Жұмыспен қамту

Атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi — АӘК) кiмге көрсетiледi?

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 50 %-ынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрiнде тағайындалады.

Сөзсiз ақшалай көмек келесi тұлғаларға көрсетiледi:

1) келесi себептерге байланысты жұмыспен қамту шараларына қатысуға мүмкiндiктерi шектеулi жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға:

зейнеткерлiк жасқа жетуiне орай;

1 және 2-топтағы мүгедек болып табылса; -екi айдан астам мерзiмге уақытша еңбекке қабiлетсiздiк орнатылуы мүмкiн ауруы бар болса.

2) барлық еңбекке қабiлеттi мүшелерi 1 немесе 2-топтағы мүгедек болып табылатын және (немесе) екi айдан астам уақытқа уақытша еңбекке қабiлетсiздiк орнатылуы мүмкiн аурулары бар және (немесе) жетi жасқа дейiнгi балаға, мүгедек-балаға, 1 немесе 2-топтағы мүгедекке, қарт адамға күтiмдi жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға. Ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленедi. Көмектi алуға құқық тоқсан сайын келесi мәлiметтердi ұсыну арқылы расталады:

отбасы мүшелерiнiң алған табыстары туралы;

отбасы құрамы туралы.

Негiзделген ақшалай көмек — жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабiлеттi адамдарға, оған қоса жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтiк бейiмдеу шараларына қатысу шартымен құрамында еңбекке қабiлеттi мүшесi (мүшелерi) бар аз қамтылған отбасыларға көрсетiледi. 6 айға ұзарту мүмкiндiгiмен тағы 6 айға дейiн тағайындалады. Тағайындаудың мiндеттi шарты болып:

- жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына және (немесе) бейiмдеу бағдарламаларында қатысу бойынша тараптардың мiндеттемелерi көрсетiлетiн әлеуметтiк келiсiмшарт жасасу;

- аз қамтылған отбасылардағы еңбекке қабiлеттi мүшелердiң жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына және әлеуметтiк бейiмдеу бағдарламаларына қатысуы.

Аз қамтылған отбасының еңбекке қабiлеттi мүшелерi Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде оқу шығыстарын төлеу, әлеуметтiк еңбек орындарындағы жалақының 35%-ын субсидиялау, оқу орындары түлектерiне арналған жастар тәжiрибесiн төлеу немесе жеңiлдiк шарттар қарастырылған микрокредит түрiнде мемлекеттiк қолдау ала алады.

Келесi санаттарға шартты ақшалай көмектi төлеу үшiн жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мiндеттi болып табылмайды:

1)  1 және 2-топтағы мүгедектерге;

2) күндiзгi нысанда оқитын оқушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға, курсанттарға және магистранттарға;

3) Екi айдан астам уақытқа уақытша еңбекке қабiлетсiздiк орнатылуы мүмкiн аурулары бар адамдарға;

4) жетi жасқа дейiнгi балаларға, мүгедек-балаға, 1 және 2-топтағы мүгедектерге, күтiмге және көмекке зару 80 жастан асқан қарттарға күтiмдi жүзеге асыратын адамдарға;

5) тұрақты жұмысы бар адамдарға.

Атаулы әлеуметтiк көмек алу үшiн қайда өтiнiш бiлдiруге болады?

Атаулы әлеуметтiк көмек туралы ақпаратты алу үшiн адам тұрғылықты мекенжайы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне жүгiнедi

Келiссөз барысында үмiткер өз атынан немесе отбасы атынан өтiнiшпен жүгiнедi. Өтiнiшке келесi құжаттар тиесiлi:

1) әр отбасы мүшесiнiң жеке куәлiгi;

2) жеке қосалқы шаруашылығының бар болуы туралы мәлiмет ;

3) банк шотының нөмерi туралы мәлiмет;

4) баланың (барлық балаларға) туу (қайтыс болу) туралы куәлiгi (2017 жылғы 13 тамызға дейiнгi тiркеулер бойынша);

5)өтiнiш берушi мәлiметтерiнiң бала туу туралы куәлiгiндегi мәлiметтермен қайшылығы болған кезде неке жасасуды (некенi бұзуды) тiркеу туралы куәлiк (2008 жылғы 1 маусымға дейiнгi тiркеулер бойынша).

Еңбекке жарамды отбасы мүшелерi үшiн, қосымша тиесiлi:

1)жұмыс iздеп жүрген тұлға ретiнде тiркеуге өтiнiш;

2)еңбек қайраткерлiгiн растайтын құжат (бар болған жағдайда); 3)бiлiмi, квалификациясы, арнаулы бiлiмiнiң бар болуы немесе кәсiби дайындығы (бар болған жағдайда) жайлы құжат. 16 жасқа толмаған тұлғаның атынан ата анасының немесе заңды өкiлдерiнiң бiреуiнiң еңбек қызметiн жүзеге асыруға келiсiмi туралы еркiн түрдегi жазбаша арызы ұсынылады.

