Туризм

Ақмола облысында туризмдi дамыту бойынша ақпарат

Демалыс және туризм индустриясы экономиканың басым салаларының бiрi болып табылады. Өңiрдiң туристiк кластерiне туризм саласындағы 700-ден астам кәсiпорын кiредi (287 орналастыру объектiсi, 45 санаторлы-курорттық мекеме, 266 жол бойындағы сервис субъектiсi, туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 68 турфирмалар, 3 мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi «Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау», Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы, «Бурабай даму» ЖШС).

Кластердiң мәдени-тарихи сегментi 900 ескерткiштен тұрады, олардың көпшiлiгi мемлекеттiң қорғауында және экскурсиялық бағдарламаларды қамтамасыз ету кезiнде пайдаланылады.

Облыста туроператорлар табысты iске асыратын және туристiк маршруттардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген 80-ге жуық туристiк бағыт жұмыс iстейдi. Оның iшiнде 10 туроператор Көкшетау, Бурабай, Зерендi, Қорғалжын және Ерейментау аудандары мен Ақмола облысы Бiржан Сал ауданының тарихи және киелi жерлерi бойынша туристiк маршруттарды дайындап, пайдаланады. Оның iшiнде 8 бекiтiлген бағыттар қасиеттi орындар бойынша.

Статистикалық мәлiметтерге сәйкес 2018 жылда орналастыру орындарының саны 287 бiрлiктi құрады, Қордың жалпы сыйымдылығы — 4938 нөмiр, бiр жолғы сыйымдылығы 12562 төсек-орын. Орналастыру орындары 6314,5 млн.теңгеге қызмет көрсеттi, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiнен 11,6% артық. Орналастыру орындарында қызмет көрсетiлген келушiлер саны 338,7 мың адамды құрады.

Сертификатталғандардың қонақ үйлер саны 6 есеге артты: 2017 жылы — 4 — тен 26- ға дейiн (оның iшiнде бiр объект 5*– «Rixos Borovoe» қонақ үйi», алты нысан 4* — «Оқжетпес «емдеу-сауықтыру кешенi» шипажайы, «Park House Kokshetau» қонақ үйi, Алмаз шипажайы, «олимпиадалық спорт түрлерi бойынша орталық» РМҚК қонақ үйi, «Айнакөл» қонақ үйi, «RUFUS LODGE» қонақ үйi, тоғыз нысан 3*– «Алем +» сауықтыру кешенi, «Береке» қонақ үйi, «Green Which Tourist» қонақ үйi, «Золотой кожаный» қонақ үйi, «PARK ELIKTI» ГЛБ қонақ үйi, «Comfort» қонақ үйi, «Нұрлы» қонақ үйi, «Береке» қонақ үйi, «Альтаир» қонақ үйi, жетi объект 2* — «Щучинский» шипажайы, «Зеленый Бор» Шипажайы, «Нұрсана» қонақ үйi, «Insar» қонақ үйi, «Көкшетау» қонақ үйi, «Aurora Garden» қонақ үйi, «Самал» қонақ үйi, үш объект 1* — «Астана Нуры» қонақ үйi, «Жансая» қонақ үйi, «Буланды» қонақ үйi).

Цифрландыруды енгiзу шеңберiнде туристiк ақпараттық орталық Ақмола облысының туристiк әлеуетi туралы жаңа 3 тiлдiк интернет-ресурсын енгiздi — www.visitaqmola.kz, «Visit Aqmola» мобильдi қосымшасы құрылды, оның функциясына өңiрдiң танымал орындарын сканерлеу QR-коды кiредi. Бұл сайт электрондық ақпараттық дүңгiршектермен үйлестiрiлген (Туристiк ақпараттық дүңгiршектер Астанада — «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында, Бурабай кентiнде — «Бурабай Даму» ЖШС визит-орталығы базасында бар, Астанада «Нұрлы жол» вокзалы ғимаратында орнатылған). «Visit Aqmola» мобильдi қосымшасы құрылды, оның функциясына өңiрдiң танымал жерлерiн сканерлеу QR-коды кiредi.

«Visit Aqmola» Call-орталығы iске қосылды (+7 708 801 0000) қазақстандық туроператорлармен және қонақ үйлермен тығыз өзара iс-қимыл жасай отырып, турпакеттердi қалыптастыру және сату бойынша. Сондай-ақ, «Бурабай даму» ЖШС және Зерендi ауданында Call-орталық жұмыс iстейдi.

Өңiрдiң туристiк өнiмiнiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн туристiң «Burabay PASS» ресми картасы (жолсiлтеме, смарт-карта және Beeline SIM-картасы) сатылымға шығарылды. 2018 жылы 2 500-ден астам сатылғаны тiркелген.

Туристiк-рекреациялық ресурстардың аттрактивтiлiк дәрежесi бойынша облыс аумағын аудандастыру жүргiзiлдi және назар аударатын стратегиялық бағыттары 4 базалық аймақ анықталды:

- санаториялық-курорттық аймағы (Щучье-Бурабай курорттық аймағы);

- астана аумағындағы демалыс аймағы (Аршалы, Ақкөл, Шортанды, Целиноград);

- киелi-қорық аймағы (Қорғалжын және Ерейментау);

- табиғи аймағы (Зерендi, Сандықтау және Бұланды).

