Облыс әкімінің орынбасары

                                                              Марат Несiпқалиұлы Иғалиев

                                                              телефон: 8 (7162) 29-72-74

                                                              

 

 

Марат Несiпқалиұлы Иғалиев, 1974 жылы туған, Алматы экономика және статистика институтын экономика мамандығы бойынша бiтiрдi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызмет академиясының түлегi, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң аспирантурасын бiтiрген, саяси ғылымдардың кандидаты.

1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесi талдау орталығы сарапшысы болып iстедi. 2003-2009 жылдары Ақтөбе облысы әкiмi аппараты басшысы, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң бас сарапшысы, бас инспекторы, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрiнiң кеңесшiсi, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Экологиялық реттеу және бақылау комитетi төрағасы орынбасарының лауазымдарын атқарды. 2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Сауда комитетi төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң кеңесшiсi, одан кейiн Атом энергиясы комитетi төрағасының орынбасары, әкiмшiлiк-кадр жұмысы департаментiнiң директоры, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Туризм индустриясы комитетiнiң төрағасы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Туризм индустриясы департаментiнiң директоры, «Казконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Ақмола облысы әкiмiнiң кеңесшiсi болып қызмет атқарды.

2018 жылғы тамызда Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды.

«Ерен еңбегi үшiн» медалiмен наградталған.

Облыс әкiмiнiң орынбасары
Марат Несiпқалиұлы Иғалиев

• Қазақстан Республикасын индустриалдық-ииновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын (жобаларды жүзеге асыру барысының мониторингi және бақылау, объектiлердi уақытында пайдалануға берудi және жобалық қуаттылығына шығуын қамтамасыз ету, Индустриаландыру картасына енгiзу үшiн жобаларды iздестiру және iрiктеу, үдемелi индустриалды даму жөнiндегi өңiрлiк үйлестiру кеңесiнiң жұмысын ұйымдастыру), инвестицияларды тарту жөнiндегi 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламаны (Ұлттық инвестициялық стратегия), 2018-2020 жылдарға арналған ұлттық сараптамалық стратегия бағдаралмасын, «Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасын, «Цифрлық Қазақстан — 2020» мемлекеттiк бағдарламасын, Қазақстан Республикасында қызмет көрсету саласын дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасын, Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын (екiншi бағыты), Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың 2020 жылға дейiнгi тұжырымдамасы.

• Өнеркәсiп кәсiпорындарының жұмысына мониторинг, олардың қызметтерiнiң тиiмдiлiгiн талдау және өндiрiстi өсiрудiң қолда бар резервтерi мен өңiрдiң экспорттық әлеуетiн анықтау.

• Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi.

• Ұлттық компаниялар мен жүйе құрушы кәсiпорындардың сатып алу көлемдерiнде отандық тауар өндiрушiлердiң өнiмдерiн (жергiлiктi қамту) арттыру мәселелерi.

• Өнеркәсiп кәсiпорындарының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру және олардың өнiмдерiн сыртқы нарыққа жылжыту мәселелерi.

• Өндiрiстiк және инновациялық әлеуеттi, өндiрiстiң энергия тиiмдiлiгiн, технологияларды жаңғырту және трансферттеудi аумақтық ұйымдастыру мәселелерiн ескере отырып, индустриалдық-инновациялық даму және өңiрдiң инновациялық белсендiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар әзiрлеу.

• Өңiрлiк инновациялық жүйенi дамыту мәселелерi.

• Жол бойы сервистi дамыту мәселелерi.

• Сыртқы экономикалық байланысты, халықаралық ынтымақтастықты және облыстың инвестициялық тартымдылығын тиiмдi дамытуға бағытталған мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мәселелерi.

• Жер қойнауын пайдалану мәселелерi (жер қойнауын пайдалану қызметiнiң мониторингi, соның iшiнде өңiрлердi әлеуметтiк-экономикалық дамыту бойынша мiндеттемелер).

• Қолданыстағы заңнама аясында инновациялар мен озық технологияларды енгiзу, жаңа өнiмдер мен қызметтердiң инновациялық жаңалықтарын жедел игеру үшiн жағдай жасау бойынша жұмысты ұйымдастыру.

• Кәсiпкерлiктi дамыту, бизнес қауымдастықтардың мемлекеттiк органдармен өзара қарым-қатынасы, кәсiпкерлерге әкiмшiлiк кедергiлердi азайту, соның iшiнде рұхсат беру рәсiмдерiн қысқарту, бизнестi қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелерi.

• Цифрландыру мәселелерi (жинақтау және талдау).

• Өңiрдiң аумағында технопарктер мен индустриалдық аймақтарды дамыту мәселелерi.

• Банктiк жүйесiнiң мәселелерi.

• Шағын несиелендiру және шағын несиелендiру ұйымдарын үйлестiру жұмыстарының мәселелерi.

• Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорация мәселелерi.

• Тұрақтандыру қорын құру және пайдалану мәселелерi.

• Сауда саясатының мәселелерi.

• Азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарларға бағаны реттеу мәселелерi.

• Стандарттау, техникалық реттеу мәселелерi.

• Өңiрде туризмдi дамыту мәселелерi (туризм инфрақұрылымын дамыту, туризм саласына инвестициялар, сондай-ақ шетелдiк инвестиция тарту).

• Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелерi.

• Қадағалаатын салаларда облыс әкiмiнiң алғыс хаттарымен, құттықтау хаттарымен марапаттау мәселелерi.

• Қадағаланатын саладардағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстердi қарау.

• Қадағаланатын салаларда мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiктiң мәселелерi.

• Қадағаланатын салаларда инвестицияларды тарту мәселелерi.

• Қадағаланатын салаларда мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында қаражаттың игерiлу мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында жобалық басқару мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында цифрландыру мәселелерi.

Құрылған күні: 24.11.2016 12:33
Жаңартылған күні: 04.07.2019 12:28
Қаралым саны: 31414
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус