Ішкі саясат мәселелері

Ақмола облысында а.ж. 1 сәуiрге саяси партиялардың 6 облыстық филиалы, екi қоғамдық-саяси бiрлестiгi: «Лад» славян қозғалысы» РҚБ, «Желтоқсан ақиқаты» патриоттық қозғалысы» РҚБ жұмыс iстейдi.

Жыл басынан берi облыстың саяси партияларымен 100-ден астам түрлi форматтағы iс-шаралар өткiзiлдi, атап айтқанда: кездесулер, диалог алаңдарының жиналыстары, «дөңгелек үстелдер», оларға 11000 адам қатысты.

Ақмола облысының аумағында этнобағдарланған қоғамдық бiрлестiктерден 53 этномәдени бiрлестiк, 3 казак қоғамдық ұйымы, атап айтқанда: «Дала өлкесi казактарының одағы» РҚБ Ақмола филиалы, Ақмола казак қоғамы, Сiбiр казактарының Ақмола бөлiмшесi жұмыс iстейдi.

2017 жылы казак қоғамдық ұйымдарымен 4 жазғы дала жиындары өткiзiлдi, оларға 200-ден астам адам қатысты. Осы барлық iс-шаралар IСБ және жергiлiктi атқарушы органдар өкiлдерiнiң қатысуымен өттi.

Саяси партиялардың және қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiмен байланысты терiс үдерiстердi оқшаулау мақсатында, 2017 жылы саяси партиялармен, қоғамдық-саяси қозғалыстармен 2 кездесу өткiзiлдi, оның iшiнде облыс әкiмi орынбасарының қатысуымен 1 кездесу, саяси партиялардың, ҮЕҰ қатысуымен форум, 8 диалог алаңы, «дөңгелек үстелдер» өткiзiлдi. 2018 жылғы 1-тоқсанда 3 диалог алаңы өттi.

Саяси партиялардың көшбасшыларымен, этнобағдарланған бiрлестiктермен нысаналы жұмыс жүргiзу үшiн, iшкi саясат басқармасы Саяси партиялармен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара әрекет етудiң 2018 жылға арналған жоспарын әзiрледi.

А.ж. 1 сәуiрге Ақмола облысында 644 ҮЕҰ тiркелген, оның iшiнде әрекет ететiнi — 424.

1 сәуiрдегi деректер базасына ұсынылған мәлiметтердiң саны — 283 ҮЕҰ, ол өткен 2017 жылмен (181) салыстырғанда 64%-ға көп.

Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс, мемлекеттiк органдардың ҮЕҰ жұмыс жүргiзу нысанының бiрi.

Соңғы 4 жылда жергiлiктi бюджеттен мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қаржыландырудың оң серпiнi байқалады (облыстық, аудандық, қалалық бюджеттер): 2015 ж. — 149,8 млн. тг., 2016 ж. — 119,5 млн. тг., 2017 ж. — 374 млн. тг. 2018 жылғы 1-тоқсанда — 372 млн. тг).

2017 жылы Ақмола облысы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс аясында әлеуметтiк жобаларды iске асыруға 468,5 млн.теңге бөлiндi. Жыл қорытындысы бойынша 455 млн.теңге жалпы сомасына 92 әлеуметтiк жоба iске асырылды (100%).

2018 жылы Ақмола облысында мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс аясында үкiметтiк емес секторды дамыту үшiн бюджеттiң түрлi көздерiнен 558,2 млн.теңге бөлiндi.

Облыстық бюджеттен бөлiнген қаражатқа 2018 жылы бағдарламалардың әкiмшiлерiмен 111 жоба бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс жүзеге асырылады, сондай-ақ облыстық басқармалармен — 35.

2018 жылы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың аясында iшкi саясат басқармасымен 2017 жылғы 22 лотқа қарағанда 45 млн. теңге сомасына 11 жоба iске асырылатын болады.

2018 жылға лоттарды құрастыру барысында, iшкi саясат басқармасы ҚР Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен берiлген тапсырмаларды, ҚР VII Азаматтық форумының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның ұсынымдарын, Ақмола облысы үшiн қоғамдық маңызы бар әлеуметтiк жобаларды, сондай-ақ облыстың ҮЕҰ келiп түскен ұсыныстарды басшылыққа алды.

Iшкi-саяси тұрақтылықтың ықтимал тәуекелдерi мен қауiптерiн анықтау үшiн, әлеуметтiк шиеленiстiң ошақтарын уақытында анықтау бойынша зерттеу жұмысы құрылды.

Iшкi саясат басқармасымен тоқсан сайын облыстағы қоғамдық-саяси ахуалды зерделеу мақсатында социологиялық сұрау салу өткiзiледi.

Тұтастай алғанда, социологиялық сұрау салудың алынған деректерiнен, өңiрдегi әлеуметтiк шиеленiстiң айтарлықтай төмен екендiгiн көруге болады.

Этносаралық ахуал тұрақты, ұлттық негiздегi даулар, дiни экстремизм көрiнiстерiнiң фактiлерi тiркелген жоқ.

Осыдан басқа, басқарма өңiрде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау жөнiндегi облыстық дағдарысқа қарсы штабтың, жер заңнамасын сақтау бөлiгiнде жұмыс тобының, терроризм мен экстремизмнiң алдын алу жөнiндегi комиссияның, мемлекеттiк рәмiздер жөнiндегi комиссияның және т.б. жұмыстарына белсендi қатысады.

Облыста қолданыстағы 97 БАҚ тiркелген. Оның iшiнде: мерзiмдiк — 80 (65 газет және 15 журнал), электрондық — 17 (5 телеарна, кабельдi теледидардың 7 операторы, 3 ақпараттық агенттiк, 2 радио).

Өңiрде 19 жетекшi республикалық БАҚ-тардың меншiктi тiлшiлерi жұмыс iстейдi.

Мерзiмдiк және электрондық баспасөзде мемлекеттiк саясаттың басымдылыққа ие бағыттарын және елдегi мен өңiрдегi барынша маңызды қоғамдық-саяси және әлеуметтiк-экономикалық уақиғаларды ақпараттық қолдау және жария ету, бекiтiлген Медиа-жоспарлардың негiзiнде жүргiзiлдi.

Интернетте мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруды күшейту жұмысы ұйымдастырылды. Бүгiнгi таңда, 28 газетте Интернет нұсқасы бар, оның iшiнде webpress платформасында — 16 газет.

Құрылған күні: 20.04.2018 15:06
Жаңартылған күні: 20.04.2018 15:06
Қаралым саны: 1834
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng