Жұмысқа орналастыру (мемлекеттік қолдау шаралары, бос лауазымдық орындар туралы хабарлама)

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау

2018 жылғы 1-тоқсанның қорытындылары бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,8% құрады, жастар жұмыссыздығының деңгейi — 3,0 %.

Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 7,0 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендердiң жалпы санынан 80,4% құрады.

Қоғамдық жұмыстарға 1691 адам жiберiлдi.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 941 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 847 адам (90,0%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 33 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 1913 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 240 адам жұмысқа орналастырылды, соның iшiнде тұрақты жұмысқа 158 адам орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 51 адамға жолдама берiлдi, әлеуметтiк жұмыс орындарына 20 адам, жастар практикасына 11 адам жiберiлдi.

2018 жылғы 5 айда облыста 5563 жаңа жұмыс орны немесе жылдық жоспардан 49,9 % (11 140) ашылды, соның iшiнде 3403 тұрақты орын, олардың iшiнде 1150 ауылдық жерлерде. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны Көкшетау қаласында ашылды (891).

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы

«Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсiби бiлiмiмен және қысқа мерзiмдi оқытуымен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты аясында техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 2665 адамды, оның iшiнде:

- жоспар бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйгiнен бастап оқуға кiрiсетiн, техникалық және кәсiптiк бiлiммен 1190 адамды қамту;

-қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 1475 адамды қамтамасыз ету жоспарлануда.

2018 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен 1280 адам қамтылды.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыты шеңберiнде жұмыспен қамту шараларымен 2297 адамды, соның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту 1927 адам, 1 маусымдағы жағдай бойынша 1055 адам оқумен қамтылды немесе 55% құрады.

- ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында, 370 азаматқа 2,7 млрд. теңге сомасына несие берудi қамтамасыз етуi жоспарлануда.

«Халықтың жұмыспен қамтуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарын жұмылдыру арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты аясында жоспардағы 3284 адамға белсендi жұмыспен қамту шараларымен 2460 адам, соның iшiнде:

- қоғамдық жұмыстарға 1691 адам (жоспар 2238);

- әлеуметтiк жұмыс орындарына 545 адам (жоспар 520), олардың iшiнде 2018 ж. жаңа жинағы 495 адам (жоспар 470), 2017 ж. жалғастырушы 50 адам;

- жастар тәжiрибесiне 224 адам жiберiлдi, (526) олардың iшiнде 2018 ж. жаңа жинағы 214 адам (жоспар 416), 2017 ж. жалғастырушы 10 адам, Көкшетау қаласының жергiлiктi бюджет шеңберiнде 41 адам (жоспар 100) жiберiлiп қамтамасыз етiлдi.

Құрылған күні: 15.04.2015 16:43
Жаңартылған күні: 12.07.2018 11:22
Қаралым саны: 3858

Қаз Рус Eng