Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Жер комиссиясының отырысы

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы жер комиссиясы жер қойнауын пайдалану (пайдалы қазбаларды өндiру), магистральды құбырларды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлерiн салу (реконструкциялау), ҚТҚ полигондарының құрылысы және т.б. мақсаттар үшiн жер учаскелерiн беру мәселелерiн қарастыру үшiн құрылды.

Жер комиссиясының оң қорытындысы, жер учаскесiн беру туралы шешiм қабылдау үшiн негiз болып табылады.

Жер комиссиясы қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi, оның барысы жергiлiктi атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында онлайн көрсетiлiм режимiнде аудио, бейне жазу құралдарымен жүргiзiледi.

Жер комиссиясының негiзгi мiндеттерi: жер учаскесiне құқық беру, жер учаскелерiнiң нысаналы мақсаттылығын өзгерту және су қоры жерлерiн жердiң басқа санатына ауыстыру туралы өтiнiштердi (өтiнiмдердi) қарау және қорытындыларын дайындау.

Мәселелер туындаған жағдайда, 8 (7162) 256857 телефоны арқылы хабарласуыңызға болады.

Құрылған күні: 05.04.2019 10:56
Жаңартылған күні: 04.05.2019 09:52
Қаралым саны: 961
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75