Облыс әкімінің орынбасары

               Василий Леонидович Крылов

               телефон: 8 (7162) 29-72-80

               e-mail: krilov_vl@akmo.kz

 

 

 

Василий Леонидович Крылов, 1963 жылы туған, үш жоғары бiлiмi бар, Пермь мемлекеттiк педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттiк басқару академиясының жанындағы нарық институтын, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетiн бiтiрген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары Атырау облысы әкiмi аппараты шаруашылық басқармасының директоры, ҚР Президентiнiң Iс басқармасы «Қараөткел» РММ директорының орынбасары, Астана қаласы «Зеленстрой» МКМ коммуналдық шаруашылық департаментi директорының орынбасары, директоры болып жұмыс жасады.

2005 жылғы қаңтар мен 2007 жылғы қараша аралығында Алматы қ., Медеу ауданының әкiмi, кейiн 2008 жылғы сәуiрге дейiн Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары болып қызмет атқарды.

2008 жылғы сәуiр мен 2014 жылғы қараша аралығында — Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары.

Тағайындалғанға дейiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiнде мемлекеттiк инспектордың лауазымын атқарды.

Облыс әкiмiнiң орынбасары

Василий Леонидович Крылов

• «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын, тұрғын үй құрылысының «Нұрлы жер» бағдарламасын, Астана қаласына iргелес елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2020 жылға дейiнгi кешендi жоспарын, Қазақстан Республикасы өндiрiстiк күштерiн орналастыру схемасын жүзеге асыру.

• Астана агромерациясын дамытудың 2020 жылға дейiнгi өңiраралық iс-шаралар жоспарының аясында инфрақұрылымды дамыту мәселелерi.

• Сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерi.

• «Мекенжай тiзiлiмi» МДБ жүргiзу мәселелерi.

• Транзит, логистика дамыту мәселелерi;

• Көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымды дамыту мәселелерi.

• Жол қозғалысының қауiпсiздiгi мәселелерi.

• Жолаушылар тасымалдауын ұйымдастыру мәселелерi;

• Байланыс мәселелерi.

• Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сондай-ақ оны жаңғырту мәселелерi;

• Жылу беру маусымына дайындалу және өткiзу мәселелерi;

• Энергетика, коммуналдық қызмет және энергия үнемдеу, ҚТҚ басқару және өңдеу мәселелерi.

• Тұрғын үй қатынастары, соның iшiнде өңiрлердiң тұрғын үй қоры мәселелерi.

• Елдi мекендердi абаттандыру мәселелерi;

• Сумен қамсыздандыру және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерi.

• Iрi, топтық су құбырларының қызмет ету мәселелерi.

• Елдi мекендер үшiн жер асты суларын iздестiру мен барлау жұмыстары мәселелерi.

• Щучинск-Бурабай курорттық аймағын инженерлiк инфрақұрылым салу бөлiгiнде дамыту мәселелерi.

• Тарифтiк саясат мәселелерi.

• Бәсекелестiктi дамыту және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мәселелерi.

• Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар мәселелерi.

•  Жұмылдыру дайындығының, аумақтық қорғаныстың мәселелерi.

• Ғарыш қызметi саласының мәселелерi.

• Мерзiмдiк әскери қызметке шақыру мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында облыс әкiмiнiң алғыс хаттарымен, құттықтау хаттарымен марапаттау мәселелерi;

• Қадағалайтын салаларындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау;

• Қадағалайтын салаларындағы мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларына инвестициялар тарту мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларындағы мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында қаражаттың игерiлу мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында жобалық басқару мәселелерi.

• Қадағалайтын салаларында цифрландыру мәселелерi.

Құрылған күні: 16.11.2015 11:19
Жаңартылған күні: 25.09.2018 11:50
Қаралым саны: 30264
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng