Тұрғын үй құрылысы

Әлеуметтiк сала құрылысының жобаларын 2018 жылы iске асыру

2018 жылға әлеуметтiк саладағы 69 жобаны жүзеге асыру үшiн, бюджеттен 9 444,7 млн. теңге бөлiндi (РБ — 2589,1 млн.теңге, ОБ — 6 855,6 млн.теңге), оның iшiнде:

- 32 объектiнiң құрылысына 8 035,994 млн.теңге (РБ — 2 589,1 млн.теңге, ОБ — 5466,9 млн.теңге) бөлiндi.

Соның iшiнде, мамыр айында 3 iрi әлеуметтiк объектiнiң құрылыстары басталды:

1. Көкшетау қ. онкология емханасының құрылысы (мердiгерi «Еңбек-Өскемен» ШЖҚ РМК)

2. Бiржан сал ауданы Макинка ауылында арнайы әлеуметтiк қызметтер көрсету орталығын салу (мердiгерi «НИКС Инжиниринг Групп Ив» ЖШС)

3. Сандықтау ауданының Сандықтау қ. «Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №3 балалар үйi» МКМ ғимаратын реконструкциялау» (мердiгерi «УК Строй» ЖШС).

Қалған 29 объект бойынша ағымдағы жылы жасалған келiсiмшарттарға сәйкес пайдалануға беру жүргiзiлетiн болады. Бiрiншi жарты жылдықта Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск қаласында IIБ ғимаратының құрылысы, 2018 жылғы 29 маусымда объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi енгiзiлдi.

Сонымен қатар, 37 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды әзiрлеуге облыстық бюджеттен 1 408,8 млн.теңге бөлiндi.

Тұрғын үйдi пайдалануға беру

2018 жылдың 5 айы бойынша 211,984 мың м2 немесе 2017 жылдың деңгейiне 103,1% тұрғын үй пайдалануға берiлдi. 2018 жылы барлық көздер бойынша тұрғын үйдi пайдалануға енгiзу көлемi 464,7 мың м2.

Қаржыландыру

2018 жылы тұрғын үй құрылысын және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымың дамыту үшiн құрылыс басқармасына 9,7 млрд. теңге бөлiндi, оның iшiнде тұрғын үй құрылысына — 3,7 млрд. теңге (РБ-тен 1,3 млрд.теңге және ОБ-тен 1,1 млрд.теңге, құнды қағаздарды шығару есебiнен 1,3 млрд.теңге) және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына — 6 млрд. теңге (РБ-тен 4,8 млрд.теңге, ОБ-тен 1,2 млрд.теңге).

Құрылған күні: 16.04.2015 16:19
Жаңартылған күні: 11.07.2018 16:17
Қаралым саны: 2766

Қаз Рус Eng