Жер пайдалану

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасының 2018 жылы атқарған жұмысы туралы ақпарат

Жер ресурстары — бiздiң облысымыздың экономикалық құрылымында ерекше орынға ие болады.

Бүгiнгi таңда, Ақмола облысының жер қоры 14 млн 613,2 мың га құрайды (облыстың ең үлкен өңiрi Ерейментау ауданы — 1765,8 мың га, ең кiшкентай өңiр Көкшетау қ. — 42,5 мың га).

Облыстың жер қорының жалпы құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 74 % немесе 10 828,9 мың га құрайды.

Жер қорының құрылымы, жалпы алғанда келесiдей:

-елдi мекендердiң жерлерi — 1324,8 мың га;

-өнеркәсiп, көлiк, байланыс және ауыл шаруашылығының мақсатына жатпайтын өзге де жерлер — 134,4 мың га;

-ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi — 519,0 мың га;

-орман қорының жерлерi — 525,7 мың га;

-су қоры жерлерi — 199,4 мың га;

-босалқы жерлер — 1079,8 мың га.

-Астана қ. пайдаланатын жерлер — 1,2 мың.га.

1.Сауда-саттықтар (конкурс, аукциондар) арқылы жер учаскелерiн беру

Жерлердi ресурс ретiнде экономикалық айналымға тарту, жерлердi ұтымды пайдаланудың маңызды факторларының бiрi болып табылады.

Сауда-саттықтарды өткiзу жолымен жер учаскелерiн беру, бюджет толықтырылуының жақсы көзi болуымен қатар, бұған дейiн тартылмаған жерлердi ұтымды пайдаланудың барынша жақсы құралының бiрi болып саналады.

2018 жылы аудандар мен қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарымен 79,9 мың га ауыл шаруашылығы жерлерi ауыл шаруашылығы айналымына тартылды.

Жер учаскелерiн сату бойынша 35 аукцион өткiзiлдi, оның қорытындысы бойынша жалпы ауданы 102 га 276 жер учаскесi сатылды, мемлекеттiк бюджетке 408 млн.теңгеге түстi.

2.Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшiн жер беру

Бүгiнгi таңда, Ақмола облысы аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру мен барлау бойынша 177 келiсiмшарт қолданыста.

Анықтама ретiнде: Ақкөл ауданы — 4, Астрахан — 6, Атбасар — 2, Аршалы — 39, Бурабай — 8, Егiндiкөл — 1, Ерейментау — 5, Бiржан сал — 5, Есiл — 2, Жарқайың — 3, Зерендi — 19, Қорғалжын — 4, Сандықтау — 3, Целиноград — 61, Шортанды ауданы — 11, г . Көкшетау қаласы — 3, г . Степногорск қаласы — 1.

Оның iшiнде белгiленген тәртiпте 133 жер учаскесi әзiрлендi, 44 жер учаскесi әзiрлеу сатысында.

Анықтама ретiнде: Ақкөл ауданы — 4, Астрахан — 4, Атбасар — 2, Аршалы — 25, Бурабай — 6, Ерейментау — 5, Егiндiкөл — 1, Бiржан сал — 4, Есiл — 2, Жарқайың — 3, Зерендi — 18, Қорғалжын — 3, Сандықтау — 3, Целиноград — 41, Шортанды — 9, Көкшетау қаласы — 2, Степногорск қаласы — 1.

2018 жылы бюджетке жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өтемақысы ретiнде шамамен 14,7 млн. теңге төленгенiн атап өткен жөн, сот шешiмiмен 2,8 млн. теңге өндiрiлдi.

Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшiн жер учаскелерiн беру бойынша жұмыс жалғасуда.

3.Соттық талап-арыз жұмысы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасымен 2018 ж. жер учаскесiн жалға беру шартын бұзу туралы 9 талап-арыз берiлдi, олар 100% қанағаттандырылды.

4. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету

Облыстық және аудандық жер қатынастары органдарымен жер қатынастары саласында бекiтiлген мемлекеттiк стандарттардың жалпы саны 10 дана:

1) «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру»

2) «Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру»

3) «Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру»

4) «Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiнде жерге орналастыру жобаларын бекiту»

5) «Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту»

6) «Елдiмекеншегiнде объект салу үшiнжеручаскесiн беру»

7) «Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекеттiк меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу»

8) «Бiр түрiне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн беру туралы шешiм беру»

9) «Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау»

10) «Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру».

Барлық стандарттар бойынша тиiстi регламенттер әзiрленiп бекiтiлдi. Олар, өз кезегiнде, облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмдерi мен тәртiбiн белгiлейдi.

Ақмола облысы жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының 2018 жылғы 12 айда атқарылған жұмысы туралы ақпарат

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен 2018 жылы жалпы 57,6 мың га жерде 211 тексерiс жүргiздi (оның iшiнде 209 — жоспардан тыс, 2 — iрiктемелi (жоспарлы) 28,7 мың га жерде 114 жер заңнамасының бұзушылығы анықталды (оның iшiнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер бойынша га 28,5 мың га). Аталған бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 7 млн 780 мың теңгеге 73 әкiмшiлiк iс қозғалып, мемлекет кiрiсiне салынған әкiмшiлiк жаза бойынша ерiктi түрде 4 млн 401 мың теңге өндiрiп алынды.

Жер заңнамасы нормаларының негiзгi бұзушылықтарына баптар бойынша жол берiлген:

- ҚР ӘҚБК 136-бабы бойынша (жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу) 606 мың га жерде жалпы сомасы 5 110 625 теңге айыппұл түрiнде

17 субъект әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылып, әкiмшiлiк жаза қолданылды;

- ҚР ӘҚБК 137-бабы 1-тармағының 2-тармақшасы бойынша (жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қараудың белгiленген мерзiмдерiн бұзу) жалпы сомасы

72 150 теңгеге айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану арқылы 3 субъект әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды;

- ҚР ӘҚБК 337-бабы бойынша (жердi бүлдiру) 1 субъект әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылып, 10 га жерде жалпы сомасы 72 150 теңгеге айыппұл салынды;

- ҚР ӘҚБК 338-бабы бойынша (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi пайдаланбау немесе ұтымсыз пайдалану) 28 мың 619 га жерде жалпы сомасы 2 284 750 теңге 39 субъект әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды;

- ҚР ӘҚБК 339-бабы бойынша (жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалану бойынша мiндеттерiн орындамауы) ауданы 27,88 га жерде жалпы сомасы 96 200 теңге

13 субъект әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылып, айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолданылды.

Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң (бұдан әрi — ҚР ЖК) 92, 94-баптары шеңберiнде жалпы ауданы 29,3 мың га нысаналы мақсатына сәйкес жер учаскелерiн пайдалану қажеттiлiгi туралы 105 ұйғарым берiлдi.

Басқармамен 2018 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша 55 мың га жалпы алаңда 56 жоспардан тыс тексеру жүргiзiп, жалпы алаңы 28,1 мың га жер заңнамасы нормаларының 39 бұзушылығы анықталды. Аталған бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 2 284 750 теңгеге әкiмшiлiк айыппұл салу арқылы 39 әкiмшiлiк iс қозғалды.

ҚР Жер кодексiнiң 92, 94-баптарына сәйкес жалпы ауданы 29,3 мың га нысаналы мақсатына сәйкес жер учаскелерiн пайдалану қажеттiлiгi туралы 74 ұйғарым берiлдi.

Сондай-ақ, құрылыс объектiлерi үшiн берiлген жерлер басқарманың бақылауында. 2018 жылы жүргiзiлген тексеру iс-шараларының нәтижелерi бойынша жалпы ауданы 34,87 га жерге 29 ұйғарым берiлдi.

Нәтижесiнде анықталған бұзушылықтар бойынша 4 млн. 150 мың теңгеге жоғары жер салығының мөлшерлемесiн ұлғайту қолданылды. Оның iшiнде мемлекет бюджетiне 3 млн. 707 мың теңге түстi.

2018 жылдың екiншi жартыжылдығында ҚР Жер кодексiне бiрқатар өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi. Аталған Заңда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң пайдаланылуын бақылау функциялары жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органнан (Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi басқармасы) аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкiмдiктерiнiң қарамағына берiлдi.

Сонымен қатар, басқармамен 2018 жылдың I жартыжылдығына арналған iрiктемелi тексерулердiң бекiтiлген тiзiмi негiзiнде «Бурабай ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ және «Целиноград ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ қатысты iрiктемелi тексерулер жүргiздi. Тексеру нәтижелерi бойынша Целиноград ауданы әкiмiнiң атына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жiберiлдi.

Аудандық прокуратура органдарымен бiрлесiп, Зерендi, Бурабай, Бiржан сал, Шортанды аудандары мен Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлiмдерiне қатысты тексеру iс-шаралары жүргiзiлдi. Жергiлiктi атқарушы органдарға жүргiзiлген тексерулер нәтижелерi бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау мерзiмдерi бойынша бұзушылықтар анықталды.

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 мамырдағы

№ 151-VI Заңына сәйкес, басқарма Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерiнiң қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығын бақылауды жүзеге асырады.

Сонымен қатар, басқарма жүктелген өкiлеттiктерге сәйкес 2018 жылы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi негiзiнде, сондай-ақ прокуратура органдары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бiрлесiп, Бурабай, Ақкөл, Целиноград, Сандықтау, Аршалы, Астрахан, Шортанды, Зерендi және Бiржан сал аудандары әкiмдiктерiне және жер қатынастары бөлiмдерiне қатысты бiрқатар тексерулер жүргiздi.

Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi мемлекет меншiгiнде болады және иелiктен шығаруға жатпайды.

Сонымен қатар, Бурабай ауданының әкiмдiгi мен оның уәкiлеттi органдарын тексеру барысында жеке тұлғаларға (Щучинск қ.әкiмi 2015, 2017 жж.) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы объектiлердi салу үшiн жеке меншiк құқығындағы жер учаскелерiн (Бурабай МҰТП жерлерi) сауда-саттық арқылы да, сауда-саттық өткiзбей де, ҚР Жер кодексiнiң

48-бабын айналып өту фактiлерi анықталды. Бүгiнгi таңда, Щучинск қаласы әкiмдiгiнiң жоғарыда көрсетiлген шешiмдерiн жою туралы талап-арыз қаралып, толық көлемде қанағаттандырылды.

Сандықтау ауданының әкiмдiгi мен оның уәкiлеттi органдарының тексеру қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн заңсыз беру бөлiгiнде бұзушылық фактiлерi анықталды. Сондай-ақ, Сандықтау ауданының прокуратура органдарымен бiрлесiп жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша, басқармамен Сандықтау ауданының жер қатынастары бөлiмiнiң басшысы (сатып алу-сату шартын жасау мерзiмiн бұзғаны үшiн) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды. Нұсқаманы қарау нәтижелерi бойынша, аудан әкiмдiгiнiң лауазымды тұлғалары қатаң сөгiс түрiнде және қызметтiк толық емес сәйкестiк түрiнде жауапкершiлiкке тартылды.

Ақкөл қаласы әкiмiнiң аппараты мен Ақкөл ауданының жер қатынастары бөлiмiне қатысты 2018 жылғы 03 шiлдеде өткiзiлген жер учаскелерiн сату бойынша аукцион өткiзу кезiнде жер заңнамасы нормаларының сақталуына тексеру жүргiзу нәтижесiнде, жер учаскесiн сату бойынша сауда-саттықты (конкурстар, аукциондар) ұйымдастыру және өткiзу ережелерiнiң талаптарын, сондай-ақ ҚР Жер кодексiнiң 48-бабын өрескел бұзу анықталды. Осыған байланысты басқарма осы аукцион арқылы берiлген жер учаскелерiн уақытша жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алу-сату шарттарын жою туралы талап-арызға бастамашылық жасады.

Сонымен қатар, басқарма, Көкшетау қаласының жергiлiктi атқарушы органына және Көкшетау қаласының жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органына қатысты жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтiнiштерiн қарау мерзiмдерiнiң сақталуына тексеру жүргiздi, оның нәтижесi бойынша ҚР Жер кодексiнiң 43-бабындағы

3-тармағының бұзылуы анықталды. Осыған байланысты, Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының лауазымды тұлғасы ҚР ӘҚБтК 137-бабы

1-тармағының 2-тармақшасы бойынша (жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қараудың белгiленген мерзiмдерiн бұзу) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылып,

30 АЕК көлемiнде әкiмшiлiк айыппұл салынды.

Аршалы ауданының жергiлiктi атқарушы органына және жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органға қатысты тексеру қорытындысы бойынша, жер комиссиясының отырысында жер учаскелерiн беру кезiнде сәулет және қала құрылысы уәкiлеттi органы қорытындысының болмауы бөлiгiнде бұзушылықтар анықталды. Нәтижесiнде басқарманың ұйғарымы бойынша лауазымды тұлға тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының нормаларын бұза отырып, жер учаскесiн беру фактiлерi анықталды.

Сонымен қатар, «Целиноград ауданы Қосшы ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ-ге қатысты тексеру iс-шараларын жүргiзу барысында ҚР Жер кодексiнiң 43-бабындағы 2-тармағын бұзу анықталды, нәтижесiнде ҚР ӘҚБтК 137-бабы, 1-тармағындағы 4-тармақшасы бойынша Қосшы ауылдық округiнiң әкiмi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды (жергiлiктi атқарушы органның жер телiмдерiне құқық беруден бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзiмiн бұзу), 30 АЕК көлемiнде әкiмшiлiк айыппұл салынды.

Целиноград ауданының әкiмдiгiне, Целиноград ауданының жер қатынастары бөлiмiне, Талапкер ауылдық округi әкiмiнiң аппаратына қатысты тексеру iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде, ЖТҚ үшiн кезектен тыс жер учаскелерiн беру фактiлерi анықталды, бұл ҚР Жер кодексiндегi 43,44-баптарының талаптары бұзылған, сондай-ақ жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатын Қазақстан Республикасы жер заңнамасының нормаларын бұза отырып беру және өзгерту фактiлерi анықталды.

Жоғарыда көрсетiлген жер заңнамасын бұзу фактiлерi бойынша бүгiнгi таңда басқармамен жергiлiктi атқарушы органдардың заңсыз қабылдаған шешiмдерiн жою үшiн сотқа талап-арыздар берiлдi, сондай-ақ жоғарыда көрсетiлген аудан әкiмдерiнiң атына анықталған бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта оларды болдырмау туралы ұйғарымдар жолданды.

Жалпы, 2018 жылы жер заңнамасы нормаларының анықталған бұзушылықтары бойынша сот органдарына 40197,5281 га көлемiнде 178 талап-арыз берiлдi. Оның iшiнде 20615,7118 га алқапта 113 талап-арыз қанағаттандырылды, 18714,1047 га алқапта 17 талап қараусыз қалдырылды. Соттың қарауында 711,63 га жерге 16 талап-арыз бар.

Құрылған күні: 17.04.2017 15:07
Жаңартылған күні: 23.01.2019 09:34
Қаралым саны: 7659
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng