Облыс әкімінің орынбасары

                           Асқарбек Съезбекұлы Үйсiмбаев

                           телефон: 8 (7162) 29-72-78

                           e-mail: uisimbaev_as@akmo.kz

 

 

 

Асқарбек Съезбекұлы Үйсiмбаев, 1961 жылы туған, бiлiмi жоғары, инженер-механик бiлiктiлiгi бойынша Целиноград инженерлiк-құрылыс институтын, менеджер бiлiктiлiгi бойынша Мәскеу заң институтын бiтiрдi.

Еңбек жолын Целиноград облысы, Балкашино ауданы, «Веселовский» кеңшарында бастады. 1991-1998 жылдары ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң түрлi жауапты лауазымдарын атқарды. 1998-2002 жылдары Бұланды ауданының әкiмi, 2002-2004 жылдары Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, 2004-2012 жылдары Ақкөл ауданының әкiмi, 2012-2013 жылдары Целиноград ауданының әкiмi болды, 2013 жылғы наурыздан бастап Жарқайың ауданы әкiмiнiң қызметiн атқарды.

2017 жылғы қазанда Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды.

«Парасат», «Құрмет», ордендерiмен, мерекелiк медальдармен наградталған.

Облыс әкiмiнiң орынбасары
Асқарбек Съезбекұлы Үйсiмбаев

• Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын, Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын (екiншi бағыты), Астана қаласының төңiрегiнде азық-түлiк белдiгiн дамытудың 2015-2018 жылдарға арналған кешендi бағдарламаны жүзеге асыру.

• Ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсiп кешенiнiң, ветеринария, су қатынастарының, табиғи ресурстарды пайдаланудың, қоршаған ортаны қорғаудың мәселелерi.

• Көктемгi-егiстiк және егiн жинау жұмыстарын қаржыландыру мәселелерi.

• Жер қатынастары мәселелерi.

• Бағбаншылықты, бақшашылықты және саяжай шаруашылығын дамыту мәселелерi.

• Астана қ. айналасында жасыл желектi дамыту мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында облыс әкiмiнiң алғыс хаттарымен, құттықтау хаттарымен марапаттау мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстердi қарау.

• Қадағаланатын салаларда мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiктiң мәселелерi.

• Қадағаланатын салаларда инвестицияларды тарту мәселелерi.

• Қадағаланатын салаларда мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында шағын кредиттеу мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында қаражаттың игерiлу мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында жобалық басқару мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында цифрландыру мәселелерi.

Құрылған күні: 16.11.2015 11:23
Жаңартылған күні: 21.09.2018 11:51
Қаралым саны: 30145
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng