Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы

Туризм

Ақмола облысында туризмнiң
2018 жылғы 1-жарты жылдықтағы дамуы туралы
ақпарат

Демалыс және туризм индустриясы экономиканың басымдылыққа ие салаларының бiрi. Өңiрдiң туристiк кластерiне туризм саласының 700-ден астам кәсiпорны кiредi (275 орналастыру объектiсi, 45 шипажай, 266 жол бойындағы қызмет көрсету объектiлерi, туристiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар 68 туристiк фирма, 3 мемлекеттiк ұлттық табиғи парк: Көкшетау, Бурабай, «Бұйратау», Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы).

Кластердiң мәдени-тарихи сегментi 900 ескерткiштi құрайды, олардың көпшiлiгi мемлекеттiң қорғауында және экскурсиялық бағдарламаларды қамтамасыз ету барысында пайдаланылады. Облыста туроператорлармен нәтижелi жүзеге асырылып жатқан және туристiк маршруттардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген шамамен 80 туристiк маршрут бар. Атап айтқанда, 10 туроператор Ақмола облысының Көкшетау қ., Бурабай, Зерендi, Қорғалжын, Ерейментау және Бiржан сал аудандарындағы тарихи және киелi орындарға туристiк маршруттарды әзiрлеп пайдалануда. Олардың iшiнде 8-i киелi орындар бойынша бекiтiлген бағыттар.

А.ж. 1-тоқсанда статистикалық деректерге сәйкес, орналастыру орындарының саны қордың 4813 нөмiр жалпы сыйымдылығымен 275 бiрлiктi құрайды, бұл жағдайда бiрмезеттi сыйымдылық 11926 кереует-орынды құрайды. Орналастыру орындарымен 1012,7 млн.теңге сомасына қызмет көрсетiлдi, ол өткен жылғы ұқсас кезеңнен 2,3% артық. Қызмет көсретiлген келушiлердiң саны — 58,3 мың адам (өсiм 0,1%).

«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша туризм саласындағы 5 жоба бойынша 11,1 млн.теңге жалпы сомасына гранттық қаржыландыру алынды (40 жаңа жұмыс орны құрылды).

Сертификатталған отельдердiң саны бес есеге өстi (2017 жылы — 4 объект, қазiргi кезде — 20 объект). Жыл соңына дейiн сертификатталғандардың саны 36 отельдi құрайтын болады.

Оның iшiнде: бiр 5* — «Rixos Borovoe» қонақ үйi; алты 4* — «Оқжетпес» шипажайы, «Park House Kokshetau» қонақ үйi, «Алмаз» шипажайы, «Rufus Lodge» бутик қонақ үйi, «Айнакөл» қонақ үйi, «Қысқы спорт түрлерi бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМКК; төрт 3* — «Әлем+» қонақ үйi, «Береке» қонақ үйi, «Green Which Tourist» қонақ үйi, «Алтын күн» қонақ үйi; бес 2* — «Щучинск» шипажайы, «Зеленый Бор» шипажайы, «Нұрсат» қонақ үйi, «Инсар» қонақ үйi, «Әлем» қонақ үйi; төрт 1* — «Астана Нұры» қонақ үйi, «Жансая» қонақ үйi, «Бұланды мұнай базасы» ЖШС, «Көкшетау қонақ үйi» ЖШС.

«Visit Aqmola» туристiк ақпараттық орталығы құрылды. «Бурабай Даму» ЖШС қазақстандық туроператорлармен және қонақ үйлермен тығыз байланыста туристiк пакеттердi қалыптастыру және сату бойынша Call-орталықты iске қосты. Burabay CityPass сандық бағыттаушы кiтапшасын сату басталды.

Туристiк-рекреациялық ресурстардың аттрактивтiлiк деңгейi бойынша облыс аумағын аудандастыру жүргiзiлдi және стратегиялық бағытта қамтылған 4 базалық аймақ айқындалды:

-санаториялы-курорттық аймақ (Щучинск-Бурабай курорттық аймағы);

-Астана маңындағы демалыс аймағы (Аршалы, Ақкөл, Шортанды, Целиноград);

-қасиеттi және қорғалатын аймақ (Қорғалжын және Ерейментау);

-табиғи аймақ (Зерендi, Сандықтау және Бұланды).

Визит-орталығының базасында тарихи-өлкетану мұражайы мен Ботай мәдениетiнiң мұражайы құрылды және «Жайлау» этно-ауылы мен автокемпинг ашылды.

Курорттың отельерлерi 1200 жұмыскердiң демалуына батыс облыстардың 12 кәсiподақ ұйымымен келiсiмшарттар жасасты.

Жыл соңына дейiн Бурабай курортын ЮНЕСКО геопарктерiнiң жаһандық желiсiне номинациялауға өтiнiм енгiзiлетiн болады.

Бурабай курортының тартымдылығын қамтамасыз етуде және бизнестi тарту арқылы жыл бойы жүктеу мақсатында, жаппай туристердi қамтуға бағытталған «Four seasons» тұжырымдамасы iске асырылуда (а.ж. 14 зәкiрлi және 30 уақиғалы iс-шаралар).

Бурабай курортының көше-жол торабын салу және реконструкциялау жұмысы жүргiзiлуде, Астана-Ерейментау тас жолының құрылысы аяқталды, Астана-Қорғалжын тас жолын жөндеу және реконструкциялау жұмысы, 80 шақырымдық Щучинск-Зерендi автожолының құрылысы басталды (жобаның құны 15,4 млрд.теңге).

Қазақстанды туристендiрудiң республикалық картасын әзiрлеу аясында Ақмола облысы бойынша республикалық деңгейде қолдауды қажет ететiн 3 инвестициялық жоба айқындалды («Ақ Бура» курорты, Бурабай тау-шаңғы кешенi, Бурабай к. конгресс-холл).

2018 жылы iске қосылуы жоспарланған 9 жобаның iшiнен а.ж. 1-жарты жылдықта 2,2 млрд.теңге сомасына 2 жоба iске қосылды («Бейбарыс» демалу аймағы (Аршалы ауданы), «Zerenda Park» демалу базасы (Зерендi ауданы)).

Облыс әкiмдi мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ арасында қол жеткiзiлген уағдаластықтың аясында өңiр трассаларында модульдi павильондар орнату жұмысы басталды. Ағымдағы кезеңде автобан бойында «KazWay» 4 павильон орнатылды.

Өңiрде, о.i. «Бурабай» курортында туристiк әлеуеттi iлгерiлету және тартымды iс-шаралармен және уақиғалармен туристердiң демалысын қанықтыру мақсатында, имидж қалыптастыру, сонымен қатар өңiрдiң туризмiн, ел iшiнде, сондай-ақ одан тысқары жерлерде ақпараттық жылжыту жұмысы тұрақты негiзде жүргiзiледi. 2018 жылдың өткен кезеңiнде өңiрдiң туристiк әлеуетiн iлгерiлетуге бағытталған 17 iс-шара өттi, олар: түрлi семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, жәрмеңкелер, фестивальдар, экспедициялар, шетелдiк және ортандық туроператорлар, инвесторлар, БАҚ өкiлдерi үшiн Щучинск-Бурабай курорттық аймағы, Зерендi демалыс аймағы бойынша 3 ақпараттық-жарнамалық тур.

Мақаланы құрған күні 16.04.2015 18:00
Мақаланы жаңартқан күні 18.07.2018 12:29
Қаралым саны: 4784
© 2018. Ақмола облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы
;