Жер пайдалану

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын
бақылау басқармасының 2018 жылғы 1-жарты жылдықта
атқарған жұмысы туралы ақпарат

Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен ағымдағы жылғы 1-жарты жылдықта жалпы ауданы 52,5 га құрайтын жерде 142 тексерiс жүргiзiлдi (оның iшiнде 140- жоспардан тыс, 2 таңдаулы (жоспарлы) тесерiс). Тексерiс шаралары нәтижесiнде жалпы ауданы 28,6 га жерде 93 жер заңнамасы нормаларының бұзушылықтары анықталды (оның iшiнде 25,3 га ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер). Жалпы сомасы 4 млн 040 мың теңгеге 59 әкiмшiлiк айыппұл салынды, оның iшiнде 2 млн 390 мың теңге (60 %) өндiрiлiп алынды, жалпы 757 мың теңге соманы өндiру мақсатында сот орындаушыларына ақпарат жолданды.

Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 92,94-баптарына сәйкес, жердi нысаналы мақсатына сай пайдаланудың қажеттiлiгi туралы 29,4 мың га ауданында 88 нұсқама берiлдi («Жаңа Жер» агрофирмасы» ЖШС 2017 жылғы тексерiс шаралары нәтижесiнде ағымдағы жылы 905 га аумағында 1 нұсқама берiлдi).

Басқармамен бекiтiлген iрiктеп тексеру тiзiмiне сәйкес 2018 жылдың 1-жарты жылдығында «Бурабай ауданының әкiмдiгi» ММ мен «Целиноград ауданының әкiмдiгi» ММ қатысты тексерiс шаралары жүргiзiлдi. Аталған тексерiстердiң нәтижесiнде Целиноград ауданы әкiмiнiң атына анықталған бұзушылықтарды жою қажеттiлiгi туралы нұсқама жолданды. «Бурабай ауданының әкiмдiгi» ММ қатысты жер заңнамасы нормаларының бұзушылығы анықталған жоқ. Аудан прокуратуралары органдарымен бiрлесе отырып, Зерендi, Бурабай, Бiржан сал, Шортанды аудандарының және Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлiмдерiне қатысты тексерiс шаралары жүргiзiлдi. Жергiлiктi атқарушы органдардың тексерiстерi нәтижесiнде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау мерзiмдерiнiң бұзушылықтары анықталды.

Ағымдағы жылдың 21 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының Жер кодексiне өзгерiстер мен толықтырулардың енгiзiлуiне байланысты, басқармамен, бекiтiлген тiзiмге сәйкес ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап 22 мамырына дейiн облыстың аудандары мен қалаларында ҚР жер заңнамасына енгiзiлген өзгерiстердi түсiндiру бойынша семинар-кеңестер өттi.

Сонымен қатар, Ақмола облысы әкiмiнiң хаттамалық тапсырмасының негiзiнде, басқармамен ағымдағы жылдың мамыр айында Егiндiкөл ауданына iссапар ұйымдастырылды. Iссапардың мақсаты: «Ауыл және ауылдық округтердiң әкiмдерiмен жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру және жүргiзу» тақырыбында семинар-кеңес өткiзу, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына енгiзiлетiн өзгерiстердi түсiндiру, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын талқылау. Есiл, Зерендi, Бiржан сал, Ерейментау аудандарында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына енгiзiлетiн өзгерiстердi түсiндiру бойынша Степногорск, Көкшетау қалаларының, аудандарының қатысуымен аймақтық кеңестер өткiзiлдi.

Сондай-ақ, 2018 жылдың өткен кезеңiнде ҚР Жер кодексiнiң 148-бабы, 1-тармағындағы 4-тармақшасына сәйкес, анықталған жер заңнамасы нормаларының бұзушылықтары бойынша сот органдарына 13 мың 258 га ауданына 95 талап-арыз жолданды, оның iшiнде 4 мың 757 га жерде 40 талап-арыз қанағаттандырылды, 3 талап -арыз қараусыз қалды, 13 талап-арыз бойынша бас тартылды, қалған 39 талап-арыз сот органдарының қарауында.

Жер ресурстары — бiздiң облысымыздың экономикалық құрылымында ерекше орынға ие болады.

Бүгiнгi таңда, Ақмола облысының жер қоры 14 млн 613,2 мың га құрайды (облыстың ең үлкен өңiрi Ерейментау ауданы — 1765,8 мың га, ең кiшкентай өңiр Көкшетау қ. — 42,5 мың га).

Облыстың жер қорының жалпы құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 74 % немесе 10817,7 мың га құрайды.

Жер қорының құрылымы, жалпы алғанда келесiдей:

- елдi мекендердiң жерлерi — 1321,3 мың га;

- өнеркәсiп, көлiк, байланыс және ауыл шаруашылығының мақсатына жатпайтын өзге де жерлер — 144,9 мың га;

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi — 472,2 мың га;

- орман қорының жерлерi — 572,9 мың га;

- су қоры жерлерi — 199,4 мың га;

- босалқы жерлер — 1083,8 мың га.

1. Сауда-саттықтар (конкурс, аукциондар) арқылы жер учаскелерiн беру

Жерлердi ресурс ретiнде экономикалық айналымға тарту, жерлердi ұтымды пайдаланудың маңызды факторларының бiрi болып табылады.