Тұрғын үй көмегi кiмге көрсетiледi?

Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;

3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;

4) жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге берiледi.

Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Тұрғын үй көмегiн тағайындау тәртiбi

Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкiлi) тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн Мемлекеттiк корпорацияға және/немесе «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы өтiнiш бередi және мынадай құжаттарды қоса ұсынады:

1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн түпнұсқасы берiледi);

2) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды;

3) өтiнiш берушiнiң тұрғылықты тұратын жерiнен мекенжай анықтамасы (тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алынатын мәлiметтердi қоспағанда);

4) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама (тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алынатын мәлiметтердi қоспағанда);

5) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алынатын мәлiметтердi қоспағанда);

6) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретiнде тiркелуi туралы анықтама;

7) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәлiметтер;

8) банктiк шоты;

9) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шоттар;

10) коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шоттар;

11) телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;

12) жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот.

Тұрғын үй көмегiн төлеу

Аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн төлеудi уәкiлеттi орган жергiлiктi өкiлдi органдар айқындаған тәртiппен екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырады.

Оралман — тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және осы Заңда белгiленген тәртiппен тиiстi мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендiк алған кезде оның шегiнен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендiк алғаннан кейiн оның шегiнен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары.

Мен оралманмын, менiң қандай құқықтарым бар?

Этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу кезiнде өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн растаудан босатылады.

Оралман мәртебесiн алған адамдар мен олардың отбасы мүшелерi:

1) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмекпен;

2) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда мектептерде және мектепке дейiнгi ұйымдарда орындармен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын көлемде техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн оқу ұйымдарына оқуға түсуге бөлiнген квотаға сәйкес бiлiм алу мүмкiндiгiмен;

3) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда әлеуметтiк қорғалумен;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қамтамасыз етiледi.

Оралмандарға жеке қосалқы шаруашылығын жүргiзу, бағбандықпен айналысу, саяжай құрылысы үшiн Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ауылдық елдi мекендердiң жерлерiнен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, иммиграциялық жер қорынан, арнайы жер қорынан және босалқы жерлерден уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен жер учаскелерi берiледi.

Оралмандарға шаруа немесе фермер қожалығын және ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, арнайы жер қорынан, иммиграциялық жер қорынан және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскелерi берiледi.

Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасына оралмандарды қабылдаудың өңiрлiк квотасынан тыс қоныс аударған оралмандарға және олардың отбасы мүшелерiне тұрақты тұрғылықты жерiне жол жүру және мүлкiн тасымалдау шығындарын өтеудi қамтитын бiржолғы жәрдемақылар белгiлеуi мүмкiн. Жәрдемақыларды төлеудiң тәртiбi мен шарттарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдiктерi халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн үлгiлiк қағидалар негiзiнде бекiтедi.

Оралман мәртебесiн беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңiрлiк квотасына енгiзуге келiсiм алған этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелерi, сондай-ақ оралмандар және олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) кеден заңнамасына сәйкес, көлiк құралдарын қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған мүлкiне кедендiк төлемдердi төлеуден босатылады.

Оралмандарды қабылдаудың өңiрлiк квотасына енгiзiлген оралмандарға және олардың отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысушыларға көзделетiн мемлекеттiк қолдау шаралары ұсынылады.

Оралмандарды қабылдаудың өңiрлiк квотасына енгiзiлген оралмандарға және олардың отбасы мүшелерiне осы бапта көзделген мемлекеттiк қолдау шараларынан басқа тұтыну несиесiн және тұрғын үй құрылысына ипотекалық қарыз алу құқығы берiледi.

Оралмандар немесе оның отбасы мүшелерi оларды оралмандарды қабылдаудың өңiрлiк квотасына енгiзгеннен кейiн қайтыс болған жағдайда, мемлекеттiк қолдау шаралары оралмандарға немесе отбасы мүшелерiне олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанына қарамастан ұсынылады.

Осы баптың 4-2-тармағында аталған оралмандар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған өңiрдiң шегiнен тыс жерге өзiнiң ерiк қалауымен бес жыл iшiнде өз бетiнше көшiп-қонған не Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқан жағдайларда, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысушыларға көзделген, өздерi алған мемлекеттiк қолдау шараларын мерзiмiнен бұрын толық көлемде өтеуге мiндеттi. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу кезiнде этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерi өзiнiң төлем жүргiзуге қабiлеттiгiнен босатылады.

Өңiрлiк квотаға қосу үшiн қандай құжаттар қажет?

Қазақстан Республикасының аумағына өз бетiнше келген этникалық қазақ уәкiлеттi органға не Мемлекеттiк корпорацияға оралмандарды қабылдаудың өңiрлiк квотасына қосу туралы өтiнiш бередi.

Өтiнiште Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын барлық отбасы мүшелерi:

1) зайыбы (жұбайы);

2) өтiнiш берушi мен зайыбының (жұбайының) ата-аналары;

3) балалары (оның iшiнде асырап алған) және олардың отбасы мүшелерi;

4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (аға-қарындастары) көрсетiледi.

Өтiнiшке мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi аудармасымен мынадай құжаттар:

1) оралманның және онымен бiрге қоныс аударған оның отбасы мүшелерiнiң жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетел азаматы паспортының не азаматтығы жоқ адам куәлiгiнiң, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлiгiнiң) көшiрмелерi;

2) неке немесе некенi бұзу туралы куәлiктiң көшiрмесi (бар болса);

3) бiлiмiн, бiлiктiлiгiн және белгiлi бiр мамандық бойынша жұмыс тәжiрибесiн растайтын құжаттардың (бар болса) көшiрмелерi;

4) өтiнiш берушiнiң және оның отбасы мүшелерiнiң тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын мекенжай анықтамасы не ауыл әкiмдерiнiң анықтамасы қоса берiледi.

Протездiк-ортопедиялық көмектi қалай алуға болады, кiмге көмек көрсетiлуi мүмкiн, қызметтi алуға болады?

Протездiк-ортопедиялық көмек — бұл мүгедектердi протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету бойынша мамандандырылған медициналық-техникалық көмекпен қамтамасыз ету (дененiң басқа да немесе аяқ-қолдың жоқтығын алмастыратын құралдар, денсаулықтың зақымдануы немесе ағзаның ауру салдарынан бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын, және оларды пайдалануға үйрету.

Кiмге көмек көрсетiлуi мүмкiн?

Қызметтi 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, мүгедек-балалар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектерi, жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген тұлғалар алуға мүмкiндiгi бар.

Қызметтi қалай алуға болады?

Өтiнiш беру қажет. Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесiн беру:

1)  «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi — Қызмет берушi) арқылы жүзеге асырылады.

3) Жүгiнген кезде өтiнiшке келесi құжаттар қоса берiледi:

1) мүгедектiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

2) заңды өкiлдiң немесе сенiмхат алған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi — көрсетiлген адамдар өтiнiш берген кезде;

3) тұрақты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе село және (немесе) ауыл әкiмдерiнiң анықтамасы);

4) мүгедектiк туралы анықтаманың көшiрмесi;

5) ОЖБ-дан үзiндiнiң көшiрмесi.

6) Мүгедектер жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан жағдайда өтiнiш берген кезде:

1) еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиға туралы актiсi;

2) жұмыс берушi-жеке кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжаттың көшiрмесi — жұмыс берушi-жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайларда, еңбек жарақатын алған және (немесе) кәсiптiк ауруға шалдыққаны туралы қосымша мәлiметтер сұратылады.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектерi және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар өтiнiшке Ұлы Отан соғысының қатысушысының, мүгедегiнiң немесе жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедегiне теңестiрiлген адамның куәлiгiн қоса бередi.

Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, кейiннен құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.

Мемлекеттiк қызметтiң көрсету мерзiмi: 10 (он) жұмыс күнi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесi:мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмектi еркiн нысандағы ұсыну мерзiмдерi көрсетiлген құжаттарды рәсiмдеу туралы хабарлама.

Сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдарды қалай алуға болады, кiм құралдарды алуға мүмкiндiгi бар, ол үшiн не iстеу керек?

Сурдотехникалық құралдар — есту кемiстiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, оның iшiнде байланыс пен ақпарат берудi күшейтетiн құралдар.

Тифлотехникалық құралдар — мүгедектердiң көру кемiстiгi нәтижесiнде жоғалтқан мүмкiндiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар.

Мiндеттi гигиеналық құралдар — табиғи физиологиялық қажеттiлiктер мен мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған құралдар.

Кiм құралдарды алуға мүмкiндiгi бар?

Құралдарды 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, мүгедек-балалар алуға мүмкiндiгi бар.

Құралдарды қалай алуға болады?

Өтiнiш беру қажет. Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесiн беру:

1)  «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi — Қызмет берушi) арқылы жүзеге асырылады.

Жүгiнген кезде өтiнiшке келесi құжаттар қоса берiледi:

1) мүгедектiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

2) заңды өкiлдiң немесе сенiмхат алған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi — көрсетiлген адамдар өтiнiш берген кезде;

3) тұрақты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе село және (немесе) ауыл әкiмдерiнiң анықтамасы);

4) мүгедектiк туралы анықтаманың көшiрмесi;

5) ОЖБ-дан үзiндiнiң көшiрмесi.

Мүгедектер жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан жағдайда өтiнiш берген кезде:

1) еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиға туралы актiсi;

2) жұмыс берушi-жеке кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжаттың көшiрмесi — жұмыс берушi-жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайларда, еңбек жарақатын алған және (немесе) кәсiптiк ауруға шалдыққаны туралы қосымша мәлiметтер сұратылады.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектерi және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар өтiнiшке Ұлы Отан соғысының қатысушысының, мүгедегiнiң немесе жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедегiне теңестiрiлген адамның куәлiгiн қоса бередi.

Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, кейiннен құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.

Мемлекеттiк қызметтiң көрсету мерзiмi: 10 (он) жұмыс күнi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесi: мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдарды еркiн нысандағы ұсыну мерзiмдерi көрсетiлген құжаттарды рәсiмдеу туралы хабарлама.

Кресло-арбаны қалай алуға болады, кiм кресло-арбаны алуға мүмкiндiгi бар, ол үшiн не iстеу керек?

Арнаулы жүрiп-тұру құралдары — мүгедектердiң белсендi және баяу жүрiп-тұруына арналған техникалық көмек түрi.

Кiм кресло-арбаларды алуға мүмкiндiгi бар?

Кресло-арбаларды 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, мүгедек-балалар алуға мүмкiндiгi бар.

Кресло-арбаларды қалай алуға болады?

Өтiнiш беру қажет. Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесiн беру:

1)  «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi — Қызмет берушi) арқылы жүзеге асырылады.

Жүгiнген кезде өтiнiшке келесi құжаттар қоса берiледi:

1) мүгедектiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

2) заңды өкiлдiң немесе сенiмхат алған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi — көрсетiлген адамдар өтiнiш берген кезде;

3) тұрақты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе село және (немесе) ауыл әкiмдерiнiң анықтамасы);

4) мүгедектiк туралы анықтаманың көшiрмесi;

5) ОЖБ-дан үзiндiнiң көшiрмесi.

Мүгедектер жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан жағдайда өтiнiш берген кезде:

1) еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиға туралы актiсi;

2) жұмыс берушi-жеке кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжаттың көшiрмесi — жұмыс берушi-жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайларда, еңбек жарақатын алған және (немесе) кәсiптiк ауруға шалдыққаны туралы қосымша мәлiметтер сұратылады.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектерi және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар өтiнiшке Ұлы Отан соғысының қатысушысының, мүгедегiнiң немесе жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедегiне теңестiрiлген адамның куәлiгiн қоса бередi.

Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, кейiннен құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.

Мемлекеттiк қызметтiң көрсету мерзiмi: 10 (он) жұмыс күнi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесi: мүгедектерге кресло-арбаларды еркiн нысандағы ұсыну мерзiмдерi көрсетiлген құжаттарды рәсiмдеу туралы хабарлама.

Жеке көмекшi және ымдау тiлi маманының қызметтерiн қалай алуға болады, кiм осы қызметтердi алуға мүмкiндiгi бар және ол үшiн не iстеу керек?

Жеке көмекшi — шарт талаптарымен мүгедекпен бiрге оның тұратын жерiнен баратын пунктiне дейiн және қайтарда: жұмысқа, оқу орындарына, сондай-ақ мүгедек жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарға, сотқа, прокуратураға, әлеуметтiк сала объектiлерiне, заң консультацияларына, нотариусқа, мәдени-ойын-сауық iс-шараларына, спорт ғимараттарына, сауда объектiлерiне, медициналық мекемелерге, тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына және оқуына, жұмысқа орналасуына, өзiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауына және iске асыруына, ақпарат алуына, қажеттi құжаттарды ресiмдеуiне байланысты мәселелердi шешуi үшiн өзге де ұйымдарға барған кезде iлесiп жүру бойынша әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн маман;

ымдау тiлi маманы — еститiн және естiмейтiн адамдардың арасындағы делдалдық қызметтi көрсетумен: мүгедектiң конференцияларға, пiкiрталастарға және басқа да қоғамдық iс-шараларға қатысуы уақытында, мүгедектiң оқуына, жұмысқа орналасуына, өзiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауына және iске асыруына, мемлекеттiк органдар мен консультациялық ұйымдарда ақпарат алуына, қажеттi құжаттарды ресiмдеуiне байланысты мәселелердi шешуi үшiн еститiн адамдармен араласуы кезiнде ымдау тiлiнен және ымдау тiлiне кәсiби аударма жасауға байланысты әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн маман.

Кiм жеке көмекшi және ымдау тiлi маманының қызметтерiн алуға мүмкiндiгi бар?

Жеке көмекшi қызметiн жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер алуға мүмкiндiгi бар.

Ымдау тiлi маманының қызметiн естуi бойынша мүгедектер алуға мүмкiндiгi бар.

