Денсаулық сақтау

Үйден шықпастан онлайн қызметтi қалай алуға болады?

1. Сiзге e.gov.kz (авторизациялау үшiн ЭЦҚ болуы қажет) порталында авторизациядан өтуiңiз және жеке кабинетке кiруiңiз қажет, сондай-ақ https://egov.kz/cms/ru/services/health_care/494pass_mz  сiлтемесi арқылы да өтуге болады. Одан әрi, Басты — Азаматтарға — Денсаулық сақтау — Медициналық көмек — Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн медициналық ұйымдарға тiркелу — «Онлайн қызметке тапсырыс беру»;

2. Өтiнiмдi толтырып, жөнелту;

3. Жеке кабинетте («Қызметтердi алу тарихы» тарауында) тiркелу туралы пысықталған анықтамамен танысу.

Медициналық ұйымда қызметтi қалай алуға болады (қажеттi құжаттар)?

1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн медициналық ұйымның бас дәрiгерiнiң атына еркiн нысанындағы өтiнiш;

2. Жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған тұлғалар үшiн — туу туралы куәлiк);

3.Медициналық ұйымға тiркелгенi туралы талон (талон сол емхананың тiркеу бөлiмiнде берiледi).

*Қызметтi тұрғылықты жерiңiз өзгерген жағдайда немесе тiркелген медициналық ұйымды ауыстыру ниетiнде пайдалануға болады (мұндай ауысу жылына бiр рет мүмкiн).

«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу», «Дәрiгердi үйге шақыру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер

Онлайн қызметтi қалай алуға болады?

1. Сiзге e.gov.kz (авторизациялау үшiн ЭЦҚ болуы қажет) порталында авторизациядан өтуiңiз және жеке кабинетке кiру қажет, сондай-ақ https://egov.kz/cms/ru/services/health_care/494pass_mz  сiлтемесi арқылы да өтуге болады. Одан әрi, Басты — Азаматтарға — Денсаулық сақтау — Медициналық көмек — Дәрiгердiң қабылдауына жазылу/Дәрiгердi үйге шақыру — «Онлайн қызметке тапсырыс беру»;

2. Өтiнiмдi толтырып, жөнелту;

3. Жеке кабинетте («Қызметтердi алу тарихы» тарауында) тiркелу туралы пысықталған анықтамамен танысу;

4. Белгiленген уақытта емханаға келу.

«Damumed» ақпараттық жүйесi арқылы медициналық қызметтi (дәрiгердiң қабылдауына жазылу) қалай алуға болады?

1. Play Market немесе App Store бағдарламалары немесе dmed.kz сайтына кiру арқылы смартфонға Damumed бағдарламасын жүктеу;

2. Ақпараттық жүйеде тiркелу немесе өзiңiздiң ЖСН енгiзу;

3. «Пациенттiң кабинетi» сiлтемесi бойынша кiремiз — өңiрдi таңдаймыз — қызметтi таңдаймыз (Дәрiгердiң қабылдауына жазылу/Дәрiгердi үйге шақыру);

4. Өтiнiмдi толтырып, жөнелту;

5. Белгiленген уақытта емханаға келу.

Құрылған күні: 24.07.2018 15:41
Жаңартылған күні: 05.10.2018 14:27
Қаралым саны: 1756
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng