Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Ішкі саясат мәселелері

2019 жылғы 1 қаңтарға Ақмола облысында саяси партиялардың 6 облыстық филиалы, екi қоғамдық-саяси бiрлестiк: «Лад» славян қозғалысы РҚБ, «Желтоқсан ақиқаты» патриоттық қозғалысы» РҚБ Ақмола филиалы жұмыс iстейдi.

2018 жылы саяси партиялармен 100-ден астам түрлi форматтағы iс-шаралар өткiзiлдi, атап айтқанда: кездесулер, диалог алаңдарының жиналыстары, «дөңгелек үстелдер», оларға 17 000 адам қатысты.

Ақмола облысының аумағында этнобағдарланған қоғамдық бiрлестiктерден 53 этномәдени бiрлестiк, 3 казак қоғамдық ұйымы: «Дала өлкесi казактарының одағы» РҚБ Ақмола филиалы, Ақмола казак қоғамы, Сiбiр казактарының Ақмола бөлiмшесi жұмыс iстейдi.

2018 жылы казак қоғамдық ұйымдарымен 4 жазғы дала жиындары өткiзiлдi, оларға 200-ден астам адам қатысты. Осы iс-шаралардың барлығы облыстық iшкi саясат басқармасы мен жергiлiктi атқарушы органдар өкiлдерiнiң қатысуымен және бақылауымен өттi.

Саяси партиялардың және қоғамдық қозғалыстардың қызметiне байланысты терiс үдерiстердi оқшаулау мақсатында, 2018 жылы саяси партиялармен, қоғамдық-саяси қозғалыстармен 8 диалог алаңы, «дөңгелек үстелдер», 3 кездесу, оның iшiнде облыс әкiмi М.К. Мырзалиннiң, облыс әкiмiнiң орынбасары А.Е. Мысырәлiмованың қатысуымен Ақмола облысының VIII Азаматтық форумы өттi.

2019 жылғы 1 қаңтарға дейiн Ақмола облысында 644 ҮЕҰ тiркелген, оның iшiнде жұмыс iстейтiнi — 424. 2018 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Қоғамдық даму министрлiгiнiң деректер базасына 283 ҮЕҰ өз қызметi туралы мәлiметтердi ұсынды, бұл 2017 жылмен (181) салыстырғанда 64% артық.

Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс, мемлекеттiк органдардың ҮЕҰ жұмыс жүргiзу нысанының бiрi.

2018 жылға арналған лоттарды құрастыру барысында, iшкi саясат басқармасы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi берген тапсырмаларды, Қазақстан Республикасының VII Азаматтық форумының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның ұсынымдарын, Ақмола облысы үшiн қоғамдық маңызы бар әлеуметтiк жобаларды, сондай-ақ облыстың ҮЕҰ-дан келiп түскен ұсыныстарды басшылыққа алды.

Соңғы 3 жылда жергiлiктi бюджеттен мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қаржыландырудың оң динамикасы байқалады (облыстық, аудандық, қалалық бюджеттер): 2016 ж. — 119,5 млн. тг., 2017 ж. — 374,0 млн. тг, 2018 ж. — 391,0 млн. тг).

2018 жылы Ақмола облысы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде әлеуметтiк жобаларды iске асыруға 567,9 млн.теңге бөлiндi. Облыстық бюджеттен бөлiнген қаражатқа 2018 жылы бағдарламалар әкiмшiлерi, оның iшiнде 35 облыстық басқарма 120 жоба бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асырды.

2018 жылы iшкi саясат басқармасы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде 45 млн.теңге сомасына 14 әлеуметтiк жобаны жүзеге асырды.

Iшкi саяси тұрақтылыққа ықтимал қауiп-қатерлердi анықтау үшiн әлеуметтiк шиеленiс ошақтарын дер кезiнде анықтау бойынша зерттеу жұмысы құрылды.

Iшкi саясат басқармасы жарты жылда бiр рет облыстағы қоғамдық-саяси жағдайды зерделеу мақсатында әлеуметтiк сауалнама жүргiзедi.

Жалпы алғанда алынған әлеуметтiк сауалнаманың деректерiнен аймақтағы әлеуметтiк шиеленiс деңгейi айтарлықтай төмен.

Этносаралық жағдай тұрақты, ұлттық негiздегi қақтығыстар, дiни экстремизмнiң көрiну фактiлерi тiркелген жоқ.

Бұдан басқа, басқарма өңiрдегi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау бойынша облыстың дағдарысқа қарсы штабының, жер заңнамасын сақтау бөлiгiнде жұмыс тобының, терроризм мен экстремизмнiң алдын алу жөнiндегi комиссияның, мемлекеттiк рәмiздер жөнiндегi комиссияның және т. б. жұмысына белсендi қатысады.

Облыста жұмыс iстейтiн 96 БАҚ тiркелген. Оның iшiнде баспа — 79, электрондық — 17 (5 телеарна, 7 кабельдiк теледидар операторы, 3 ақпараттық агенттiк, 2 радио).

Өңiрде 20 жетекшi республикалық БАҚ-тың меншiктi тiлшiлерi жұмыс iстейдi.

Мерзiмдiк және электрондық баспасөзде мемлекеттiк саясаттың басымдылыққа ие бағыттарын және елдегi, өңiрдегi барынша маңызды қоғамдық-саяси және әлеуметтiк-экономикалық уақиғаларды ақпараттық қолдау және жария ету, бекiтiлген Медиа-жоспарлардың негiзiнде жүргiзiлдi.

Құрылған күні: 20.04.2018 15:06
Жаңартылған күні: 16.01.2019 11:17
Қаралым саны: 5565
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75