Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы
Көлік

Ақмола облысының көлiк инфрақұрылымы
Көкшетау әуежайының ұшу кестесі
2019 жылғы 30 мамырдан бастап 2019 жылғы 10 казанға дейін

МАРШРУТ А/К Рейс номері ӘК түрі Жөнелту пунктінен ұшып шығу уақыты Көкшетау а/ж келу Көкшетау а/ж ұшып шығу Межелі пунктке келу Орындалу күндері
Алматы-Көкшетау-Ақтау Scat DV(VSV)759/780 CRJ200 17:30 19:30 20:20 22:45 Бейсенбі
Алматы-Көкшетау-Ақтау Scat DV(VSV)759/780 CRJ200 18:20 20:20 21:00 23:20 Сенбі
Ақтау-Көкшетау-Алматы Scat DV(VSV) 779-760 CRJ200 10:00 12:15 13:00 14:55 Жұма
Ақтау-Көкшетау-Алматы Scat DV(VSV)779-760 CRJ200 10:25 12:40 13:15 15:10 Жексенбі
Мәскеу-Көкшетау-Мәскеу ИрАэро IO681-IO682 SU100 00:5003:50 07:05 08:00 08:0011:00 Жексенбі

Тарифтер: Алматы – ересектерге 18000 т. Ақтау – 20000 т. балалар билеті – ересек билеттің 50%. Мәскеуге 50,000. Алматы Ақтау Әуелбеков к., 166 Трансавиа/Мәскеу Абай, 123 Примера р,

Авиабилеттерді сатып алу мәселесі бойынша тел.: 8 (716-2) 40-19-40, 33-50-59, 72-27-00

Анықтама: 51-04-43

Диспетчер: 51-82-66

Авиакассалары телефондары: Көкшетау 40-19-40, 76-20-82, 31-00-31 Мәскеу 72-27-00, 70-02-02, 25-33-22

Автомобиль жолдары

Ақмола облысының жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 5626 шақырымды құрайды, оның iшiнде облыстық маңызы бар – 2661 км, аудандық маңызы бар – 2965 км.

2019 жылы басқармаға 19,7 млрд. теңге сомасында қаражат бөлiнген болатын, оның iшiнде: республикалық бюджеттен – 13,1 млрд. және жергiлiктi бюджеттен – 6,6 млрд. теңге, бұл 2018 жылы бөлiнген қаражаттан 6,8 млрд. теңгеге немесе 64,9%-ға көп.

Осы қаражаттың есебiнен 54 жобаны жүзеге асыру, 7 бағдарлама аясында жергiлiктi маңызды автомобиль жолдарын, қала және елдi мекен көшелерiн жөндеу бойынша 11 жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеу қажет:

Астана қаласына iргелес елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған кешендi iс-шаралар жоспары; «Ауыл ел-бесігі» арнаулы жобасы; Нұр-Сұлтан қаласы шетінің әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымын дамыту; Көкшетау қаласындағы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы; Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту; Моноқалаларды дамыту; 2020 жылға дейiн өңiрлердi дамыту бағдарламасы;

Осы бағдарламалардың аясында 403,9 км жергiлiктi маңызы бар жолдарды жөндеу қарастырылды, оның iшiнде: салу және реконструкциялау – 58,5 км, күрделi және орташа жөндеу – 286,2 км, ағымдағы жөндеу – 59,2 км.

Жолаушылар көлiгi

Ақмола облысының аумағында жолаушыларды автомобиль көлiгiмен тасымалдау 212 тұрақты маршрутта жүзеге асырылады, оның iшiнде 63 – қала iшiлiк, 31 – қаламаңы, 59 – облыс iшiлiк қалааралық, 33 – аудан iшiлiк, 19 – облыс аралық және 7 – халықаралық маршрут.

Қалалық автобус маршруттарының қоғамдық көлiгiнде жүру құны 60-тан 100 теңгеге дейiн соманы құрайды, (60 теңге Державинск қ., Шортанды к., Степногорск қ.,70 теңге Макинск қ., Ақкөл қ., Степняк қ., 80 теңге Көкшетау қ., Атбасар қ., Щучинск қ., 90 теңге Ерейментау қ., Целиноград ауданында,100 теңге Есiл қ.,Балкашино а.) тұрақты облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысаралық) автобус маршруттарында 1 жолаушы/км 6,5-тен 10 теңгенi құрайды.

3 автовокзал (Көкшетау қ., Щучинск қ., Степногорск қ.), 2 автостанция (Атбасар қ., Макинск қ.), 6 жолаушыларға қызмет көрсету пунктi (Ақкөл қ., Астраханка а., Степняк қ., Ерейментау қ., Есiл қ., Жақсы к.) жұмыс iстейдi.

Жолаушыларға қызмет көрсетудiң жаңа пункттерiн ашу бойынша жұмыс жүргiзiлуде. Атап айтқанда, 2018 жылы Жақсы қ. жолаушыларға қызмет көрсету пунктi ашылды.

2018 жылы Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының аясында автобус қатынасымен қосымша 19 елдi мекен қамтылды, бұл «Жолаушылар автокөлiгi қатынасымен қамтылмаған елдiмекендер үлесi» АДБ 12% жоспарлы индикаторына қолжеткiзуге мүмкiндiк бердi. Жыл қорытындысы бойынша халқының саны 100 адамнан артық 499 елдi мекен iшiнен 440 немесе 82,2% жолаушылар автокөлiк қатынасымен қамтылды.

Көрсеткiшке 11 жаңа автобус бағдарын ұйымдастыру және қолданыстағы 2 бағдарды ұзарту есебiнен қол жеткiзiлдi.

Тұрақты автобус маршруттарында жұмылдырылған жылжымалы құрамды тасымалдаушымен жаңартуды ынталандыру мақсатында, тасымалдаушымен уақытылы автобустар мен шағын автобустарды жаңартқан жағдайда, шарттың мерзiмiн 10 жылға ұзарту көзделген.

Қазiргi уақытта, тұрақты маршруттарда жұмылдырылған жылжымалы құрам шамамен 750 бiрлiктi (автобустар мен шағын автобустар), оның iшiндегi пайдалану мерзiмi 7 жылдан асқан құралдарының үлесi – 614 көлiк, 81,8% құрайды.

2019 жылғы І жартыжылдықтағы автомобиль көлiгiмен 714 485,4 мың адам тасымалданды (өткен жылғы тиiстi кезеңiне 106,1%).

Жолаушылар айналымы 3 116,1 млн. жкм. құрады (өткен жылғы тиiстi кезеңiне 101,1%).

Көкшетау қ. әуежайынан 3 746 жолаушы ұшты, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 55% артық.

Ұшақтардың ұшу саны 130 бiрлiктi құрады, бұл 2018 жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 30 бiрлiкке артық.

Әуежаймен 71,5 тонна жүк, багаж және пошта өңделдi, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 24,5 тоннаға артық.

Басқармамен 6 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi («Өздiгiнен жүретiн шағын көлемдi кемелердi жүргiзу құқығына куәлiктер беру», «Жолаушыларды облыс аралық қалааралық, ауданаралық (облыс iшiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйесiз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйелi тасымалдау қызметiмен айналысу құқығын ие болу үшiн лицензия беру», «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру», «Қызмет өңiрiшегiнде механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеру денөткiзу кестесiн келiсу», «Ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк), ауданiшiлiк, қалалық (ауылдық) және қаламаңындағы қатынастарда әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыру мен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау», «Тұрақты республика iшiлiк – автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлiк беру» қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.04.2019 жылғы № 217 қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізілімінен шығарылды.

2018 жылдың І жартыжылдықтағы басқармамен 23 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi:

- «Жолаушыларды облыс аралық қалааралық, ауданаралық (облыс iшiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағынавтобустармен жүйесiз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйелi тасымалдау қызметiмен айналысу құқығын ие болу үшiн лицензия беру» – 2;

- «Қызмет өңiрiшегiнде механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу кестесiн келiсу» – 10;

- «Тұрақты республика iшiлiк – автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлiк беру» – 10;

- «Өздiгiнен жүретiн шағын көлемдi кемелердi жүргiзу құқығына куәлiктер беру» – 1.

Басқармаға мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы мен мерзiмдерiнiң бұзылуына қатысты шағымдар келiп түскен жоқ.

Құрылған күні: 16.04.2015 16:11
Жаңартылған күні: 25.07.2019 17:29
Қаралым саны: 9725
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75