Жеке көмекшi және ымдау тiлi маманының қызметтерiн қалай алуға болады?

Өтiнiш беру қажет. Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесiн беру:

1) «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi — Қызмет берушi) арқылы жүзеге асырылады.

Жүгiнген кезде өтiнiшке келесi құжаттар қоса берiледi:

1) мүгедектiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

2) заңды өкiлдiң немесе сенiмхат алған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi — көрсетiлген адамдар өтiнiш берген кезде;

3) тұрақты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе село және (немесе) ауыл әкiмдерiнiң анықтамасы);

4) мүгедектiк туралы анықтаманың көшiрмесi;

5) ОЖБ-дан үзiндiнiң көшiрмесi.

Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, кейiннен құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.

Мемлекеттiк қызметтiң көрсету мерзiмi: 10 (он) жұмыс күнi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесi: мүгедектерге жеке көмекшi және ымдау тiлi маманының қызметтерi еркiн нысандағы құжаттарды рәсiмдеу туралы хабарлама.

Санаторий-курорттық емделу қызметтерiн қалай алуға болады, кiм осы қызметтердi алуға мүмкiндiгi бар және ол үшiн не қандай құжаттар қажет?

Кiм санаторий-курорттық қызметтерiн алуға мүмкiндiгi бар?

Санаторий-курорттық емделу қызметiн 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, мүгедек-балалар алуға мүмкiндiгi бар.

Санаторий-курорттық емделу қызметтерiн қалай алуға болады?

Өтiнiш беру қажет. Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесiн беру:

1) «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi — Қызмет берушi) арқылы жүзеге асырылады.

Жүгiнген кезде өтiнiшке келесi құжаттар қоса берiледi:

1) мүгедектiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

2) заңды өкiлдiң немесе сенiмхат алған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi — көрсетiлген адамдар өтiнiш берген кезде;

3) тұрақты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе село және (немесе) ауыл әкiмдерiнiң анықтамасы);

4) мүгедектiк туралыанық таманыңк өшiрмесi;

5) еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиға туралы актiнiң және жұмыс берушi-жеке кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжаттың көшiрмесi — жұмыс берушi-жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайларда, еңбек жарақатын алған немесе/және кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедек өтiнiш берген кезде;

6) ОЖБ-дан үзiндiнiң көшiрмесi.

Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, кейiннен құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.

Мемлекеттiк қызметтiң көрсету мерзiмi: 10 (он) жұмыс күнi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесi: мүгедектерге санаторий-курорттық емделу қызметтерi еркiн нысандағы құжаттарды рәсiмдеу туралы хабарлама.

«Бастау Бизнес» жобасы Бағдарламаға қатысушыларды кәсiпкерлiк дағдыларына, оның iшiнде ауыл шаруашылығы кооперативтерiн қалыптастыру қағидаттары бойынша оқытуға бағытталады.

Жобаға кiм қатыса алады?

Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тiркелуiне қарамастан жұмыссыздар және кәсiпкерлiк әлеуетi бар және ауылдық елдi -мекендер мен аудан орталықтарында тұратын өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар, 2018 жылдан бастап қала, оның iшiнде кiшi және шағын қала тұрғындары «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытуға қатысушылары болып табылады.

«Бастау-Бизнес» жобасына қатысу үшiн қайда жолығуға болады?

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға үмiткерлер оқыту мәселелерi жөнiнде кеңес алу үшiн өңiрлiк кәсiпкерлер палатасының (ӨКП) аудандық/қалалық филиалдарына/халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтiң немесе елдi мекеннiң әкiмiне өтiнiш бiлдiредi;

оқуға үмiткерлер өңiрлiк кәсiпкерлер палатасының (ӨКП) аудандық/қалалық филиалдарына қатысуға өтiнiшпен жүгiнедi және тiзбесi кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органымен бекiтiлетiн «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту қағидаларында көзделген құжаттарды тапсырады.

«Бастау-Бизнес» жобасына қатысу үшiн қандай құжаттардың тiзбесi қажет?

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

- тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамасы;

- өтiнiш;

- сауалнама.

«Бастау Бизнес» жобасына қатысу үшiн қойылатын шарттар ?

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту мынадай кезеңдерден тұрады:

1) тестiлеу;

2) бизнес-менторлық пен жеке кеңес беру қағидаттары бойынша топтарда тәжiрибелiк оқу;

3) бизнес-жобаны қорғауға (ұсынуға) дайындық;

4) бизнес-жобаның iске асыруын 12 айға дейiнгi мерзiмде сүйемелдеу.

Оқу үдерiсiнiң жалпы ұзақтығы кемiнде күнтiзбелiк 25 күндi құрайды.

Оқу қорытындысы негiзiнде «Бастау Бизнес» жобасында оқуға қатысқаны туралы сертификат (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңiне жiберiлгендер үшiн) және оқуды аяқтағаны туралы сертификат берiледi.

Қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқу — жұмысшы кадрларды кәсiптiк даярлау және қайта даярлау бойынша оқу мерзiмi қысқартылған бiлiм беру бағдарламаларын iске асыруды көздейтiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнiң бөлiгi.

Қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту бағдарламасына кiм қатыса алады?

29 жасқа дейiнгi жастар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарында тiркелуiне қарамастан жұмыссыздар, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар және қысқартылатын жұмыскерлер қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқудан өтетiн Бағдарламаға қатысушыларыболып саналады.

Қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқудың ұзақтығы кәсiпкерлiк негiздерiне оқытуды қоспағанда, кәсiптiң (мамандықтың) ерекшелiгiне қарай бiр айдан алты айға дейiнгi мерзiмдi құрайды.

Қысқа мерзiмдi кәсiптiк бiлiм беру бағдарламасына қатысу үшiн қайда өтiнiш беруге болады?

Қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқуға үмiткерлер Бағдарламаға қатысуға өтiнiшпен халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ӨКП-лерге/ауылдық округ немесе елдiмекен әкiмiне өтiнiш бiлдiредi.

Қысқартылатын жұмыскерлер қайта даярлау шеңберiнде халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтiнiш бiлдiредi және бiлiм беру ұйымдарын өз бетiнше таңдайды.

Қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқуды аяқтаған және бiлiктiлiк емтиханын тапсырған Бағдарлама қатысушыларына бiлiм беру ұйымы белгiленген үлгiдегi куәлiк, бiлiктiлiк беру туралы сертификат бередi.

Қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту бағдарламасына қатысу үшiн қандай құжаттар қажет?

- өтiнiш;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

- еңбек кiтапшасының көшiрмесi (болған жағдайда);

- бiлiмi туралы құжаттың (аттестат, куәлiк, диплом) көшiрмесi, сондай-ақ болған жағдайда, оқығанын растайтын құжаттардың (куәлiк, сертификат) көшiрмесi;

-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен(Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) бекiтiлген Денсаулық сақтау ұйымдарының № 086-У бастапқы медициналық құжаттама нысандары бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтамасы. Денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшiрмесi қатысушылардың құрамына қосу туралы шешiм қабылданғаннан кейiн ұсынылады.

Несие/шағыннесие – микроқаржы ұйымдары (МҚҰ)/екiншi деңгейдегi банктер (ЕДБ)/несиелiк серiктестiктер (КС)/«АШҚҚҚ» АҚ ақылы, мерзiмдiлiк, қайтарымдылық, қамтамасыз етiлу және мақсатты пайдалану шарттары негiзiнде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында несиелiк желiмен жаңартылмайтын несие/шаңыннесие ұсыну туралы шарт бойынша Бағдарламаға қатысушыға берiлетiн қарыз қаражаты.

Несиенi/шағыннесиенi кiм ала алады?

Республикалық бюджет және/немесе жергiлiктi бюджеттер қаражатынан несиелер/шағыннесиелер ауылдық елдiмекендерде, моноқалаларда, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды iске асыратын немесе iске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.

«Несиелер/шағыннесиелердi алуға «Бастау Бизнес» жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификат алған (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңiне жiберiлгендер үшiн) Бағдарлама қатысушылары басым құқыққа ие.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»Қазақстан Республикасы Заңындағы 11-бабының 1-тармағында белгiленген зейнеткерлiк жасқа жетпеген, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тiркелуiне қарамастан жұмыссыздар, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар, кәсiпкерлiк әлеуетi бар iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтерi және олардың мүшелерi, шаруа және жеке қожалықтары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Қаржыландыру мақсаты iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлердiң және зәкiрлiк кооперацияларға қатысушылардың қызметiн кеңейту болып табылатын жобаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес оның салық органдарында тiркелуi және Халықты жұмыспен қамту орталығының МҚҰ/КС/ЕДБ/«АШҚҚҚ» АҚ-ға берген жолдамасының бар болуыБағдарламаға қатысушының несие/шағыннесие алуы үшiн мiндеттi шарттары болып табылады.

Несие/шағын несиенi алу үшiн қайда жолығуға болады?

Үмiткерлер тiкелей немесе ӨКП-нiң аудандық филиалдары/ауылдық округтердiң және елдi мекендердiң әкiмдерi арқылы мынадай құжаттарды:

1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмелерiн;

2) бар болса кәсiпкерлiк негiздерiне оқығаны (куәлiк, сертификат) туралы құжаттың көшiрмелерiн қоса бере отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтарына кеңес алу үшiн өтiнiш бiлдiредi.

Несиелер/шағыннесиелер:

1) ауылдық елдi мекендерде (олардың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашу, iсiн жаңа бастаған кәсiпкердiң қызметiн кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерiн ашу және зәкiрлiк кооперацияларға қатысушылардың қызметiн дамыту үшiн;

2) қалаларда, моноқалаларда (шағын қалалардан басқа) жаңа шағынкәсiпорындарды құру, iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлердiң қызметiн кеңейту үшiн ұсынылады.

Бағдарламаға қатысушыларға несиелер/шағыннесиелер беру шарттары қандай?

Несие/шағыннесиелер мерзiмi — 5 жылға дейiн, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерiн құру үшiн несие/шағыннесие беру мерзiмi — 7 жылға дейiн;

несиенiң/шағыннесиенiң ең жоғары сомасы:

ауылдық елдi мекендерде (оларың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда — 2,5 мың АЕК-ке дейiн, зәкiрлiк кооперацияны дамыту үшiн — 5,0 мың АЕК-ке дейiн;

қалаларда, моноқалаларда (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) — 6,5 мың АЕК-ке дейiн;

Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында — 8,0 мың АЕК-ке дейiн;

атаулы сыйақы мөлшерлемесi — жылдық 6 %-дан аспайды.

Несие/ шағыннесиенi алу үшiн құжаттар тiзiмi қандай?

Жеке тұлғалар үшiн:

1. Шағыннесие алуға арналған сауалнама-өтiнiш

2. Жеке басын куәландыратын құжат

3. Тұлғаның тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелуiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы)

4. Несиенiң тарих субъектiсiнiң несие бюроға ол туралы ақпарат беруi, сондай-ақ несиелiк есептi алушыға несиелiк есептi беруге келiсiмi

5. Субъектiнiң берiлген несие туралы ақпаратты, мәлiметтердi және несие беру туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындағаны/орындамағаны туралы барлық мәлiметтердi ұсынуға және алуға мемлекеттiк (оның iшiнде құқық қорғау)/мемлекеттiк емес органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ мен оның еншiлес ұйымдарына ұсынуға және олардан алуға келiсiмi

6. Бизнес жоспар

7. Несиенi/шағын несиенi алу жөнiндегi мәмiленi мақұлдау, шаруа қожалығының/фермерлiк шаруашылықтың/дара кәсiпкердiң уәкiлеттi органының мүлiктi кепiлге беру туралы шешiмi

8. Қызмет көрсететiн банктен шоттың бары туралы анықтама

9. Несие берешектерi, оның iшiнде қаржы институттарынан мерзiмi өткен берешектер туралы анықтама (бар болған жағдайда)

10. Қарыз алушының (бiрлесiп қарыз алушының), жалақысын және (немесе) өзге табыстарын растайтын құжаттар (жинақтау зейнетақы қорынан үзiндi)

11. Бағалау туралы есеп

12. Кепiлдiк берушi мен кепiлмен қамтамасыз ету бойынша құжаттар

13. «Атамекен»ұлттық кәсiпкерлер палатасының сертификаты (тек «Бастау Бизнес» бағдарламасына қатысушылар үшiн)

14. Кәсiпкерлiк негiздерiне оқытудан өткенi туралы сертификат (тек бастаушы кәсiпкерлер үшiн)

Заңды тұлғалар үшiн:

1. Шағыннесие алуға арналған сауалнама-өтiнiш

2. Несиелiк тарих субъектiсiнiң несиелiк бюроға ол туралы ақпарат беруге, сондай-ақ несиелiк есептi алушыға несиелiк есептi беруге келiсiмi

3. Субъектiнiң берiлген несие туралы ақпаратты, мәлiметтердi және несие беру туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындағаны/орындамағаны туралы барлық мәлiметтердi ұсынуға және алуға мемлекеттiк (оның iшiнде құқық қорғау)/мемлекеттiк емес органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ «ҚазАгро» ҰБХ» акционерлiк қоғам мен оның еншiлес ұйымдарына ұсынуға және олардан алуға келiсiмi

4. Құрылтайшылық құжаттар және бiрiншi басшылардың құжаттары (жарғы/құрылтайшылық шарт, мемлекеттiк тiркеу/қайта тiркеу туралы куәлiк/анықтама, бiрiншi басшыны сайлау туралы құжаттар, жарғылық капиталдың төленгенiн растайтын құжаттар, бiрiншi басшының жеке басын растайтын құжат)

5. Заңды тұлғаның қол қою үлгiсi мен мөрдiң бедерi бар құжат

6. Несие берешектерi, оның iшiнде қаржы институттарынан мерзiмi өткен берешектер туралы анықтама (бар болған жағдайда)

7. Бизнес жоспар

8. Кепiлдiк берушi мен кепiлмен қамтамасыз ету бойынша құжаттар

9. «Атамекен»ұлттық кәсiпкерлер палатасы сертификаты (тек «Бастау Бизнес» бағдарламасына қатысушылар үшiн).

Жастар тәжiрибесi — техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының түлектерi алған кәсiбi (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжiрибесiн жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметiнiң түрi;

Жастар тәжiрибесiне кiм қатыса алады?

Жастар тәжiрибесiн меңгерген кәсiбi (мамандығы) бойынша техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының, оқуды аяқтаған кейiнгi 3 жыл iшiндегi және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектерi қатарындағы жұмыссыздарға арналған.

Жастар тәжiрибесiне қатысудың ұзақтығы қандай?

Жастар тәжiрибесi бойынша жұмыс уақытша болып табылады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.

Жастар тәжiрибесiне қатысу үшiн қандай құжаттардың тiзбесi қажет?

- өтiнiш;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;

- еңбек кiтапшасының көшiрмесiн (бар болса);

- техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар екенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып, өтiнiм бередi.

Жастар тәжiрибесiне қатысу үшiн қайда өтiнiш беруге болады?

Жастар тәжiрибесiне қатысу үшiн жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталықтарына Жастар тәжiрибесiн ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi.

Жастар тәжiрибесiнiң жалақысы қандай?

Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен айына бөлiнетiн субсидия мөлшерi, экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдердi қоспағанда,25 айлық есептiк көрсеткiштi (салықтарды, мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерiн ескергенде) құрайды.

Қоғамдық жұмыстар — халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердiң алдын ала кәсiптiк даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк пайдалы бағыттағы еңбек қызметiнiң түрлерi.

Қоғамдық жұмыстарға кiм қатыса алады?

Қоғамдық жұмыстарға:

1) жұмыссыздар;

2) жазғы демалыс кезеңiнде студенттер және жалпы бiлiм беретiн мектептердiң жоғары сынып оқушылары;

3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етiлмеген адамдар қатысады.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңының 22-бабындағы 2-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген мынадай адамдар:

1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдердi алмайтын жұмыссыздар;

2) халықты жұмыспен қамту орталықтарында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар басымдық пайдаланады.

Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы қандай?

Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 12 айдан аспайтын мерзiмдi құрайды.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға өтiнiм қайдан алынады?

Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетiн адамдар халықты жұмыспен қамту орталығына жүгiнген күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiмен жiберiледi.

Қоғамдық жұмыстарға қатысу үшiн қандай құжаттардың тiзiмi қажет?

- өтiнiш;

- жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

- тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың(мекенжай анықтамасы, ауыл әкiмiнiң анықтамасы) көшiрмесi;

- еңбек кiтапшасының көшiрмесi (бар болса);

- бiлiмi туралы құжаттың (аттестат, куәлiк, диплом), сондай-ақ

бар болса, оқудан өткенiн растайтын құжаттардың (куәлiк, сертификат) көшiрмелерi;

- толық емес жұмыс уақыты немесе ұзақтығы қысқартылған жұмыс;

- уақыты режимiне ауыстыру немесе әлеуметтiк демалыс ұсыну туралы

немесе мәжбүрлi тоқтап тұру туралы, жалақысы сақталмайтын еңбек;

- демалысы туралы (iшiнара жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмыскерлерүшiн) жұмыс берушiнiң актiсi;

- демалыста болуы туралы оқу орнынан анықтама (бар болса).

Әлеуметтiк жұмыс орны — жұмыссыздарды олардың жалақысын субсидиялай отырып жұмысқа орналастыру үшiн халықты жұмыспен қамту орталығымен шартты негiзiнде жұмыс берушi құратын жұмыс орны.

Әлеуметтiк жұмыс орнына кiм жұмысқа орналаса алады?

1) балалар ауылының және балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерi;

2) зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуына екi жыл бұрын) адамдар;

3) мүгедектер;

4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар;

5) пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар;

6) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көпбалалы ата-аналар;

7) жетi жасқа дейiнгi баланы, мүгедек баланы, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердi бағып-күтудi жүзеге асыратын адамдар;

8) оралмандар;

9) терроризм актiсiнiң нәтижесiнде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар басымдыққа ие.

Әлеуметтiк жұмыс орындарына қатысудың ұзақтығы қандай?

Әлеуметтiк жұмыс орындарында жұмыс уақытша болып табылады. Әлеуметтiк жұмыс орындарына қатысудың ұзақтығы 12 айдан аспайды.

Әлеуметтiк жұмыс орындарына қатысу үшiн қандай құжаттар тiзбесi қажет?

- өтiнiш;

- жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;

- еңбек кiтапшасының немесе еңбек қызметiн растайтын өзге құжаттың көшiрмесiн (бар болса);

- бiлiмi туралы құжаттың көшiрмесiн (бар болса)

Құрылған күні: 23.05.2018 10:40
Жаңартылған күні: 14.08.2018 17:43
Қаралым саны: 4268
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng