29.10.2017 аудандық мәслихаттардың депутаттарын сайлау

Шығып қалған мәслихат депутаттарының орындарына
2017 жылғы 29 қазанда сайлау өткiзу қорытындысы туралы
ақпарат

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, 2017 жылғы 29 қазанда шығып қалған аудандық мәслихат депутаттарының орындарына келесi округтер бойынша сайлау өткiзiлдi:

Аршалы аудандық мәслихаты №12 сайлау округi бойынша (Бұлақсай а., Сарыоба а., Сары-Оба ст., Ақжар а., Қостомар а.);

Зерендi аудандық мәслихаты №5 сайлау округi бойынша (Васильковка а., Куропаткино а., Азат ст., Раздольное а., Жамбыл а.).

Шығып қалған аудандық мәслихат депутаттарының орындарына сайлау өткiзуге 15 сайлау комиссиясы қатыстырылды, соның iшiнде: 1 — облыстық, 2 — аудандық аумақтық, 2 — округтiк, 10 — учаскелiк сайлау комиссиялары, 3332 сайлаушы.

Сайлауға дайындық Ақмола облыстық сайлау комиссиясының а.ж. 28 тамыздағы шешiмiмен бекiтiлген негiзгi күнтiзбелiк iс-шаралар жоспарына қатаң сәйкес жүргiзiлдi.

Сайлау учаскелерiнiң шекаралары мен орналасқан жерлерi, аумақтық, округтiк, учаскелiк сайлау комиссияларының құрамдары, сондай-ақ депутаттыққа кандидаттарды ұсыну мен тiркеулер белгiленген мерзiмдерде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Сайлаушылардың тiзiмдерiн өзектiлендiру, сайлау учаскелерiн рәсiмдеу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстары жүргiзiлдi.

Ұсынылған 8 кандидаттың, 7 — еуi тiркелдi.

Кандидаттардың орташа жасы — 37 жас, 2 ұлт өкiлдерi, қазақтар — 6, ұйғыр — 1, ерлер — 7. Барлық кандидаттардың жоғары бiлiмi бар.

4 (57,15%) кандидат мемлекеттiк мекеме қызметкерлерi, 3 — еуi (42,85%) — мемлекеттiк емес сектордан.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 104-бабындағы 6-тармағының 3-1 тармақшасына сәйкес, Аршалы ауданында а.ж. 17 қазанда округтiк сайлау комиссиясы №12 сайлау учаскесi бойынша екi кандидатқа қатысты тiркеудiң күшiн жойды.

Сайлау бюллетенiне 5 кандидат енгiзiлдi.

Сайлау бюллетендерiн учаскелiк сайлау комиссияларына жеткiзу 2017 жылғы 27 қазанда жүргiзiлдi.

Сайлау өткiзуге республикалық бюджеттен 1364 мың теңге бөлiндi.

Сайлау күнi ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету проблемаларын шешу бойынша мониторинг жүргiзу және жедел шешiм қабыдау үшiн облыс әкiмiнiң аппаратында кезекшiлiк ұйымдастырылды.

Сайлаушылардың қатысуы жалпы облыс бойынша, 87,91%, соның iшiнде аудандық мәслихаттарда (Аршалы — 78,77%, Зерендi — 96,17%), құрады.

Сайлау күнi сайлау учаскелерiнде 11 БАҚ, қоғамдық бiрлестiктердiң және кандидаттардың сенiмдi өкiлдерi қатысты, соның iшiнде «Нұр Отан» партиясынан — 3, кандидаттардың сенiмдi өкiлдерi — 4 және БАҚ — 2 бақылаушы.

Сайлаушылар мен бақылаушылар тарапынан сайлау комиссияларының жұмысына шағымдар мен ескертулер түскен жоқ.

Дауыс беру қорытындысы бойынша сайлау округтерiнде мәслихат депутаттары болып «Нұр Отан» партиясының мүшелерiнен кандидаттар сайланды:

Аршалы аудандық мәслихаты:

№ 12 сайлау округi — Әлиев Әли Мухаммедұлы (82,82%) — 1991 жылы туған, Кәсiпкерлер палатасы Аршалы аудандық филиалының директоры;

Зерендi аудандық мәслихаты:

№ 5 сайлау округi — Амирдинов Рафит Навердинович (83,25%) — 1979 жылы туған, «Дихан плюс» ЖШС директоры.

№ 2 нысан

Ақмола облысы бойынша аудандық мәслихат депутатына үмiткерлердi ұсыну туралы
АҚПАРАТ
(Сайлау — 2017 жыл 29 қазан)

2017 жылғы 4 қазанга дейiнгi жағдай бойынша

№р/б Тегі, аты, әкесінің аты Туған күні,айы, жылы ЖСН ұлты білімі,мамандығы Жұмыс орны, лауазымы, телефоны мекенжайы,телефоны Үсынылған күні Тіркелген күні Ұсыну түрі Партияға қатыстылығы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Аршалы аудандық мәслихаты
  № 12 сайлау округі
1. Қабылдинов Бегендік Амангелдіұлы 13.11.1964 641113400660 қазақ жоғары,мал дәрігері Өзін-өзі жұмыспен қамтығанұялы т. 87014705735 Волгодоновка а., үй. тел, 87164423414,ұялы т. 87014705735 18.09.2017 02.10.17 өзін-өзі ұсынған көрсетілмеген
2. Әлиев Әли Мұхаммедұлы 16.04.1991 910350157 қазақ жоғары,математика Ақмола облысы кәсііпкерлерінің палатасы Аршалыфилиалы, директорұялы т. 87787810000 Жібек жолы а.,ұялы т.8778781000 18.09.2017 02.10.17 «Нұр Отан» партиясы Аршалы аудандық филиалы «Нұр Отан» партиясының мүшесі
3 Аманкелді Болатбек Аманкелдіұлы 19.04.1995 950419351684 қазақ жоғары, есеп және аудит «Сарыоба ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бухгалтері (жастар практикасы) Сарыоба а., сот.87781761825 19.09.2017 Тіркеуден бас тартылды 104-б., 6-т., 3-тармақшасы, 4.10.17 ж. өзін-өзі ұсынған көрсетілмеген
4 Құралхан Құрметхан 19.11.1989 891119350149 қазақ жоғары, қазақ тілі мен әдебиеті «Аудандық мәдениет үйі» МКК, Бұлақсай ауылдық клубының меңгерушісі Бұлақсай а. сот.87755035507 19.09.2017 29.09.17 өзін-өзі ұсынған көрсетілмеген
5 Мұқанов Амантай Егінбайұлы 19.05.1957 570519300079 қазақ жоғары, инженер-құрылысшы «Қармыға Кузет Астана» ЖШС,Күзетші Сарыоба ст., сот.87025789644 22.09.2017 29.09.17 өзін-өзі ұсынған көрсетілмеген  
Зеренді аудандық мәслихаты
№ 5 сайлау округі
1. Амирдинов Рафит Навердинович 25.10.1979 791025300468 ұйғыр жоғары, Алматы қ. Абай атындағы МУ, құқық бакалавры «Дихан плюс» ЖШС,директор Куропаткино а., Пионер көшесі 18,ұялы т:87710406699 20.09.2017 28.09.2017 «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы «Нұр Отан» партиясының мүшесі
2 Сегізбаев Бақдәулет Аққозыұлы 12.07.1984 840712350488 қазақ жоғары,экономист Кәсіпкерлер палатасы Зеренді аудандық филиалы, менеджер-консультант Көкшетау қ.,8 март көш., 89/55 25.09.2017 29.09.17 өзін-өзі ұсынған көрсетілмеген
3 Қабдрахман Абылайхан Жаснауиұлы 05.08.1993 930805350908 қазақ жоғары, Қазақстан инженерлік-техникалық академиясы, ақпараттық жүйелер «Зеренді ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ, жастармен жұмыс жөніндегі маманы Зеренді а.,Гагарин көш., 18/2 28.09.2017 02.10.17 өзін-өзі ұсынған көрсетілмеген

Облыстық сайлау комиссиясының хатшысы                                                                                     Г. Глухов

Құрылған күні: 19.09.2017 15:47
Жаңартылған күні: 30.10.2017 17:31
Қаралым саны: 2820

Қаз Рус Eng