Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Жер пайдалану

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының 2019 жылдың I тоқсанындағы жұмысы туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың I тоқсанында Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен жалпы ауданы 542 га жерде 88 тексерiс (барлығы жоспардан тыс) өткiзiлдi.

Негiзгi бұзушылықтар:

- ҚР ӘҚБК 136-бабы-жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу;

- ҚР ӘҚБК 137-бабы 1-тармағы, 2-тармағы — жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшiн қарау мерзiмдерiн бұзу;

- ҚР ӘҚБК 339-бабы — жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалану жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы;

Аталған кезеңде жалпы сомасы 1 млн 552 мың теңгеге 8 әкiмшiлiк жаза қолданылды, оның 757500 теңгесi өндiрiлiп алынды. Сот орындаушыларына жалпы сомасы 252 мың теңгеге салынған айыппұлдарды мәжбүрлеп өндiрiп алу үшiн материалдар жолданды.

ҚР ЖК 92, 94-баптарына сәйкес 477 га жерде жер учаскесiн нысаналы мақсаты бойынша пайдалану қажеттiлiгi туралы 41 ұйғарым берiлдi.

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 151-VI Заңына сәйкес басқарма Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығын бақылауды жүзеге асырады.

Басқарма ағымдағы жылдың I тоқсанында жүктелген өкiлеттiктерге сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi негiзiнде, прокуратура органдарымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бiрлесiп, Ақкөл, Целиноград, Сандықтау, Аршалы, Зерендi аудандарының және Көкшетау қаласының әкiмдiктерiне қатысты тексерулер жүргiздi. Тексерулердiң жалпы саны — 23.

Тексеру нәтижелерi бойынша, анықталған жер заңнамасының нормаларын бұзғаны үшiн аудан әкiмдiктерiне анықталған бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта жол бермеу туралы 7 ұйғарым жiберiлдi, 1 лауазымды тұлға ҚР Жер кодексiнiң 137-бабы бойынша әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

Ақмола облысы жер қатынастары басқармасының 2019 жылдың бiрiншi тоқсанында атқарған жұмысы туралы ақпарат

Жер ресурстары — бiздiң облысымыздың экономикалық құрылымында ерекше орынға ие болады.

Бүгiнгi таңда, Ақмола облысының жер қоры 14 млн 613,2 мың га құрайды (облыстың ең үлкен өңiрi Ерейментау ауданы — 1765,8 мың га, ең кiшкентай өңiр Көкшетау қ. — 42,5 мың га).

Облыстың жер қорының жалпы құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 74 % немесе 10 828,9 мың га құрайды.

Жер қорының құрылымы, жалпы алғанда келесiдей:

-елдi мекендердiң жерлерi — 1324,8 мың га;

-өнеркәсiп, көлiк, байланыс және ауыл шаруашылығының мақсатына жатпайтын өзге де жерлер — 134,4 мың га;

-ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi — 519,0 мың га;

-орман қорының жерлерi — 525,7 мың га;

-су қоры жерлерi — 199,4 мың га;

-босалқы жерлер — 1079,8 мың га.

-Астана қ. пайдаланатын жерлер — 1,2 мың.га.

1.Сауда-саттықтар (конкурс, аукциондар) арқылы жер учаскелерiн сату

Жерлердi ресурс ретiнде экономикалық айналымға тарту, жерлердi ұтымды пайдаланудың маңызды факторларының бiрi болып табылады.

Сауда-саттықтарды өткiзу жолымен жер учаскелерiн беру, бюджет толықтырылуының жақсы көзi болуымен қатар, бұған дейiн тартылмаған жерлердi ұтымды пайдаланудың барынша жақсы құралының бiрi болып саналады.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңiнде жер учаскелерiн сату бойынша 3 аукцион өткiзiлдi, оның қорытындысы бойынша жалпы ауданы 19 га 73 жер учаскесi сатылды, мемлекеттiк бюджетке 307 млн.теңге түстi.

2.Жер қойнауын пайдалану мақсаттарында жер беру

Бүгiнгi таңда, Ақмола облысы аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру мен барлау бойынша 174 келiсiмшарт қолданыста.

Анықтама ретiнде: Ақкөл ауданы — 3, Астрахан — 6, Атбасар — 2, Аршалы — 37, Бурабай — 7, Егiндiкөл — 1, Ерейментау — 5, Бiржан сал — 5, Есiл — 2, Жарқайың — 3, Зерендi — 19, Қорғалжын — 5, Сандықтау — 3, Целиноград — 62, Шортанды ауданы — 10, Көкшетау қаласы — 3, Степногорск қаласы — 1.

Оның iшiнде белгiленген тәртiпте 130 жер учаскесi әзiрлендi, 44 жер учаскесi әзiрлеу сатысында.

Анықтама ретiнде: Ақкөл ауданы — 3, Астрахан — 3, Атбасар — 2, Аршалы — 26, Бурабай — 6, Ерейментау — 5, Егiндiкөл — 1, Бiржан сал — 4, Есiл — 2, Жарқайың — 3, Зерендi — 18, Қорғалжын — 3, Сандықтау — 3, Целиноград — 41, Шортанды — 8, Көкшетау қаласы — 1, Степногорск қаласы — 1.

2019 жылыдың өткен кезiнде бюджетке жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өтемақысы ретiнде шамамен 4,0 млн. теңге төленгенiн атап өткен жөн, сот шешiмiмен 1,1 млн. теңге өндiрiлдi.

Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшiн жер учаскелерiн беру бойынша жұмыс жалғасуда.

3.Соттық талап-арыз жұмысы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасымен 2019 ж. өткен кезiнде жер учаскесiн жалға беру шартын бұзу туралы 5 талап-арыз берiлдi, олар Ақмола облысының МАЭС қарауында.

4.Мемлекеттiк қызметтердi көрсету

Облыстық және аудандық жер қатынастары органдары жер қатынастары саласында көрсететiн бекiтiлген мемлекеттiккөрсетiлетiн қызмет стандарттардың жалпы саны 15 бiрлiк құрайды:

1)«Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi;

2)«Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiнде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi;

3)«Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi;

4)«Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi;

5)«Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұхсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi;

6)«Елдi мекендер шегiнде объектiлер салу үшiн жер учаскелерiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi;

7)«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi;

8)«Жол бойы белдеулерiнде жол бойы қызметi объектiлерiн немесе қолжетiмдi болуы үшiн кiреберiс талап етiлетiн жағдайда олардан тыс жерлерде объектiлердi орналастыру үшiн жер учаскелерiн беру туралы шешiм қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi;

9)«Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi;

10)«Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi;

11)«Бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жекеменшiкке сату» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi;

12)«Жер учаскесiн жекеменшiкке бөлiп төлеуге сату» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi;

13)«Жер учаскелерiн сатып алу-сату шарттарын жасасу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi;

14)«Жер учаскесiн жалға алу шарттарын жасасу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi;

15)«Жер учаскесiн алу үшiн кезекке қою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет.

Құрылған күні: 17.04.2017 15:07
Жаңартылған күні: 17.05.2019 10:27
Қаралым саны: 9926
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75