Визит-орталық базасында тарихи-өлкетану мұражайы және Ботай мәдениетi мұражайы құрылды (2018 жылы мұражайға 5 000-нан астам адам келдi), «Жайлау» этно-ауыл және автокемпинг ашылды.

Курорт отельерлерi батыс облыстарының 12 кәсiподақ ұйымдарымен 1200 қызметкердiң демалуына келiсiм-шарт жасады.

«Asia Water» компаниясы «Gulager Burabay» жаңа емдiк-асханалық суын өнеркәсiптiк өндiрудi жолға қойды.

Бурабай курортының көше-жол желiсiн салу және қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргiзiлуде, Астана-Ерейментау автожолының құрылысы аяқталды, Астана-Қорғалжын автожолын жөндеу және қайта жаңарту басталды. Ұзындығы 80 км Щучинск — Зерендi автомобиль жолының құрылысы аяқталуда (жобаның құны 15,4 млрд.теңге).

Облыс әкiмдiгi мен «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ арасында қол жеткiзiлген келiсiм аясында облыс аумағында халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн 9 «KazWay» модульдiк үлгiдегi сервис павильоны орнатылды.

Бурабай ауданының әкiмдiгi Щучинск қаласының телемұнарасы ауданында «Burabay» ақпараттық-жарықтандыру жазуы орнатылған; Бурабай кентiнде бульварды және жаяу жүргiншi жолымен бiр жолды жайғастыру жүзеге асырылды; Бурабай кентiнiң орталық алаңын абаттандыру бойынша жұмыс жүргiзiлдi (кеспе тастар төселдi, гүлдерге арналған вазондар орнатылды, «street food» тамақтану пункттерi орналастырылды). Кенесары көшесi мен М. Жұмабаев көшесiнiң бойында екi тұрақ аймағы ашылды, Кенесары көшесiнiң бойында «I love Burabay» жазуы және жағажай, велосипедтердi жалға беру пункттерi, дәрiханалар, полиция бөлiмшелерi, емханалар, мұражай және шұғыл көмек көрсету қызметiнiң телефондары туралы ақпарат беретiн көрсеткiштер түрiнде шағын сәулет нысандары орнатылды.

Сондай-ақ, 21 қыркүйекте Көкшетау қаласында «Hotel Plaza» қонақ үй кешенiнде Қазақстандағы алғашқы «Сервис және туризм академиясы» ашылды. Академия табысты кейстер (Horeca Academy´s), мейрамхананың топ-менеджментiнiң мотивациясы (Horeca Academy´s), мейрамхана-қонақ үй бизнесiн басқарудағы қателiктер, сату стратегиялары мысалында теория және практика бойынша бiрқатар тренингтер өткiздi.

2018 жылы жалпы инвестиция сомасы 4,3 млрд. теңге, 340 жұмыс орны ашылған 32 инвестициялық жоба iске асырылды (1 этно-Ауыл,

4 демалыс базасы, 1 ашық бассейн, 1 су аттракционы 5 қонақ үй 10 кафе және т. б.).

2018 жылы басталған 8 инвестициялық жоба бойынша жұмыстар жалғасуда («Тамилла» демалыс аймағының асханасы мен жатын корпусының құрылысы, «Эдем & SPA» сауықтыру кешенi кафесiнiң құрылысы бойынша жұмыстар жүргiзiлуде, «Щучинск» шипажайының 1-2 қабаттарын қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргiзiлуде, «Жекебатыр» шипажайының жаңа жатын корпусының 4 қабатының құрылысы бойынша жұмыстар жүргiзiлуде, «Цой» ЖК қонақ үй кешенiнiң iшкi әрлеуi жүргiзiлуде, тапсырыс берушi — «Зерновая индустрия — Астана» ЖШС қонақ үй құрылысы бойынша жұмыстар жүргiзiлуде, «Демеу қоры» тапсырыс берушi — қонақ үй кешенiнiң құрылысы жүргiзiлуде, «Золотой Фазан» кешенiн пайдалануға беру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде).

«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша туризм саласындағы 5 жоба бойынша жалпы сомасы 11,1 млн.теңгеге гранттық қаржыландыру алынды (40 жаңа жұмыс орны құрылды).

«Four seasons» күнтiзбелiк iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында 2018 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысы аумағында 28 iс-шара өткiзiлдi,оның iшiнде 24 зәкiрлi және 4 оқиғалы. Өткiзiлген iс-шараларға қатысушылардың жалпы қамтылуы 20 000-нан астам адамды құрады.

Өңiрдiң туристiк әлеуетiн iлгерiлетуге бағытталған 27-ден астам iс-шаралар өткiзiлдi, бұл түрлi семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, жәрмеңкелер, фестивальдар, экспедициялар, шетелдiк және қазақстандық туроператорлар, инвесторлар, Щучье-Бурабай курорттық аймағы, Зерендi демалыс аймағы бойынша БАҚ өкiлдерi үшiн 12 ақпараттық-жарнамалық тур.

Құрылған күні: 16.04.2015 18:00
Жаңартылған күні: 19.04.2019 12:34
Қаралым саны: 10086
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус