Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Облыстық статистика департаментiнiң мәлiметтерiне сәйкес, 2018 жылғы 4-тоқсанның қорытындылары бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,8%, жастар жұмыссыздығының деңгейi 3,1 % құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 2668 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендердiң жалпы санынан 59,9% құрады.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 275 адам қатысты, олардың iшiнде 226 адам (82,2%) тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 22 жәрмеңкесi өткiзiлдi, жәрмеңкелерде 947 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 392 адам жұмысқа орналастырылды, оның iшiнде 28 адамға қоғамдық жұмыстарға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына — 9 адам, жастар тәжiрибесiне — 15 адам.

2019 жылғы 1-тоқсан бойынша облыста 1716 жаңа жұмыс орны немесе жылдық жоспардан 16,7 % (10 260) ашылды, оның iшiнде тұрақты жұмыс орны — 1168, оның iшiнде ауылдық жерлерде 601 жұмыс орны ашылды. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында ашылды (318).

Құрылған күні: 01.02.2019 14:36
Жаңартылған күні: 15.04.2019 16:41
Қаралым саны: 333
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75