Сауда-саттықтарды өткiзу жолымен жер учаскелерiн беру, бюджет толықтырылуының жақсы көзi болуымен қатар, бұған дейiн тартылмаған жерлердi ұтымды пайдаланудың барынша жақсы құралының бiрi болып саналады.

2018 жылдың өткен кезеңiнде аудандар мен қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарымен жерлердi ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзуге беру үшiн 4 конкурс өткiзiлдi, олардың қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығының айналымына 19,1 мың га ауданымен 32 жер учаскесi тартылды.

Сонымен қатар, 14 аукцион өткiзiлдi, оның қорытындысы 145 млн.теңге сомасына 32 га ауданымен 90 жер учаскесi сатылды.

2. Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшiн жер беру

Бүгiнгi таңда, Ақмола облысы аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру мен барлау бойынша 180 келiсiмшарт қолданыста.

Анықтама ретiнде: Ақкөл ауданы — 4, Астрахан — 6, Атбасар — 2, Аршалы — 40, Бурабай — 9, Егiндiкөл — 1, Ерейментау — 8, Бiржан сал — 5, Есiл — 3, Жарқайың — 3, Зерендi — 19, Қорғалжын — 3, Сандықтау — 3, Целиноград — 58, Шортанды ауданы — 12, Көкшетау қаласы — 4.

Оның iшiнде белгiленген тәртiпте 136 жер учаскесi әзiрлендi, 44 жер учаскесi әзiрлеу сатысында.

Анықтама ретiнде: Ақкөл ауданы — 4, Астрахан — 4, Атбасар — 2, Аршалы — 25, Бурабай — 6, Ерейментау — 7, Егiндiкөл — 1, Бiржан сал — 3, Есiл — 3, Жарқайың — 3, Зерендi — 18, Қорғалжын — 3, Сандықтау — 3, Целиноград — 43, Шортанды — 9, Көкшетау қаласы — 2.

Бюджетке жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өтемақысы ретiнде шамамен 108,4 млн. теңге төленгенiн атап өткен жөн, оның iшiнде 35 млн.теңге сот тәртiбiмен өтелдi.

Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшiн жер учаскелерiн беру бойынша жұмыс жалғасуда.

2.Соттық талап-арыз жұмысы

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасымен жер учаскесiн жалға беру шартын бұзу туралы 7 талап-арыз берiлдi, оның iшiнде 100% қанағаттандырылды.

3.Мемлекеттiк қызметтердi көрсету

Облыстық және аудандық жер қатынастары органдарымен жер қатынастары саласында бекiтiлген мемлекеттiк стандарттардың жалпы саны 10 дана:

1) «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру»

2) «Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру»

3) «Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру»

4) «Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiнде жерге орналастыру жобаларын бекiту»

5) «Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту»

6) «Елдiмекеншегiнде объект салу үшiнжеручаскесiн беру»

7) «Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекеттiк меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу»

8) «Бiр түрiне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн беру туралы шешiм беру»

9) «Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау»

10) «Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру».

Барлық стандарттар бойынша тиiстi регламенттер әзiрленiп бекiтiлдi. Олар, өз кезегiнде, облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмдерi мен тәртiбiн белгiлейдi.

4.Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн беру

«Қала шетiне мүмкiндiгiнше жақын аудандарда Астана қ. жасыл аймағын тығыздау туралы» Елбасының 2011 жылғы 3 шiлдедегi №01-7.7 тапсырмасына сәйкес, Астана қаласының және Ақмола облысының әкiмдiктерiне Астана қ. жасыл аймағын құру бойынша шара қолдану туралы тапсырма берiлдi.

Бүгiнгi таңда, Астана қ. жасыл аймағын құруға елорданың қала маңындағы аудандарында орман екпелерiн отырғызуға 21,3 мың га жер учаскесi алынды.

Ағымдағы жылы Ақмола облысы әкiмдiгiмен ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетiне Ақкөл ауданы ормандарын Астана қ. жасыл аймақпен үздiксiз тiзбектi отырғызуын бiрлестiрiп жасау бойынша Ақкөл (20 140,1 га), Целиноград (6410 га) және Шортанды (7 000 га) аудандырының аумақтарынан жалпы көлiмi 33550,1 гектар iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн ұсынылды.

Бүгiнгi таңда жүргiзiлген жұмыстар бойынша Ақкөл ауданында алуға жататын ауданы 106 га жер учаскесi анықталды. Ақкөл ауданының жергiлiктi атқарушы органымен мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн алу бойынша тиiстi жұмыс жүргiзiлуде.

Елбасының қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 23 қаңтарда өткiзiлген кеңейтiлген отырысында берiлген тапсырмасы бойынша iс-шаралар жоспарын орындау үшiн «Астана-Өскемен» («Астана-Ерейментау-Шiдертi» учаскесi), «Астана-Алматы» (Астана-Темiртау» учаскесi) автокөлiк жолдарын реконструкциялау жоспарланды. Осыған байланысты, Ерейментау, Целиноград, Аршалы аудандарының жергiлiктi атқарушы органдарымен мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн алу бойынша тиiстi iс-шаралар жүргiзiлдi. Бүгiнгi таңда, тиiстi мақсаттарға 532,1 га жер алынды.

 

Құрылған күні: 17.04.2017 15:07
Жаңартылған күні: 12.07.2018 17:26
Қаралым саны: 3850

Қаз Рус Eng