ТКШ

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 2018 жылы 1 сәуiрге
Ақмола облысы бойынша энергетика және ТҮКШ саласында жүзеге асырылған жобалар туралы ақпарат

2015-2018 жылдары «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жылумен, сумен қамсыздандыру және су бұру жүйесiн дамыту үшiн 8 жобаны iске асыруға 16,3 млрд. теңге бөлiндi, оның iшiнде 2015 жылы — 2 721,3 млн. теңге, 2016 жылы — 5 257,9 млн. теңге, 2017 жылы — 4 244,6 млн. теңге, 2018 жылы — 4 125,1 млн. теңге.

3 объект салынып, пайдалануға берiлдi.

 — Ақмола облысы Көкшетау қаласы Қопа көлi жағалауындағы тұрғын үйлерге сыртқы инженерлiк тораптарды реконструкциялау (аумағы 128,9 га учаскеде) (1- кезек), тапсырыс берушi — «Көкшетау жылу» ШЖҚ МКК, мердiгер –«АП Импекс» ЖШС, 2015-2016 жылдарға 1633,4 млн. теңге игерiлдi. Объект пайдалануға берiлдi, 2016 жылдың 14 қазанындағы пайдалануға беру актiсi.

- Ақмола облысы Көшетау қаласы Краный Яр ауылында инженерлiк тораптарға қоса отырып модульдiк қазандық құрылысы, тапсырыс берушi — «Көкшетау жылу» ШЖҚ МКК, мердiгер — «Азияэнергопроектмонтаж» ЖШС. 2015 -2016 жылдарға 898,1 млн. теңге игерiлдi. Объект пайдалануға берiлдi, 2016 жылдың 01 тамызындағы пайдалануға беру актiсi;

- Есiл ауданы Есiл қаласында жылу тораптары бар орталық қазандық құрылысы, тапсырыс берушi «Есильский горкомхоз» ШЖҚ МКК, мердiгер — «Азияэнергопроектмонтаж» ЖШС. 2015-2017 жылдарға 4621,8 млн. теңге игерiлдi. 2018 жылы 2 000,0 млн.теңге бөлiнiп, 1-тоқсанға игерiлуi 278,8 млн.теңгенi немесе бөлiнген қаражаттың 100% -ын құрады

- Ақмола облысы Степногорск қаласының сумен қамсыздандыру және су бұру жүйесiн реконструкциялау. Кварталiшiлiк су құбыры тораптары, тапсырыс берушi — «Степногорск су арнасы» ШЖҚ МКК, мердiгер -«Дорстройтрест» ЖШС. 2016-2017 жылдарға 1 359,2 млн. теңге игерiлдi. Қазiргi уақытта пайдалануға берiлдi, 2017 жылдың 27 желтоқсанындағы пайдалануға беру актiсi;

- Степногорск қаласы Ақсу, Заводской кенттерiнiң сумен қамсыздандыру жүйесiн реконструкциялау, тапсырыс берушi — «Степногорск су арнасы» ШЖҚ МКК, мердiгер — «Бали строй» ЖШС, 2016 жылдың қараша айында 1526,6 млн. теңге бөлiнiп, жылдық жоспардың 100% игерiлдi. 2018 жылы 184,5 млн. теңге бөлiнiп, жылдық жоспардың 100% игерiлдi, игеру кезеңi 2018 жылдың 1 желтоқсаны. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргiзiлуде. Объект 2018 жылы пайдалануға берiледi.

- Степногорск қаласы Шаңтөбе кентiнде қазандық құрылысы, тапсырыс берушi — «Шаңтөбе-энергокомплекс», мердiгер — «Азияэнергопроектмонтаж» ЖШС, 800 млн теңге бөлiндi, 732,5 млн. теңге немесе жылдық жоспардың 91,6% игерiлдi, игеру мерзiмi 2018 жылдың 1 желтоқсанына дейiн. 2018 жылы 288,7 млн. теңге бөлiндi, 1-тоқсандағы жағдай бойынша игерiлуi 278,8 млн.теңгенi немесе жылдық жоспардың 100% — ын құрады. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргiзiлуде. Объект 2018 жылы пайдалануға берiледi.

- Жарқайың ауданы Державинск қаласындағы тазарту имараттарының канализациялық тораптарын реконструкциялау, тапсырыс берушi — «Коммунсервис» ШЖҚ МКК, мердiгер — «Нұр-XXI» ЖШС. 2017 жылы 1200 млн. теңге бөлiнiп, жылдық жоспардың 100% игерiлдi. 2018 жылы 1109,8 млн. теңге бөлiндi, қаржыландыру жоспары бойынша қаражат бөлу ағымдағы жылдың мамыр айында көзделген. Объект 2018 жылы пайдалануға берiледi.

- Ақмола облысы Степногорск қаласы Бұқпа — 305 су тазарту имараттарын реконструкциялау, тапсырыс берушi — «Степногорск су арнасы» ЖШС, мердiгер — «АП-Импекс» ЖШС, 2018 жылы 726,6 млн. теңге бөлiндi. Қаржыландыру жоспары бойынша қаражат бөлу ағымдағы жылдың мамыр айына көзделген. Ауыспалы объект.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттi нақтылау кезiнде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгiне 3 жобаға 1086,1 млн. теңге қаражатқа қосымша өтiнiм жолдады, оның iшiнде:

- Ақмола облысы Ерейментау қаласының №5 қазандығы мен магистральдiк тораптарын реконструкциялау- 832,6 млн. теңге;

- Ақмола облысы Көкшетау қаласы Станционный кентiндегi қазандықты реконструкциялау — 148,1 млн. теңге;

- Астрахан ауданы Жалтыр ауылы «Комхоз» ШЖҚ МКК №3 қазандықты реконструкциялау — 105,4 млн. теңге.

Аталған мәселелер ҚР Энрегетика министрiгi мен «Қазақстандық ТҮКШ орталығы» АҚ қарауында.

Жаңартылатын энергия көздерiнiң жобалары бойынша ақпарат

Ақмола облысының Ерейментау ауданында Индустриализациялау картасының аясында қуаты 45 МВт жел электр станциясы пайдалануға берiлдi. 2015 жылы электр энергиясының өнiмдiлiгi 78,9 млн. кВт/сағ. («Алғашқы жел электр станциясы» ЖШС), 2016 жылы — 141,6 млн. кВт/сағ. (облыста өндiрiлген электр энергиясының жалпы көлемiнiң 17%-ы) құрады, 2017 жылы 166,4 млн. кВт/сағ., 2018 жылғы 1-тоқсанда 43,2 млн. кВт/сағ. өндiрiлдi.

Целиноград ауданының Родина ауылында 2013 жылы қуаты 750 кВт/сағ. жел электр қондырғысы (NEG MICON NM 750 типтi) iске қосылды. Электр өндiру 2015 жылы 1,4 млн. кВт/сағ., 2016 — 1,3 млн. кВт/сағ., 2017 жылы 1,27 млн. кВт/сағ. құрады («Родина» агрофирмасы» ЖШС).

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Арнасай ауылының Вячаслав орта мектебiнде «Ақбота» қоғамдық қоры күн энергиясын пайдаланатын су жылыту батареясы, жарықдиодты жарықтандыру, пиролиздi пеш, жылыжайларда өсiмдiктердi тамшылай суару сияқты жаңа «жасыл» технологиялар орнатты, бұл шағын мектепте (120 оқушы) шамамен 2,5 млн теңге сомасына бюджеттi үнемдеуге мүмкiндiк бердi (пиролиздi пеш 932 мың теңге, су жылытуға арналған күн батареясы 124 мың теңге, жарықдиодты жарықтандыру 814 мың теңге, жылыжай 60 мың теңге).

Ақмола облысында жаңартылатын энергия көздерiн қолдану арқылы келесi жобаларды iске асыру жоспарлануда.

1) Samruk-Green Energy ЖШС қуаты 50МВт «Ерейментау ауданында жел электр станциясының құрылысы». Жоспарланған iске асыру мерзiмi 2021 жыл.

2) «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС Аршалы ауданында қуаты 100МВт жел электр станциясының құрылысы бойынша жобаны iске асыру жоспарлануда (жер телiмi бөлiндi).

3) «КВEnterprises» ЖШС халықаралық компаниясы Целиноград ауданында Қабанбай батыр ауылдық округiнiң шегiнде қуаты 120МВт күн электр станциясының құрылысын жоспарлауда. (300 га жер телiмi бөлiндi).

Энергия үнемдеу

Ақмола облысында барлық салаларда негiзгi энергетикалық ресурстарды үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру бойынша белгiлi бiр жұмыстар атқарылуда.

Ақмола облысының 2016-2020 жылдарға арналған энергия үнемдеу жоспары ҚР Инвестициялар және даму министрлiгiмен келiсiлiп, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 10 қарашадағы № А-12/527 қаулысымен бекiтiлдi.

Бүгiнгi таңда, облыста энергия үнемдеуге бағытталған келесi iс-шаралар жүргiзiлдi: есепке алу құралдары орнатылып ауыстырылды, ескiрген жабдықтар заманауи энергия үнемдеуiш жабдықтарға, қызу шамдары энергия үнемдеуiш шамдарға ауыстырылды, жылумен, электрмен, сумен қамсыздандыру желiлерi жаңғыртылып, реконструкцияланды, бюджеттiк сала ғимараттары мен имараттары термо жаңғыртылды, облыстың қалалары мен ауылдарында көше жарықтары жаңғыртылды.

Өткiзiлген iс-шаралардың нәтижесiнде 2018 жылғы 3 айдағы үнемдеу: электр энергиясы бойынша — 903,1 мың кВт/сағ., жылу энергиясы — 2 мың Гкал, су — 80,3 мың м3.

