Көлік

Ақмола облысының көлiк инфрақұрылымы

Автомобиль жолдары

Ақмола облысының жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 5626 шақырымды құрайды, оның iшiнде облыстық маңызы бар — 2661 км, аудандық маңызы бар –2965 км.

2018 жылы Басқармаға 12,8 млрд. теңге сомасында қаражат бөлiнген болатын, оның iшiнде: республикалық бюджеттен — 5,1 млрд. теңге және жергiлiктi бюджеттен — 7,7 млрд. теңге, бұл 2017 жылы бөлiнген қаражаттан 400 млн. теңгеге немесе 3,1%-ға көбiрек.

Осы қаражаттың есебiнен 54 жобаны жүзеге асыру, 3 бағдарлама аясында жергiлiктi маңызды автомобиль жолдарын, қала және елдi мекен көшелерiн жөндеу бойынша 40 жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеу және түзету жоспарланған:

• Мүгедектердiң өмiр сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi жоспар;

• Астана қаласына iргелес елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2020 жылға дейiн арналған кешендi iс-шаралар жоспары;

• 2020 жылға дейiн өңiрлердi дамыту бағдарламасы.

Осы бағдарламалардың аясында 476,5 км жергiлiктi маңызы бар жолдар жөнделдi, оның iшiнде: құрылысы мен реконструкциялау — 7,7 км, күрделi және орташа жөндеу — 151,8 км, ағымдағы жөндеу — 317 км. Сонымен қатар, облыстық маңызы бар автожолдарда 42 су өткiзу құбырлары жөнделдi, сондай-ақ «Атбасар-Сочинское» автожолындағы апатты көпiр күрделi жөндеуден өттi.

2019 жылы Басқармаға 15,3 млрд. теңге сомасында қаражат бөлiнген болатын, оның iшiнде: республикалық бюджеттен — 9 млрд. теңге және жергiлiктi бюджеттен — 6,3 млрд. теңге.

Осы қаражаттың есебiнен 43 жобаны жүзеге асыру, 3 бағдарлама аясында жергiлiктi маңызды автомобиль жолдарын, қала және елдi мекен көшелерiн жөндеу бойынша жоспарланған:

• Астана қаласына iргелес елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2020 жылға дейiн арналған кешендi iс-шаралар жоспары;

• 2020 жылға дейiн өңiрлердi дамыту бағдарламасы.

• Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту бағдарламасы;

Осы бағдарламалардың аясында 293 км жергiлiктi маңызы бар жолдарды жөндеу қарастырылды, оның iшiнде: 11 учаскiсiн салу және реконструкциялау — 24,2 км, 24 учаскiсiн күрделi және орташа жөндеу — 218,6 км, ағымдағы жөндеу — 50 км.

 

Ақмола облысының аумағында жолаушыларды автомобиль көлiгiмен тасымалдау 212 тұрақты маршрутта жүзеге асырылады, оның iшiнде 63 — қалаiшiлiк, 31 — қаламаңы, 59 — облысiшiлiк қалааралық, 33 — ауданiшiлiк, 19 — облысаралық және 7 — халықаралық маршрут.

Қалалық автобус маршруттарының қоғамдық көлiгiнде жүру құны 60-тан 100 теңгеге дейiн соманы құрайды, (60 теңге Державинск қ., Шортанды к., Степногорск қ.,70 теңге Макинск қ., Ақкөл қ., Степняк қ., 80 теңге Көкшетау қ., Атбасар қ., Щучинск қ., 90 теңге Ерейментау қ., Целиноград ауданында, 100 теңге Есiл қ., Балкашино а.) тұрақты облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысаралық) автобус маршруттарында 1 жолаушы/км 6,5-тен 10 теңгенi құрайды.

3 автовокзал (Көкшетау қ., Щучинск қ., Степногорск қ.), 2 автостанция (Атбасар қ., Макинск қ.), 6 жолаушыларға қызмет көрсету пунктi (Ақкөл қ., Астраханка а., Степняк қ., Ерейментау қ., Есiл қ., Жақсы к.) жұмыс iстейдi.

Қазiргi уақытта, облыстың автовокзалдары мен автостанцияларын бiрыңғай белгiленген талаптар мен стандарттарға сәйкестендiру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Соған сәйкес мүмкiндiктерi шектеулi тұлғалар үшiн кедергiсiз қол жеткiзуiн қамтамасыз ету және терроризмге қарсы қауiпсiздiк талаптарына сәйкестендiру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Жолаушыларға қызмет көрсетудiң жаңа пункттерiн ашу бойынша жұмыс жүргiзiлуде. Атап айтқанда, 2018 жылы Жақсы к. жолаушыларға қызмет көрсету пунктi ашылды.

2018 жылы Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының аясында автобус қатынасымен қосымша 19 елдi мекен қамтылды, бұл «Жолаушылар автокөлiгi қатынасымен қамтылмаған елдi мекендер үлесi» АДБ 12% жоспарлы индикаторына қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi. Жыл қорытындысы бойынша халқының саны 100 адамнан артық 499 елдi мекен iшiнен 440 немесе 88,2% жолаушылар автокөлiк қатынасымен қамтылды.

Көрсеткiшке 11 жаңа автобус маршрутын ұйымдастыру және қолданыстағы 2 маршрутты ұзарту есебiнен қол жеткiзiлдi.

Тұрақты автобус маршруттарында жұмылдырылған жылжымалы құрамды тасымалдаушымен жаңартуды ынталандыру мақсатында, тасымалдаушымен уақытылы автобустар мен шағын автобустарды жаңартқан жағдайда, шарттың мерзiмiн 10 жылға ұзарту көзделген.

Қазiргi уақытта, тұрақты маршруттарда жұмылдырылған жылжымалы құрам шамамен 750 бiрлiктi (автобустар мен шағын автобустар), оның iшiндегi пайдалану мерзiмi 7 жылдан асқан көлiк құралдарының үлесi 87,8% құрайды.

2018 жылы облыс көлiгiмен 1 652,2 млн. адам тасымалданды (өткен жылғы тиiстi кезеңге 100,5%).

Жолаушылар айналымы 7 401,0 млн. км. құрады (өткен жылғы тиiстi кезеңiне 101,6%).

Көкшетау қ. әуежайынан 10 625 жолаушы ұшты, бұл 2017 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 3% кем.

Ұшақтардың ұшу саны 331 бiрлiктi құрады, бұл 2017 жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 122 бiрлiкке кем.

Әуежаймен 216 тонна жүк, багаж және пошта жөнелтiлдi, бұл 2017 жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 2,8 тоннаға артық.

Басқармамен 6 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi: «Өздiгiнен жүретiн шағын көлемдi кемелердi жүргiзу құқығына куәлiктер беру»; «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйесiз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйелi тасымалдау қызметiмен айналысу құқығын ие болу үшiн лицензия беру»;

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру»; «Тұрақты республикаiшiлiк — автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлiк беру»; «Қызмет өңiрi шегiнде механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу кестесiн келiсу»;

«Ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк), ауданiшiлiк, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау».

2018 жылы басқармамен 48 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi:

- «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйесiз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жүйелi тасымалдау қызметiмен айналысу құқығын ие болу үшiн лицензия беру» — 4;

- «Қызмет өңiрiшегiнде механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу кестесiн келiсу» — 12;

- «Тұрақты республикаiшiлiк — автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлiк беру» — 32.

Басқармаға мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы мен мерзiмдерiнiң бұзылуына қатысты шағымдар келiп түскен жоқ.

Құрылған күні: 16.04.2015 16:11
Жаңартылған күні: 18.04.2019 18:12
Қаралым саны: 8897
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус