Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Тұрғын үйге мұқтаждар есебiне кiм тұра алады?

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабы, 1-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елдi мекенде тұракты тұратын, тұрғын үйге мұктаж және есепте тұрған:

1)Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына;

1-1)жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

2)халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын (Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары; Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына теңестiрiлген адамдар; 1 және 2 топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;оралмандар; экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;көп балалы отбасылар;мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңiстiгiне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;толық емес отбасыларға жататың) Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi.

3)мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлiкке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттiк орган қызметкерлерiне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

4)жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi.

Тұрғын үйге мұқтаждар есебiне тұру үшiн қайда өтiнiш бiлдiре аламын?

Сiзге мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегiне есепке тұру үшiн тұрғылықты жерiңiз бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияға немесе электронды-цифрлы қолтаңбасы бар «электрондық үкiметтiң» веб-порталына www.egov.kz. өтiнiш бiлдiруге кеңес беремiз.

Тұрғын үй алуға кезекке қою үшiн қандай құжаттар қажет?

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1)Мемлекеттiк корпорацияға:

өтiнiш берушiде және үнемi онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнде осы елдi мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйдiң бар немесе жоқ екенiн жергiлiктi атқарушы органның тексеруiне келiсiмi көрсетiлген коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтiнiш;

өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат (өтiнiш берушiнiң жеке басын сәйкестендiру үшiн ұсынылады) және өтiнiш берушiмен үнемi бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң (болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi;

некеге тұру (бұзу) (2008 жылғы 1 маусымға дейiн), отбасы мүшелерiнiң қайтыс болуы (2007 жылғы 13 тамызға дейiн), балалардың тууы туралы куәлiктердi (2007 жылғы 13 тамызға дейiн);

жалғыз тұрғын үйi авариялық жағдайда деп танылса, азаматтар тиiстi жергiлiктi атқарушы органның анықтамасын ұсынады;

халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын көрсетiлетiн қызметтi алушылар (жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтiнiш жасаған кезде:

-өтiнiш жасаудың алдында соңғы он екi ай iшiнде отбасының әрбiр мүшесiне шаққандағы табысы туралы мәлiметтер қосымша ұсынылады;

мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын көрсетiлетiн қызметтi алушылар өтiнiш жасаған кезде:

-жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады;

ғарышкерлiкке кандидаттар, ғарышкерлер:

-Қазақстан Республикасының Үкiметi берген, олардың мәртебесiн растайтын құжаттарды ұсынады;

отбасы тұратын тұрғын үй белгiленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы:

-тиiстi уәкiлеттi органның анықтамасын қосымша ұсынады.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру азаматтың (не нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлiнiң) жеке куәлiгi растайтын құжат ұсынылған кезде жеке қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

2)порталда:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;

некеге тұру (бұзу) (2008 жылғы 1 маусымға дейiн), отбасы мүшелерiнiң қайтыс болуы (2007 жылғы 13 тамызға дейiн), балалардың тууы туралы куәлiктiң (2007 жылғы 13 тамызға дейiн) электрондық көшiрмесi;

жалғыз тұрғын үйi авариялық жағдайда деп танылса, тиiстi жергiлiктi атқарушы органның анықтамасының электрондық көшермесi ұсынылады;

халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын көрсетiлетiн қызметтi алушылар (жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтiнiш жасаған кезде:

-өтiнiш жасаудың алдында соңғы он екi ай iшiнде отбасының әрбiр мүшесiне шаққандағы табысы туралы анықтаманың электрондық көшермесi қосымша ұсынылады;

мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын көрсетiлетiн қызметтi алушылар өтiнiш жасаған кезде:

-жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманың электрондық көшермесi қосымша ұсынылады;

ғарышкерлiкке кандидаттар, ғарышкерлер:

-Қазақстан Республикасының Үкiметi беретiн, олардың мәртебесiн растайтын құжаттарды ұсынады;

отбасы тұратын тұрғын үй белгiленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы:

-тиiстi уәкiлеттi органдар анықтамасының электрондық көшермесiн қосымша ұсынады.

Портал арқылы өтiнiш жасаған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсетуге арналған сұрауды қабылдау туралы мәртебе көрсетiледi, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiле отырып, хабарлама жiберiледi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi: мемлекеттiк корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ, порталға өтiнiш берген кезде — күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi — кезектiң реттiк нөмiрiн көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама (бұдан әрi — хабарлама) немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк кызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет қоюдан бас тарту үшiн негiз:

1)көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтау;

2)жалғыз тұрғын үйi авариялық деп танылған көрсетiлетiн қызметтi алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен тұрғын үйi авариялық деп танылған елдi мекеннен тыс жерде өтiнiш бiлдiргенiн анықтау;

3)республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемiнде үш жыл тұрғанын растайтын фактiнiң болмауы;

4)егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде:

тұрғын үй-жайын ауыстыру;

оның Қазақстан Республикасының белгiлi бiр елдi мекенiнде орналасуына қарамастан, өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, тұру үшiн жарамды тұрғын үйдi, жергiлiктi атқарушы орган жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынған ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi тұрғын үй кредитi бойынша сатып алынған, кепiл берушiнiң — Қазақстан Республикасы азаматының ипотекалық тұрғын үй бойынша мiндеттеменi орындауға қабiлетi болмаған кезде сатып алғаннан басқа жағдайларда, иелiгiнен шығару;

оның кiнәсiнен тұрғын үйдi бұзу немесе бүлдiру;

тұрған кезiнде оның мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйiнен көшiп кету;

жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызу жолымен өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мұқтажға айналғаны анықталса,

мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай беру үшiн есепке қоюдан бас тартылады.

Баспананы қашан ала аламын?

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес бiрiншi кезекте тұрғын үй алу құқығы ҰОС қатысушыларына ұсынылған, одан кейiн тұрғын үй комиссиясында тапсырылатын тұрғын үй санының жиырма пайызынан кем емес болуы тиiс жетiм балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар квотасы анықталады, ал осыдан кейiн қалған пәтерлер №2, № 3, №4 тiзiмдерiндегi кезектегi адамдар арасында тепе-тең етiп таратылады.

Көрсетiлген тiзiмдерге енгiзiлген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға осы тiзiмдерге енгiзiлген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкiмнiң де басым құқығы болмайды.

Кезектiлiктiң жылжу мерзiмi?

Кезектiң жылжуы тұрғын үйлердi пайдалануға беру және құрылысына қарай, сонымен қатар кезектегiлердiң тiзiмiне түгендеу өткiзу бойынша өтедi.

Жылумен қамсыздандыру

Жылуды есептеу құралын орнату бойынша қайда өтiнiш бiлдiруге болады?

«Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК өтiнiш бiлдiру қажет, жылу желiлерi Ақан серi көшесi, №119, №303 кабинетi мекенжайы бойынша орналасқан

Қандай құжаттар қажет?

Жылу тораптары бастығының атына өтiнiш жазу қажет.

Қызмет көрсету мерзiмi

14 жұмыс күнi iшiнде

Жылу құбырлары мен ыстық су құбырларының жарылысы

Сiздетағы ыстық су тоқтатылды немесе пәтерде жылу жоқ па?

Мұндай жағдайда, сiз, әрине ашулы боларыңыз түсiнiктi. Алайда, бұл көршiңiздiң жұмыс нәтижесiнде орын алуы ықтимал екенiн, мысалы — батарей ауыстыру, немесе жылу тораптарында апат және қалалық қызметтер оның салдарын жою үшiн бәрiн жасап жатқаны жайлыойлауды ұсынамыз. Жылу құбырлары жарылған жағдайда қайда хабарласуға болады, қандай мерзiмдерде олардың қалыпты жұмысы қалпына келтiрiледi, ол туралы бiздiң мақаламыздан одан әрi оқыңыз.

Жылу құбырлары жарылған жағдайда қайта хабарласу керек?

Қоғамдық аумақтарда (көп пәтерлi тұрғын үйлердiң аула аумағы, жолдар және т.б.) жылу құбырлары немесе ыстық су құбырлары жарылған — апатты жағдайдың куәгерi болған кезде, сiз тәулiк бойғы телефон бойынша хабарласа аласыз:

Диспетчерлік қызметКөкшетау қ. ОДҚҚұтқару қызметі Телефоны8 (7162) 40-11-928 (7162) 25-51-998 (7162) 29-78-25112 ДиспетчерлікқызметКөкшетау қаласы

Пәтер немесе үй-жай iшiнде, сондай-ақ кiреберiсте жылу құбыры жарылған жағдайда, сiз өзiңiздiң ПИК апатты қызметiне немесе басқарушы компанияға хабарласа аласыз.

Апатты жағдайды жою

Апатты жағдай туралы дабыл алған кезде жылу тораптарыныңапатты-құтқару диспетчерi залал келтiрiлген жердiң координаттарын (егжей-тегжейлi мекенжайы, бағдарлары және т.б.), егер мүмкiн болса, зиянның сипатын анықтауы қажет. Апатты жағдайлар жөнiндегi диспетчер өтiнiмдi тiркеп, жөндеу тобын апат орнына жiбередi. Жөндеу тобы қауiпсiздiк ережелерiн сақтау үшiн зақымдану алаңын мүкәммал қалқандарымен уақытша қоршайды. Апатты жағдайға байланысты жылумен қамсыздандыру толық немесе iшiнара тоқтатылған тұтынушылар саны туралы ақпаратты, сiз диспетчерлiк қызметтен (8 (7162) 40-11-92, 8 (7162) 25-51-99) бiле аласыз. Жылу тораптарының қатуын болдырмау үшiн көшедегi төменгi температурада жылыту жүйелерiн ұзақ уақыт бойы тоқтату қажет болса, апатты қызмет ПИК-ке жылу суларын толығымен ағызу (босату) қажеттiлiгi туралы телефонограмма жiбередi.

Апатты жағдайды жою мерзiмдерi

Регламентке сәйкес, құбырдың диаметрi мен жұмыс жүргiзу жағдайына қарай апатты жағдайлардыжою келесi мерзiмдерде жүргiзiлуi тиiс:

зақымданудың орнын және сипатын анықтау — 15 минуттан 1 сағат 30 минутқа дейiн;

зақымдануды оқшаулау — 1сағаттан 8 сағатқа дейiн;

авариялы-қалпына келтiру жұмыстары — 1сағаттан 16 сағатқа дейiн;

Жөндеуден кейiнгi жылу желiлерiн iске қосу — 1сағаттан 8 сағатқа дейiн.

Осы мерзiмдерөрескел бұзылған жағдайда, жауапты тұлғаларға қатысты шара қолдану үшiн «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ және Көкшетау қ. ОДҚ 8 (7162) 29-78-25 нөмiрi хабарласуыңызға болады.

Құрылған күні: 23.05.2018 10:38
Жаңартылған күні: 27.07.2018 09:06
Қаралым саны: 1984

Қаз Рус Eng