиноград инженерлiк-құрылыс институтын, менеджер бiлiктiлiгi бойынша Мәскеу заң институтын бiтiрдi.

Еңбек жолын Целиноград облысы, Балкашино ауданы, «Веселовский» кеңшарында бастады. 1991-1998 жылдары ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң түрлi жауапты лауазымдарын атқарды. 1998-2002 жылдары Бұланды ауданының әкiмi, 2002-2004 жылдары Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, 2004-2012 жылдары Ақкөл ауданының әкiмi, 2012-2013 жылдары Целиноград ауданының әкiмi болды, 2013 жылғы наурыздан бастап Жарқайың ауданы әкiмiнiң қызметiн атқарды.

2017 жылғы қазанда Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды.

«Парасат», «Құрмет», ордендерiмен, мерекелiк медальдармен наградталған.

Облыс әкiмiнiң орынбасары

Асқарбек Съезбекұлы Үйсiмбаев

• Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын, Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын (екiншi бағыты), Астана қаласының төңiрегiнде азық-түлiк белдiгiн дамытудың 2015-2018 жылдарға арналған кешендi бағдарламаны жүзеге асыру.

• Ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсiп кешенiнiң, ветеринария, су қатынастарының, табиғи ресурстарды пайдаланудың, қоршаған ортаны қорғаудың мәселелерi.

• Көктемгi-егiстiк және егiн жинау жұмыстарын қаржыландыру мәселелерi.

• Жер қатынастары мәселелерi.

• Бағбаншылықты, бақшашылықты және саяжай шаруашылығын дамыту мәселелерi.

• Астана қ. айналасында жасыл желектi дамыту мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында облыс әкiмiнiң алғыс хаттарымен, құттықтау хаттарымен марапаттау мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстердi қарау.

• Қадағаланатын салаларда мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiктiң мәселелерi.

• Қадағаланатын салаларда инвестицияларды тарту мәселелерi.

• Қадағаланатын салаларда мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында шағын кредиттеу мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында қаражаттың игерiлу мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында жобалық басқару мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында цифрландыру мәселелерi.


Облыс әкiмiнiң орынбасары

Василий Леонидович Крылов

телефон: 8 (7162) 29-72-80

e-mail: krilov_vl@akmo.kz

Василий Леонидович Крылов, 1963 жылы туған, үш жоғары бiлiмi бар, Пермь мемлекеттiк педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттiк басқару академиясының жанындағы нарық институтын, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетiн бiтiрген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары Атырау облысы әкiмi аппараты шаруашылық басқармасының директоры, ҚР Президентiнiң Iс басқармасы «Қараөткел» РММ директорының орынбасары, Астана қаласы «Зеленстрой» МКМ коммуналдық шаруашылық департаментi директорының орынбасары, директоры болып жұмыс жасады.

2005 жылғы қаңтар мен 2007 жылғы қараша аралығында Алматы қ., Медеу ауданының әкiмi, кейiн 2008 жылғы сәуiрге дейiн Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары болып қызмет атқарды.

2008 жылғы сәуiр мен 2014 жылғы қараша аралығында — Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары.

Тағайындалғанға дейiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiнде мемлекеттiк инспектордың лауазымын атқарды.

Облыс әкiмiнiң орынбасары

Василий Леонидович Крылов

• «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын, тұрғын үй құрылысының «Нұрлы жер» бағдарламасын, Астана қаласына iргелес елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2020 жылға дейiнгi кешендi жоспарын, Қазақстан Республикасы өндiрiстiк күштерiн орналастыру схемасын жүзеге асыру.

• Астана агромерациясын дамытудың 2020 жылға дейiнгi өңiраралық iс-шаралар жоспарының аясында инфрақұрылымды дамыту мәселелерi.

• Сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерi.

• «Мекенжай тiзiлiмi» МДБ жүргiзу мәселелерi.

• Транзит, логистика дамыту мәселелерi;

• Көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымды дамыту мәселелерi.

• Жол қозғалысының қауiпсiздiгi мәселелерi.

• Жолаушылар тасымалдауын ұйымдастыру мәселелерi;

• Байланыс мәселелерi.

• Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сондай-ақ оны жаңғырту мәселелерi;

• Жылу беру маусымына дайындалу және өткiзу мәселелерi;

• Энергетика, коммуналдық қызмет және энергия үнемдеу, ҚТҚ басқару және өңдеу мәселелерi.

• Тұрғын үй қатынастары, соның iшiнде өңiрлердiң тұрғын үй қоры мәселелерi.

• Елдi мекендердi абаттандыру мәселелерi;

• Сумен қамсыздандыру және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерi.

• Iрi, топтық су құбырларының қызмет ету мәселелерi.

• Елдi мекендер үшiн жер асты суларын iздестiру мен барлау жұмыстары мәселелерi.

• Щучинск-Бурабай курорттық аймағын инженерлiк инфрақұрылым салу бөлiгiнде дамыту мәселелерi.

• Тарифтiк саясат мәселелерi.

• Бәсекелестiктi дамыту және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мәселелерi.

• Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар мәселелерi.

• Жұмылдыру дайындығының, аумақтық қорғаныстың мәселелерi.

• Ғарыш қызметi саласының мәселелерi.

• Мерзiмдiк әскери қызметке шақыру мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында облыс әкiмiнiң алғыс хаттарымен, құттықтау хаттарымен марапаттау мәселелерi;

• Қадағалайтын салаларындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау;

• Қадағалайтын салаларындағы мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларына инвестициялар тарту мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларындағы мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында қаражаттың игерiлу мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында жобалық басқару мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында цифрландыру мәселелерi.


Облыс әкiмiнiң орынбасары

Айна Ермекқызы Мысырәлiмова

телефон: 8 (7162) 29-72-81

e-mail: musralimova_ae@akmo.kz

Мысырәлiмова Айна Ермекқызы, 1966 жылы туған, екi жоғары бiлiмi бар,Қарағанды мемлекеттiк университетiн орыс тiлi мен әдебиет пәнiнiң оқытушысы бойынша, Ш.Уәлиханов атыңдағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн әлеуметтану бакалавры бойынша бiтiрдi.

Еңбек жолын 1983 жылы бастаған.

1994 жылдың қаңтарынан бастап 2005 жылдың қаңтарына дейiн жергiлiктi атқарушы органдарда әртүрлi әкiмшiлiк мемлекеттiк қызмет лауазымдарында жұмыс iстедi.

2005 жылдың қаңтарынан бастап 2008 жылдың сәуiрiне дейiн Ақмола облысы iшкi саясат департаментi директоры орынбасарының қызметiн атқарды. 2011 жылдың қараша айынан бастап Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары болып iстедi. 2013 жылдың наурызынан бастап 2015 жылдың қыркүйегiне дейiн — Аршалы ауданы әкiмiнiң орынбасары. 2015 жылғы қыркүйектен бастап — Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушiсi.

2015 жылғы қарашадан бастап облыстық iшкi саясат басқармасы басшысының лауазымын атқарды.

Облыс әкiмiнiң орынбасары

Айна Ермекқызы Мысырәлiмова

• Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасын, Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын, Қазақстан Республикасында бiлiм берудi және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын, Қазақстан Республикасында дiни экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудың 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын, Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын (бiрiншi бағыты), Қазақстан Республикасында отбасылық және гендерлiк саясаттың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасын.

• Демографиялық саясат мәселелерi.

• Денсаулық сақтау мәселелерi.

• Мiндеттi медициналық сақтандыру мәселелерi.

• Санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқат мәселелерi.

• Бiлiм берудi, мемлекеттiк ақпараттық саясатты, мәдениеттi, тiл саясатын дамыту мәселелерi.

• Қоғамдық келiсiм және саяси тұрақтылық қағидаларын жүзеге асыру барысында мемлекеттiк органдардың саяси партиялармен және басқа да қоғамдық бiрлестiктермен өзара қатынас жасасуын қамтамасыз ету мәселелерi.

• Тарихи және мәдени мұраларды, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлердi сақтау, «Рухани жаңғыруды» дамыту мәселелерi.

• Конфессияаралық және ұлтаралық келiсiмдi нығайту мәселелерi.

• Қоғамдық келiсiм бөлiгiнде медиация мәселелерi.

• Балалардың құқықтарын қорғау мәселелерi.

• Мемлекеттiк жастар саясатын жүргiзу мәселелерi.

• Дене шынықтыру және спорт мәселелерi.

• Азаматтарды отансүйгiштiкке тәрбиелеу мәселелерi.

• Отбасылық және гендерлiк саясат мәселелерi.

• Қоғамдық-саяси ахуал мәселелерi.

• Терроризмге қарсы қызмет мәселелерi.

• Әлеуметтiк шиеленiстiң және еңбек даулары орын алуының тәуекелдерiн мониторингiлеу.

• Дiн мәселелерi.

• Ономастика мәселелерi.

• Архив iстерiнiң мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында облыс әкiмiнiң алғыс хаттарымен, құттықтау хаттарымен марапаттау мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау.

• Қадағалайтын салаларындағы мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларына инвестициялар тарту мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларындағы мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында қаражаттың игерiлу мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында жобалық басқару мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында цифрландыру мәселелерi.


Облыс әкiмiнiң орынбасары

Марат Несiпқалиұлы Иғалиев

телефон: 8 (7162) 29-72-74

e-mail: igaliev_mn@akmo.kz

Марат Несiпқалиұлы Иғалиев, 1974 жылы туған, Алматы экономика және статистика институтын экономика мамандығы бойынша бiтiрдi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызмет академиясының түлегi, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң аспирантурасын бiтiрген, саяси ғылымдардың кандидаты.

1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесi талдау орталығы сарапшысы болып iстедi. 2003-2009 жылдары Ақтөбе облысы әкiмi аппараты басшысы, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң бас сарапшысы, бас инспекторы, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрiнiң кеңесшiсi, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Экологиялық реттеу және бақылау комитетi төрағасы орынбасарының лауазымдарын атқарды. 2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Сауда комитетi төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң кеңесшiсi, одан кейiн Атом энергиясы комитетi төрағасының орынбасары, әкiмшiлiк-кадр жұмысы департаментiнiң директоры, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Туризм индустриясы комитетiнiң төрағасы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Туризм индустриясы департаментiнiң директоры, «Казконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Ақмола облысы әкiмiнiң кеңесшiсi болып қызмет атқарды.

2018 жылғы тамызда Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды.

«Ерен еңбегi үшiн» медалiмен наградталған.

Облыс әкiмiнiң орынбасары

Марат Несiпқалиұлы Иғалиев

• Қазақстан Республикасын индустриалдық-ииновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын (жобаларды жүзеге асыру барысының мониторингi және бақылау, объектiлердi уақытында пайдалануға берудi және жобалық қуаттылығына шығуын қамтамасыз ету, Индустриаландыру картасына енгiзу үшiн жобаларды iздестiру және iрiктеу, үдемелi индустриалды даму жөнiндегi өңiрлiк үйлестiру кеңесiнiң жұмысын ұйымдастыру), инвестицияларды тарту жөнiндегi 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламаны (Ұлттық инвестициялық стратегия), 2018-2020 жылдарға арналған ұлттық сараптамалық стратегия бағдаралмасын, «Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасын, «Цифрлық Қазақстан — 2020» мемлекеттiк бағдарламасын, Қазақстан Республикасында қызмет көрсету саласын дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасын, Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын (екiншi бағыты), Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2020 жылға дейiнгi тұжырымдамасы.

• Өнеркәсiп кәсiпорындарының жұмысына мониторинг, олардың қызметтерiнiң тиiмдiлiгiн талдау және өндiрiстi өсiрудiң қолда бар резервтерi мен өңiрдiң экспорттық әлеуетiн анықтау.

• Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi.

• Ұлттық компаниялар мен жүйе құрушы кәсiпорындардың сатып алу көлемдерiнде отандық тауар өндiрушiлердiң өнiмдерiн (жергiлiктi қамту) арттыру мәселелерi.

• Өнеркәсiп кәсiпорындарының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру және олардың өнiмдерiн сыртқы нарыққа жылжыту мәселелерi.

• Өндiрiстiк және инновациялық әлеуеттi, өндiрiстiң энергия тиiмдiлiгiн, технологияларды жаңғырту және трансферттеудi аумақтық ұйымдастыру мәселелерiн ескере отырып, индустриалдық-инновациялық даму және өңiрдiң инновациялық белсендiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар әзiрлеу.

• Өңiрлiк инновациялық жүйенi дамыту мәселелерi.

• Жол бойы сервистi дамыту мәселелерi.

• Сыртқы экономикалық байланысты, халықаралық ынтымақтастықты және облыстың инвестициялық тартымдылығын тиiмдi дамытуға бағытталған мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мәселелерi.

• Жер қойнауын пайдалану мәселелерi (жер қойнауын пайдалану қызметiнiң мониторингi, соның iшiнде өңiрлердi әлеуметтiк-экономикалық дамыту бойынша мiндеттемелер).

• Қолданыстағы заңнама аясында инновациялар мен озық технологияларды енгiзу, жаңа өнiмдер мен қызметтердiң инновациялық жаңалықтарын жедел игеру үшiн жағдай жасау бойынша жұмысты ұйымдастыру.

• Кәсiпкерлiктi дамыту, бизнес қауымдастықтардың мемлекеттiк органдармен өзара қарым-қатынасы, кәсiпкерлерге әкiмшiлiк кедергiлердi азайту, соның iшiнде рұхсат беру рәсiмдерiн қысқарту, бизнестi қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелерi.

• Цифрландыру мәселелерi (жинақтау және талдау).

• Өңiрдiң аумағында технопарктер мен индустриалдық аймақтарды дамыту мәселелерi.

• Банктiк жүйесiнiң мәселелерi.

• Шағын несиелендiру және шағын несиелендiру ұйымдарын үйлестiру жұмыстарының мәселелерi.

• Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорация мәселелерi.

• Тұрақтандыру қорын құру және пайдалану мәселелерi.

• Сауда саясатының мәселелерi.

• Азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарларға бағаны реттеу мәселелерi.

• Стандарттау, техникалық реттеу мәселелерi.

• Өңiрде туризмдi дамыту мәселелерi (туризм инфрақұрылымын дамыту, туризм саласына инвестициялар, сондай-ақ шетелдiк инвестиция тарту).

• Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелерi.

• Қадағалаатын салаларда облыс әкiмiнiң алғыс хаттарымен, құттықтау хаттарымен марапаттау мәселелерi.

• Қадағаланатын саладардағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстердi қарау.

• Қадағаланатын салаларда мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiктiң мәселелерi.

• Қадағаланатын салаларда инвестицияларды тарту мәселелерi.

• Қадағаланатын салаларда мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында қаражаттың игерiлу мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында жобалық басқару мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында цифрландыру мәселелерi.


Ақмола облысы әкiмi аппаратының басшысы

Талғат Серiкұлы Бөлтенов

телефон: 8 (7162) 29-72-75

e-mail: rukap@akmo.kz

Талғат Серiкұлы Бөлтенов, 1970 жылы туған, жоғары бiлiмi бар, Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын және Республикалық салааралық есеп және статистика институтын бiтiрдi.

Мемлекеттiк қызметтегi еңбек жолын 1999 жылы Ақмола облысының экономика басқармасында бас маман болып бастады. 2000-2001 жылдары бөлiм бастығы, одан кейiн 2001-2007 жылдары Ақмола облысы экономика және бюджеттiк жоспарлау департаментi бастығының орынбасары болып тағайындалды.

2007 жылғы наурызда Ақмола облысы қаржы департаментi директорының лауазымын атқарды. 2014 жылы Ақмола облысы әкiмi аппаратының басшысы болып қызмет атқарды.

Осы тағайындалуына дейiн Ақмола облысының қаржы басқармасын басқарды.


Құрылған күні: 17.04.2015 12:09
Жаңартылған күні: 21.12.2018 18:13
Қаралым саны: 61776
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng