Құрметті мұғалімдер жəне білім саласының ардагерлері!

Сiздердi кəсiби мерекелерiңiз — Ұстаздар күнiмен шын жүректен құттықтаймын!

Сiздердiң iзгiлiктi еңбектерiңiз қоғамда лайықты құрметке ие болып келедi. Бiздiң елiмiздiң келешегiнiң зияткерлiк жəне адамгершiлiк негiздерiн Сiздер қалыптастырасыздар. Жаһандық бəсекелестiк жағдайларында Елбасы Н.Ə.Назарбаев адам капиталының сапасын жақсартуды Қазақстанның үшiншi жаңғыртуының басым бағыттарының бiрi деп атап көрсеттi.

Бүгiнгi таңда мемлекет бiлiм сапасын арттыру, оны əлемдiк стандартқа сəйкес келтiру үшiн қолдан келген барлық жағдайды жасауда. Ақмола облысы өзiнiң талантты жəне бiлiктiлiгi жоғары педагогикалық қызметкерлерiн орынды түрде мақтан тұтады. Олар жылдам өзгерiп жатқан əлемде жаңа iргелi бiлiмдердi қолдануға қабiлетi мол құзыреттi, əлеуметтiк жағынан жинақы жас адамды тəрбиелеу жөнiнде алға қойылған мiндеттердi табысты шеше бiлуде. 2016-2017 оқу жылының қорытындылары бойынша облыс мектептерiнiң оқушылары халықаралық жəне республикалық кон- курстарда 72 медальға ие болды. 215 түлек «Алтын белгi» белгiсiнiң иегерi атанды. 108 түлек үздiк аттестатқа қол жеткiздi. Мұндай көрсеткiштер олардың тəлiмгерлерiнiң кəсiби шеберлiгiнiң, қажырлы еңбегi мен өз iсiне шын берiлуiнiң арқасында мүмкiн болды.

Бiздiң облыста 158 педагог «Халық ағарту iсiнiң үздiгi» төсбелгiсiмен атап өтiлген, 95 мұғалiмге «Қазақстан Республикасы бiлiм беру iсiнiң құрметтi қызметкерi» атағы берiлсе, 71 оқытушы Ыбырай Алтынсарин медалiмен марапатталған. Бұл наградалар облыстың барлық мұғалiмдер қауымдастығының отандық бiлiм беру жүйесiн дамытуға сiңiрген еңбегiнiң шынайы бағасы болып табылады.

Қымбатты мұғалiмдер! Осы бiр айтулы күнi сiздердiң таңдап алған мамандықтарыңызға адалдықтарыңыз үшiн шынайы алғыс сөзiмдi қабыл алыңыздар. Əсiресе, жас ақмолалықтардың бiрнеше ұрпағын тəрбиелеген педагогикалық еңбектiң ардагерлерiне айрықша ризашылығымды бiлдiргiм келедi. Сiздерге зор денсаулық, өмiрдiң бар жақсылығын, Қазақстан Республикасының игiлiгi жолында сарқылмас күш-жiгер мен жаңа табыстар тiлеймiн!

Құрылған күні: 09.10.2017 16:07
Жаңартылған күні: 09.10.2017 16:33
Қаралым саны: 1133

Қаз Рус Eng