Облыстың жаңартылғын энергия көздерi арқылы ағымдағы жылдың 3 айында 43,5 млн.кВт/сағ. өндiрiлдi, оның iшiнде:

Ерейментау а. ЖЭС 45МВт — 43,2 млн.кВт/сағ.,

«Родина» ПК ЖЭС 0,75МВт — 0,3 млн.кВт/сағ.

2018 жылғы 16 ақпанда энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы В.Н. Радченконың төрағалығымен «Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру институты» АҚ өкiлдерiнiң, коммуналдық кәсiпорындардың, аудандық ТҮКШ бөлiмдерi басшыларының қатысуымен 2017 жылға арналған жоспарды жүзеге асыру қорытындылары бойынша кеңес өткiзiлдi. Сонымен қатар, Мемлекеттiк энергия ресурстары бойынша және МЭР субъектiлерi ұсынатын есептер жөнiнде түсiнiктемелер берiлдi.

Ақмола облысында көше жарығының жалпы ұзындығы 956,4 км, оның iшiнде энергия үнемдеуiш шамдармен — 416,7 км. 2018 жылы көше жарықтандыруды жаңғыртуға 115 607,4 мың теңге бөлiндi.

Сонымен қатар облыста тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту объектiлерiне энергия аудитi бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. 86 МЭТ субъектiсiне энергия аудитi өткiзiлдi. Халық арасында энергиямен, жылумен, сумен қамсыздандыру мәселелерiн түсiндiру жұмыстары жүргiзiлуде.

Облыстың энергетикалық компанияларының бос қуаттарының болуы туралы ақпаратты келесi сiлтемелерден алуға болады:

http://kokshetau.akmo.gov.kz/page/read/Informaciya_po_svobodnym_mocshnostyam_i_tochkam_podklyucheniya_k_teplovym_setyam.html?lang=kz 

http://www.kokshetau-energo.kz/index.php?id=64 

http://www.arek.kz/ru/potrebitelyam/informaciya-o-zagruzke-podstancij.html 

«Жылу беру маусымын өткiзудiң барысы және отын қорының болуы туралы»

Ақмола облысы бойынша жылу беру маусымы штат режимiнде өтуде. Жылу көздерiнде ақаулар мен техникалық iстен шығуларға жол берiлген жоқ. Бүгiнгi күнi, отын жеткiзу бойынша келесiдей жағдай орын алды.

Көмiр. Коммуналдық кәсiпорындар мен бюджеттiк мекемелер үшiн 103 мың тонна көмiр дайындалды, бұл маусымға жалпы қажеттiлiк 720 мың тонна болған жағдайда, 2 айлық қажеттiлiктiң 189%-ын құрайды (көмiрдiң орташа құны — тоннасына 8500 теңге).

Жылу беру маусымында облыс халқының қажеттiлiгi 662 мың тонна болған жағдайда, тұйықтарда 21,4 мың тонна көмiр бар (халықта 120,5 мың тонна. Халық үшiн дайындау пунктерiнде көмiрдiң бөлшектеп сату орташа бағасы тоннасына 13 000 теңге. Көмiрдiң бағасы 15-20%-ға көтерiлдi).

Көмiрдi жеткiзу аудандардағы отын қоймалары меншiк иелерiмен жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Мазут. Мазут сатып алуға облыстық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлiндi (оның iшiнде а.ж. наурыз айында 197,0 млн. теңге), шарт жасалды. Маусымға қажеттiлiк — 35 мың тонна (28,1 мың тонна жұмсалды, қолда бары — 1,2 мың тонна).

Көкшетау қаласындағы топтық резервуарлы қондырғылардағы ахуал (ТРҚ) туралы ақпарат

Бүгiнгi таңда, Көкшетау қаласында 235 ТРҚ бар, оның iшiнде 109 қондырғы жұмыс iстейдi.

96 ТРҚ коммуналдық меншiкте, 40 жұмыс iстейдi.

«КөкшетауТрансГаз» ЖШС меншiгiнде 105 ТРҚ бар, 60 жұмыс iстейдi.

2014 жылы 34 қондырғы қалпына келтiрiлдi (оның iшiнде 12 –КөкшетауТрансГаз), 2015 жылы 25 ТРҚ (оның iшiнде 12 — КөкшетауТрансГаз), 2016 жылы 12 ТРҚ (барлығы КөкшетауТрансГаз), 2017 жылы 15 ТРҚ (барлығы КөкшетауТрансГаз).

Газбен жабдықтау желiлерiнiң ұзындығы 58 шақырым, көп қабатты 238 тұрғын үй қосылды (12 399 абонент).

Құрылған күні: 25.04.2017 14:24
Жаңартылған күні: 13.04.2018 11:07
Қаралым саны: 4971

Қаз Рус Eng