Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2018 жылғы 3-тоқсанның қорытындылары бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,8%-ды, жастар жұмыссыздығының деңгейi 3,2%-ды құрады.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 20,9 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендердiң жалпы санынан 103,3%-ды құрады.

Қоғамдық жұмыстарға 2817 адам жолданды.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 2382 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 2033 адам (85,3%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 78 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкелерде 4185 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 424 адам жұмысқа орналастырылды, оның iшiнде 285 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 80 адамға қоғамдық жұмыстарға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына 25 адам, жастар тәжiрибесiне 34 адам жолданды.

2018 жылдың 12 айы iшiнде облыста 12727 жаңа жұмыс орындары немесе жылдық жоспардан 114,2% (11 140) ашылды, оның iшiнде 8035 тұрақты жұмыс орны, оның iшiнде ауылдық жерлерде 2951 жұмыс орны ашылды. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласына тиесiлi (1774).

Құрылған күні: 01.02.2019 14:36
Жаңартылған күні: 01.02.2019 14:54
Қаралым саны: 105
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng